Тәрбие сағаты Алтын күз2015ж

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз.

Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам.

Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жоқ.

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе -сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән «Күз»

Аділхан Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!

Айгерім Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?

Диар Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма, осы ма күз деген

Бақшаға баратың бізбенен

Сабина Сары теңге жапырақ,

Бояған ба көл бетін?

Тоңазыпты топырақ,

Ызғарлы екен жел де тым.

Артём Кездескен сон күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын

Жүргізуші: «Қолшатыр» биі ( Айгерім, Айлана, Роза)

Ақерке Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты.

Батырхан Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Роза О, алақай, тамаша,

Шашу шашады жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

Кәусар Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.


Элина Көбейді құт-береке

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Полина

Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның.

Айша Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ирина Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Қаби Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз.

Аяжан Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқар күз.

Самира: Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді.

Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ойын «Кім жылдам»

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)

Алмұрт Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың. Айым

Жүзім Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім . Альжан

Өрік Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін. Лаура

Алма Мен алмамын, алмамын

Тандайда қалар бәр дәмім. Алина

Күз: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенің табу.

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік «Ұйқасын тап» ойыны

1.Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе

Аузынан кетпес бал дәмі

Онын аты (шабдалы)

2. Кіп-кішкене болса да,

Ағаштың басын иеді.

Жемістерін аиырып,

Танисын ба? (шиені )

3. Жапырақты тасалап,

Өсетін жері-бақша-бақ

Күрен қызыл шіркін-ай

Оның аты…(танқұрай )

«Шалқан» -орыс халық ертегісі

«Алтын күз» өленің тамашалыныздар

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болындар, балалар,

Келгенше жыл айналып

Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!


Күз туралы тақпақтар

Ой, балалалар, балалар Алақай, алақай,

Қоңырқай күз болыпты Шаттанды балақай

Қурап жапырақ салыпты Береке -салты күз

Ел егін орыпты Мереке- алтын күз!

Күзгі жапырақтар

Келді күз. Алтын,сары,қызыл, көк....

Санай бер, Алуан-алуан жапырақ.

Қарай бер, Күзгі бақта күлімдеп

Бояуы жүз көз тартады атырап

Келді күзі

Е.Ерботин

Күз

Қыс құнар береді,

Күзім -ау, күзім-ау Көктем дән себеді.

Мінезің бұзық-ау. Жаз бастап өсірсе,

Жаңбырың сіркіреп, Күз жинап береді.

Келгенің қызық-ау!

Қ.Ыдырысов

Жемістер жыры

Өрік

Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың. Мен өрікпін,өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Жүзім

Алма

Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім. Мен алмамын,алмамын,

Таңдайда қалар бар дәмім.



© 2010-2022