Тексты: «Ынтымақты отбасы» сайысы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ынтымақты отбасы» сайысы

Отбасы -бұл баланың өмір сүру ортасы, қамқорлықтың тұрақты көзі,ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орта.

Әке -асқар тау,

Ана-етегіндегі бұлақ,

Бала -жағасындағы құрақ-деп тегін айтылмаған болар.Осыған байланысты, «Еркетай»шағын орталығында, «Ынтымақты отбасы»-атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға төрт топ тәрбиеленушілері отбасымен қатысты. Атап айтатын болсақ,

«Балапан»тобынан-Шыңғысбайлар,

«Күншуақ»тобынан-Сүлеймендер,

«Жұлдыз»тобына-Оразбайлар,

«Құлыншақ»тобынан-Мұхамбетуәлилер отбасылары қатысты.

Іс -шара сайыс түрінде өткізілді.Сайыс жеті кезеңнен құрылды.Сайыстың алғашқы кезеңін отбасы мүшелері өздерін таныстырудан бастады. Әр кезеңдерге отбасы мүшелері үлкен дайындықпен келген. Бірі ән айтса,бірі би билеп,енді бірі аспаздық өнерлерін де ортаға салды. Логикалық, ситуациялық сұрақтарға да жауап беріп,қызықты ойындардан да сайысқа түсті.Сайыс соңында отбасы мүшелері, «Үздік», «Үлгілі», «Өнерлі», «Шығармашылық» отбасы номинацияларымен марапатталды.

Қадірлі ата-аналар,тәрбиешілер, «Отбасында берілген тәрбие жерге қаратпасын десеңіз,балаға кішкетайынан түзу тәрбие бер»-деп,ата-бабамыз айтқандай,бала тәрбиесіне уақытымен көңіл бөлсек,еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

«Еркетай»шағын орталығындағы әріптестерімізге тілеріміз,осындай іс-шаралар өткізу барысында шаршамай,абыройлы қызмет атқаруларына тілектеспіз.

Бірін -бірі демеп,сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы көбейе берсін демекпіз.

«Күншуақ» тобының тәрбиешілері: И.К.Манкебаева.

К.Т.Омарова.




© 2010-2022