1-желтоқсан тұңғыш президент күні

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 - желтоқсан тұңғыш президент күні

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран

Төрбиеші Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.

Бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық.
Әнұран айтылады.

Сұрақтар қойылады;

1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай?
2. Біздің Елбасымыз кім?
3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?

4. Біздің тіліміз қандай?

Тәрбиеші:

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды

-Мемлектеттік рәміздерді білеміз бе?

Тақтада ілініп тұрған рәміздерді көрсетіп атауларын айту керек.

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады.

Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған - суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

-Енді біз өзіміздің көк туымызды жапсырайық. Тәрбиеші балаларға жапсыру тәсілдерін көрсетеді.

Балаларға көмектесіп , ұқыпты жасауларын бақылайды.

-Ал енді балалар сендер бойларыңды бір сергітіп алайық

Үнтаспадан әуен қойылады:Аяқпенен топ-топ

Ақылменен хлоп- хлоп

Бір оңға бір солға

Айналайық кел мұнда

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық

Бір оңға ,бір солға

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары

Қиын емес секіру

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

Ойын «Ғажайып қалта»

Ойын шарты : қалтаның ішіндегі шыққан заттарды атау мысалы: Ту ,Елтаңба, Бәйтерек , Астана ,Нұрсұлтан Әбішұлы

Жарайсыңдар балалар сендер бүгін тәрбие сағатына жақсы қатыстыңдар.Жақсы қатысқандарың үшін менің сендерге арналған сыйлығым бар.Балаларға жалаушалар таратылып беріледі.



© 2010-2022