Кеңес: Денсаулық сақтаудың педагогикалық технологиялары

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Денсаулық сақтаудың педагогикалық технологиялары

Белгілі бір уақыттың жұмсауын талап ететін сауықтыру-шынықтыру және емдік рәсімдерді өткізу кезінде күн режимінің бұзылмауы:серуендеу,күндізгі ұйқы ұзақтығының қысқармауы,ойындарға,дербес қызметке немесе тамақ ішуге бөлінген уақыттың бұзылмауы үшін тиісті шаралар қабылдау қажет.Бұған бүкіл сауықтыру үрдісін ұтымды ұйымдастыру жағдай жасайтын болады,ол рәсімдердің кезектілігі,үйлесуін,олардың өткізудің ұзақтығын,сондай ақ рәсімдерге балалардың жақсы дайындалғанын қамтиды.

Балаларды сауықтыру жөніндегі шаралар мынадай бағыттар бойынша өткізіледі:

-мамандардың денсаулықтың жай-күйіне кешенді диагностика мен зерттеу жүргізуі;

-қозғалғыштық қызметті ұтымды ұйымдастыру;

-жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып,сатылар бойынша тиімді шынықтыру жүйесі;

-емдеу-алдын алу жұмысын жүзеге асыру;

- іс-тәжірибеде сыналаған және дәстүрлі емес сауықтырудың рұқсат етілген әдістерін пайдалану;

- психологиялық-гигиеналық шаралар кешені; тек

-оңалту және түзетімдеу жұмысы;

-кеңес беру-ақпараттық жұмыс.

Сауықтыру,санитарлық-гигиеналық және алдын алу шараларын психолог, медицинарлық қызметкерлер,тәрбиешілер дене шынықтыру жөніндеге нұсқаушы жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау педагогикалық технологиялардың мынадай түрлері бар:

Денсаулық сақтау мен ынталандыру технологиялары

Стретичинг.енжар тұрпатты жәнежалпақ табанды балаларғаұсынылады. Бұлшық еттерге түсетін пропорциялы емес жүктемеден қауыптану қажет.

Ырғақты пластика.Дене жүктемесінің көркемдік құндылығына, шамасына және оның бала жасының көрсеткіштеріне өлшемдестігіне назар аудару керек.

Серпіндік үзілістер.Барлық балалар үшін шаршап шалдығудың алдын алу ретінде ұсынылады.Көздерге арналған гимнастика,тыныс алу гимнастикасы, және сабақ түріне байланысты басқа да элементтерді қамтуы мүмкін.

Қозғалғыштық және спорттық ойындар.Ойындар баланың жасына, ойындар өткізілетін орын мен уақытқа сәйкес іріктеледі.Мектепке дейінгі ұйымда тек спорттық ойындардың элементтерін пайдаланамыз.

Релакция.Байсалды классикалық музыканы ,табиғат дыбыстарын пайдалануға болады.

Эстетикалық бағыттағы технологиялар

Сабақтарда МДҰ бағдарламасы бойынша,сондай-ақ арнайы жоспараланған шаралар графигі бойынша жүзеге асырылады. Отбасы мен жұмыстың,балаларға эстетикалық талғамды дарытудың маңызы зор.

Гимнастикалар:

- саусақтық (кез келген қолайлы уақытта өткізіледі);

-көзге арналған (көрнекі материалды,педагогтың көрсетуін пайдалану ұсынылады.);

-тыныс алушылық (үй-жайды желдетуді қамтамасыз ету,рәсімді өткізудің алдында балаларға мұрын қуысының міндетті гигиенасы туралы нұсқаулықтар беру.);

-сергітуші (керуеттегі жаттығулар,мұхият жуыну;қырлы таяқшалармен жүгіру;МДҰ жағдайна байланысты үй-жайлардағы температура айырмашылығымен жатын бөлмеден топқа қарай жеңіл жүгіру);

-түзетімдеуші (өткізу формасы қойылған міндеттер мен балалар контингентіне байланысты болады.);

-ортопедиялық (табанның тірек күмбезі ауруларының алдын алу ретінде)

Салауатты өмір салтына үйрету технологиялары

Дене шынықтыру сабағы. МДҰ жұмыс істейтін бағдарламаға сәйкес өткізіледі.Сабақтың алдында үй- жайды жақсы желдету қажет.

