Үй жануарлары тәрбие сағаты

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Үй жануарлары»

Тақырыбы: «Үй жануарлары»


Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін

толықтыру, олардың пайдас маңызы, туралы түсінік

беру.ардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға,
айтқандай зейін қойып тыңдауға үйрету көзделіп үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал мәтелдер айтқызу сұрақ - жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру қарастырылады.


Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасау.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, слайд.ойын

Тәрбиеші:
Балалар, «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»
сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Көп танасты көреміз
Алдымыздан кезіккен
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз

Мотивациялық қозгаушы

Балалар орнымызға отырмай тұрып,бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейікші

Айдай жарқырап,

Күндей жадырап

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық

Іздену ұйымдастырушы

-Балалар адамдар күнделікті тіршілік етіп,өмір сүретін баспанасын қалай атаймыз?(Үй)

-Үй қандай бөліктерден тұрады?(Төбесі,есік,терезе,үйдің қабырғасынан тұрады)

Балалар дұрыс айтасыңдар енді алдымызда тұрған үйдің неше терезесі бар екенін санайық

-1,2,3,4,5

Балалар әр терезеде жұмбақтар бар екен,мен сендерге соны оқып берейін

1 Терезе

Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)

Үй жануарлары тәрбие сағаты
Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы.
Балалар: Қой - мә - мә маңырайды
Бақташы ата: Ой, бәрекелді балалар жарайсыңдар!


2 Терезе
Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
(Түйе) Түйе - бө - бө боздайды

Үй жануарлары тәрбие сағаты

3 Терезе
Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Бірақ тағы сақалы бар
(Ешкі) Ешкі - бе - бе бақырады
Үй жануарлары тәрбие сағаты

4 Терезе
Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт жылтырмағы бар
Бір шыпыртқысы бар
(Сиыр) Сиыр - мө - мө мөңірейді
Үй жануарлары тәрбие сағаты

5 Терезе
Екеуі елеңдеп келеді
Төртеуі төбелесіп келеді
(Жылқы) Жылқы - е - е - е кісінейді

Үй жануарлары тәрбие сағаты
- Балалар, сендерді ата - әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
- Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.
Сендерді ата - әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!
Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің баласы - бота, сиырдың баласы - бұзау, қойдың баласы - қозы, ешкінің баласы - лақ, жылқының баласы - құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май,
құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған.
Төрт түлік туралы көп жырлар, өлеңдер, мақал - мәтелдер шығарған.(Слайдтан көрсету)
(Осы кезде боран соғып, есік ашылып бақташы кереді)
Бақташы ата: Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.
- Бұл қай жер екен?
- Балабақша.
- Қандай балабақша?
-«Ақ-Ерке» балабақшасы.
- Естілмейді қандай балабақша?
-«Ақ-Ерке» балабақшасы.
- Мен, боранда ығып кеткен төлдерімді іздеп жүр едім, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсеңдер сыйлығым бар. Көрмедіңдер ме?
Балалар:- Жоқ
Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз! Бүгінгі оқу ұйымдастылырған
іс - әрекетінде үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.
Бақташы ата: Жарайды
Тәрбиеші: Ендеше бақташы атамызға тақпақтар айтып берейік!
Аңсар: Ақ бұзауым ұнайды
«Мө - мө» деп сүт сұрайды
Келеді өсіп күн сайын
Тұмсығын созып қарайды
Тілімен мұрнын жалайды
Фарида: Кіп - кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным өзім деп.
Санжар: Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Кәусар: Шөре - шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секектеме деміңді ал
Селтеңдемей құлағың
Жаннұр: Айналайын, ботам
Қандай күлте жотаң
Табандарың жалпақ
Теріп жейсің жантақ
Тәрбиеші: Қане, балалар Бақташы атамызбен бірге «Төліңді тап»
ойын ойнайық.
(Үй жануарларының өз төлдерін дұрыс табу керек)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, Ата уайымдамаңыз, төлдеріңіз табылады шаршаған шығарсыз бәріміз бірге сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар бойымызды сергітіп алайық.(Слайдтан корсету)
Сергіту сәті:
Тіктеп титтей құлағың
Ботам былай жүреді
Сыртылдатып тұяғын
Бұзау былай жүреді.
Алға созып мойынын
Ойнақтайды ботақан
Көкке қарай мұрынын
Шүйіреді бұзауқан.
Бақташы ата: Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп сергіп қалдым.
Жылқы - кісінейді
Сиыр - мөңірейді
Қой, ешкі - маңырайды
Түйе - боздайды.


Тәрбиеші: Балалар тыңдайықшы бір төлдердің дыбысы естілетін сияқты
Бақташы ата: Ой, балалар менің төлдерімнің даусына ұқсайды.
Бала: Сүйінші, сүйінші ата сіздің қозыңызды тауып алдым
Бақташы ата: Рахмет, балам өркенің өссін! Балалар, менің қозым Қане, балалар ұстап көріңдерші. Қандай екен?
Балалар: Сүйкімді, әдемі, кішкентай.
Бақташы ата: Мен сендерге сыйлығымды беріп кетейін, мұны ауылдан әжелерің беріп жібірді дәм татыңдар балалар. Жақсы сау болыңдар!
Тәрбиеші: Рахмет, бақташы ата сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Соу болыңыз!

Балаларға бояған суреттерінің қандай уй жануары екенін айтқызып,үй жануарлары немен қоректенетінін сұрап,мақтау-мадақтау арқылы ашық сабақты аяқтау.
Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.


© 2010-2022