Утренник к Новому году пред школа

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа жыл ертеңгілігі

«Түн - Ханшайымы»

Жүргізуші: Құрметтіата-аналар, қонақтар, кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерд ікеле жатқан Жаңа жыл мерекесімен шы нжүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мерекеалып келсіндейміз.

Айтуар:

Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Жаңажылдыжұпжазбай,
Бірге қарсы алайық!

Аманали:

Келдітағыжаңажыл
Қуантуменбіздерді
Құттыболсынжаңажыл,
Құттықтаймызсіздерді!

Еңлік:

Өлең де әзір, әнәзір,
Ойын да әзір, бәріәзір
КелЖаңажылбіздерге,
КелЖаңажыл, жаңажыл!

ӘН « Жаңажыл »

Ақшақар:

Ертегі әлемі
Қандай өзі әдемі,
Жасыл шырша жанында,
Барлық достар жиналды.
Кәне балақай, байқашы,
Мән беріп қарашы!
Достардың барлығы, Үлгерді ме, санашы.

-Барлық қонақтар жиналған сияқты, бірақ-та Аяз-ата жоқ қой. Аяз-атаны шақырайық, бізбен бірге Жаңа жылды қарсы алсын.

(балаларшақырады)

Балалар: -Аяз-ата.

Жүргізуші: -Аяз-ата қайда екен? Олосындабаяғыда болу керекеді... Қиындыққа тап болғанжоқпаекен... Аяз-атаныңжолыөтеұзақ...

(Музыка әуеніменТүн-ханшайымыкіреді.)

Түн-ханшайымы:

Мен түн ханшайымын,

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланыжым-жырт, дел-сал ғып,

Түнбасадысалбырап.

(Шырша шамын сөндіреді)

І Жүргізуші:-Балалар, естідіңдер ме?- түн -ханшайымы не айтқанын. Жұлдыздар жарқырамайды, айды сиқырлап тастады. Осындай қараңғыға Аяз-ата қалай келеді?

ІІ Жүргізуші:Біз оған көмектесейік. Алдымен шырша шамын жағуға тырысайық, кішкене болса да жарық болсын.

І Жүргізуші:Мен көп гномдарды көріп тұрмын. Олар бізге көмектесер.

БИ:«Гномдар-шамдармен»

(Шыршада шамдар жағылады)

ІІ Жүргізуші: -Рахмет, гномдар!

(Музыка әуенімен Ақшақар Айды қарсы алады)

Ақшақар:

Айлар, айлар, қайғылы,

Жарқырамайды, күлмейді.

Ай:

Түн зұлым емленді,

Менің күлкілі, жылтырымды.

Мен еді қалай қуанамын,

Тағы айқын жарқырап?

Ақшақар:-Ал, балалар, көмектесіңдер,

Шырша айнала ән салыңдар.

Ай қуансын, мұңайы кетсін.

Бәріміздің көңіліміз көтеріңкі болсын.

І Жүргізуші:

ӘН « Ақшақар».

(Ай қуанады, үстінен қара шамылғыны лақтырады)

Ай:Мінебәрібітті, сиқыр да кетті!

Қандайтамашажарқыраған!

Күшпенынтағасенімге толы.

Солүшінменіңдостарымарахмет!

Ақшақар:Сен сиқырдан құтылдың, ал қараңғыорманнанАяз-атажолдытабаалама?

Ай: -Кәнекейбалалар, Аяз-атадепайқайлап, шақырайық. Сонда Аяз- атажолдытауып, тез жетер.

(Аяз-атаныңдаусы)

Аяз-ата:

Не болды? Мен түсінбеймін.

Мен жолтабаалмаймын.

Қалыңорман, қаратүн.

Мен қазірдіңөзінде бара алмаймын!

Жұлдыздаркөңілдібибилесе,

Айжолкөрсетсе...

Оныңбәрі тез жетуімекөмектесер.

Ақшақар:

-Құрметті ай.

-Менің атам қиыншылықта тап болған екен.

-Енді не істеукерек? Біз қалай көмектесеміз?

Ай:-Желді шақырукерек.

Аспанда жұлдыздардың көңілд іжарқырасын.Жел аспандағы бұлттарды ашсын.

ІІ Жүргізуші: - Балалар, Желді шақырайық.

Балалар хормен:

Жел дауылды шақырайық,

Жел:Менің Түнгі Ханшайымға күшім жетпейді, Егер де кішкентай балалар өз өнерлері көрсетсе, бізТүнгі Ханшайымды жеңе а ламыз

ӘН: «Жапалақтап ала қар»

БИ: «Жұлдыздарбиі»

Тақпақтар:

Ален:

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

Елдана:

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Айзара:

Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.

Нұрай:

Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Мансур:

Здраствуй, елка дорагая,

Түнгі Ханшайым шырша алдында тұрады.

Түнгі Ханшайым: -Сендер, мені жеңдіңдер. Мен енді жамандық жасамаймын. Аяз-атаны жіберейін.

Аяз-ата:-Амансыңдар ма, балалар, қонақтар! Мені мынау зұлым Түнгі Ханшайымнан құтқардыңдар.Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.

Ақша қар:-Ата, біз сізді көп күттік.

Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Әнсіз мерекенің сәні жоқ

І Жүргізуші: -Дұрыс, дұрыс Ақшақар. Аяз-ата әнін қабыл алыңыздар.

ӘН: «Аяз-ата»

Ақша қар:-Ата, отырыңыз, балалар сізге тақпақтарын айтады.

Тақпақтар:

Асанали:

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аязатасағынған,
Сәлембepдіжұртына.

Мерей:

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгінәнсалдым,
Араластымбиге де.

Ерасыл:

Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа Жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.

Жанель:

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Тайұлан:

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Аяз-ата: -Жарайсыңдар, тақпақты жақсы айтасыңдар екен.

Ал, енді ойын ойнап жіберейік. Сендердің шапшандылықтарынды көрейін. Менде екі қап бар. Тапсырма мындай: Қапты киіп белгіленген жерге дейін жүгіріп бару.

Ойын: «Даңғыра»

ІІ Жүргізуші:Мерекеміз жалғасуда.Ұлдар қыздарды биге шақырады.

Жұп биі.

Аяз-ата:Шаршадым, шаршадым.

І Жүргізуші:-Аяз-ата, отырып демалыңыз, біздің балалар тақпақтар айтады.

Тақпақтар:

Алтынай:

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Айлана:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келдіалыссапардан,
Аязатаоралып.

Ярослав:

Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Жанали:

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.

Айша:

Наша елка вся игрушках

ӘН: ағылшын тілінде.

Ағылшын тілінде тақпақтарды қабыл алыңыздар.

ӘН: «Ару жаңа жыл»

Ойын: «Қолғап»

ІІ Жүргізуші:- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір.... Сыйлықтар қайда?
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!



Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Түн - Ханшайымы!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!



© 2010-2022