Проблемалық- ойындық.Сабақ бала үшін байқаусыз,педагогтың ойындық қызметке қосылуы арқылы ұйымастыруы мүмкін.

Қатынас-байланыстық ойындар.Сабақ белгілі бір сұлба бойынша құрылады және бірнеше бөліктен тұрады:әңгімелесулер қозғалғыштықтың әр түрлі дәрежесіндегі этюдтер мен ойындар,сурет салу,жапсырмалау сабақтары және басқалар.

«Денсаулық» сабақтары.Сабақтар кестесіне танымдық даму мақсатымен қосуға болады.

Өзіндік массаж.Балаларға рәсімнің байыптылығын түсіндіру және балаларға өз ағзасына қалайша зиян келтірмеуге болатыны туралы қарапайым мәліметтер беру қажет.

Нүктелік өзінді массаж.Қатаң түрде арнаулы әдістеме бойынша өткізіледі.Балаларға жиі болатын суық тию және ЛОР-органдары ауруларында көрсетіледі.Көрнекі материалдар пайдаланады.

Биологиялық кері байланыс.Компьютер алдында жұмыс істеу ережелерін сақтау қажет.Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған арнаулы әдістеме ұсынылады.

Түзетімдеу технологиялары

Арттерапия. Сабақтар 10-13 адамдық шағын топтарда өткізіледі, бағдарламасының диагностикалық құралдары бар.

Музыкалық әсер ету технологиясы. Басқа технологиялардың бөлігі ретінде көмекші құрал болып пайдаланады;қауырттылықты жою,эмоциялық көңіл-күйді арттыру және басқаларға арналған.

Ертегілік трапеция. Сабақтар психологиялық,терапивтік және дамытушы жұмыс үшін пайдаланылады.Ертегіні ересек адамның әңгімелеуі мүмкін немесе бұл балалардың әңгімелері болуы мүмкін.

Түспен әсер ету технологиялары.МДҰ интерьерлерінің түстік саналуандығына ерекше назар аудару қажет.Дұрыс таңдалған түстер ширығуды жояды және баланың эмоциялық көңіл-күйін арттырады.

Мінез-құлықты түзетімдеу технологиялары.6-8 адамдық шағын топтарда арнаулы әдістемелер бойынша өткізіледі.Топтар бір белгі бойынша құрылмайды-әр түрлі проблемалары бар балалар бір топта айналысады. Сабақтар ойындық формада өткізіледі,диагностикалық құралдары мен сабақтардың хаттамалары болады.

Психологиялық гимнастика.Сабақтар арнаулы әдістемелер бойынша өткізіледі.

Дыбыстық ырғақ.Сабақтар естуінде проблема бар балаларға немесе алдын алу мақсатында ұсынылады.Сабақтың мақсаты-қозғалыстарсыз, дыбыстық салауатты сойлеу. Қарастырылған технологиялардың әрқайсысында сауықтырушылық бағытталғандық болуы қажет,ал кешенді пайданылған денсаулық сақтау қызметі қорытынды да балада салауатты өмір салтына деген орнықты уәждемені,толыққанды және күрделенбеген дамуды қалыптастырған болар еді.




№2 "Айгөлек" бөбек-бақшасы МКҚК



Әдістемелік күн

КЕҢЕС: «Денсаулық сақтаудың педагогикалық технологиялары»




Орындаған: әдіскер Сабанбай Б.М.

Тексерген:___________________




Мәртөк селосы, 2014-2015 оқу жылы





© 2010-2022