Интеллектуалды ойын Жұлдызды сәт

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Жұлдызды сәт » сайысы

Мақсаты: Балалардың танымдық ойлау қабілетін дамыту,қызығушылығын арттыру,сөздік қорын ,ой өрісін дамыту.Балаларды ептілікке,шапшаңдыққа үйрету.Уақытты үнемдей отырып,ұтымды жауап таба білуге тәрбиелеу.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Бүгінгі сыныптан тыс сабағымыз «Жұлдызды сәт» сайысына қош келдіңіздер.Біз оны интеллектуалды ойын түрінде өтеміз.Сайысқа қатысушы комондалармен танысып қойыңыздар.

  1. «Жұлдыздар»комондасы.

  2. «Зеректер»комондасы.

Бұл сайыста берілген сұрақтарға тез жауап беруге тырысу керек.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.Енді осы сайысқа әділ бағасын беретін әділ қазылармен таныс болайық.

1.Маржан апай

2.Тынымкүл апай

3.Гүлайым апай

Бүгінгі ойынның негізгі кезеңдерімен таныс болайық.Сайыс 6 тур бойынша өтеді.

  1. тур «Бәйге»

  2. тур «Тіл өнері»

3тур «Кім жылдам»

4тур «Кім көп біледі»

5тур «Пішіндерден сурет құрау»

6тур «Кім тапқыр»

1 тур «Бәйге»

Ойынның шарты:әр комонда төмендегідей пәндер бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруі қажет .Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

Сауат ашу пәнінен:

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді және қандай?

2.Дыбыстарды немен белгілейді?

1.Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

2.Дауыссыз дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?

Математика пәнінен:

1.Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

2.Тасбақа жүйрік пе,қоян жүйрік пе?

3.Төртбұрыштың неше бұрышы бар?

4.Шар ауыр ма ,доп ауыр ма?

Тіл дамыту пәнінен:

1.Бір үйде тұратын туысқан адамдарды кім дейміз?

2.Қ Р президенті кім?

3.Еліміздің рәміздерін ата?

4.Үй жануарларына не жатады?

Музыка пәнінен:

1.Музыкада неше нота бар?

2.Қазақтың ұлттық аспабы?

Сахналау әліппесі:

Ертегіден үзіндіні табу.

  1. «Мені неге шақырдың,айтпасаң қатығыңды төгемін» бұл қай ертегі?

  2. «Жылан ағаштың басына өрмелеп бара жатты»бұл қай ертегі?

  3. «Атамнан қаштым,әжемнен қаштым»бұл қай ертегі?

  4. «Қараңдаршы үйден алыс емес жерде шырша тұр соны безендірейік -деді анасы»бұл қай ертегі?

2тур «Тіл өнері»

Ойынның шарты :жұмбақты шешіп ,оны орыс тіліне аудару қажет.Әр дұрыс жауап 2 тілде дұрыс аударылса 20 ұпай беріледі,1тілде аударылса 10 ұпай беріледі.

3тур «Кім жылдам»

Ойынның шарты :Жаңылтпаш айтудан жарыс.Менің айтқан жаңылтпашымды тез және дұрыс қайталаймыз.

4тур «Кім көп біледі»

Ойынның шарты:Берілген әріптердің ішінен қалағанын алып сол әріптен басталатын 5 сөз айту.

5 тур «Пішіндерден сурет құрау»

Ақ қағаздың бетіне берілген әртүрлі геометриялық пішіндерден суреттер құрастырып жапсыру.

6 тур «Кім тапқыр»

Ойынның шарты: сұрақтарға дұрыс және тез жауап береміз.

1.Көліктің неше түрі бар?

2.Мемлекеттік туымыздың түсі қандай және не бейнеленген?

3.Дастарханға әкелетін ең қадірлі ас?

4.Әкелеріңнің анасы сендерге кім болады?

5.Жанды табиғатқа не жатады?

6.ҚР астанасы қай қала?

Қорытынды.

Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

Сонымен «Жұлдызды сәт »сайысымыз осымен өз мәресіне жетті.Келгендеріңізге көп рахмет.

Жабасақ орта мектебі

2014-2015 оқу жылындағы мектепалды даярлық тобы туралы

МӘЛІМЕТ

Қазіргі қоғам жан-жақты,білімді де білікті,мәдени өрісі өсіп жетілген,ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен балаларды тәрбиелеуде отбасымен ұстаздар қауымының жауапкершілігі орасан зор.Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5-6 жастағы балалардың дене дамуымен психикалық саулығын қорғау және нығайту,ақыл ойын жетілдіру,олардың бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен ,дағдылардың алғышарттарын қалай отырып ,бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.Балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан-жақты іздене отырып ,оқушылардың өзіндік,танымдық қабілетін дамыту мақсатында жоспар жасап ,сол жоспар бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді.

2014-2015 оқу жылына мектепалды даярлық тобына 16 бала қабылданды.Оның 11 қыз бала,5 ер бала.Балалардың білім сапасына келер болсақ,балалар әріп танып,буындап оқи алады.Он көлеміндегі сандарды тура және кері санап ,оларға есептер шығара алады.Бірінші жарты жылдықта математика пәнінен «7 саны мен цифры»тақырыбында ашық сабақ өткіздім .Екінші жарты жылдықта барлық сабақтарды қортындылау мақсатында екі топқа бөліп «Жұлдызды сәт»интеллекталды ойын өткізіп «Зеректер командасы» жеңіске жетті.Білім мен тәрбие егіз дегендей,оқушыларға біліммен бірге тәрбие саласында да шаралар өткізілді. «Алтын күз» ,аналар мерекесінің қарсаңында «Көктем аруы-2015» байқауын өткіздім. Бұл байқауда бас жүлдені Абылайқызы Аяжан иеленді.Наурыз мерекесіне арнап «Армысың ,Әз Наурыз», «Даярлықпен қоштастым,мектебіммен достастым! »атты ертеңгілік ұйымдастырып даярлықпен қоштастым. Мектепалды даярлықты балалар жақсы деңгейде аяқтады.



Мектеп директоры: С.Нұрмағанбетов


Топ тәрбиешісі: Б.Абдраманова




© 2010-2022