План на тему Менің балабақшам на среднюю группу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

№ 1 технологиялық картасы

Тақырыбы: «Менің балабақшам»

Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

« Балабақша үйіміз»

Мақсаты:

Балалардың сурет бойынша әңгіме құрастыру іскерліктерін дамыту .

Міндеттері:

Балабақша қызметкерлерін құрметтеуге үйрету, достарына қамқор болуға баулу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Қоян, тиін ойыншықтары, сөрелердегі балалар ойыншықтары суреттері, балабақша қызметкерлерінің суреті,доп

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

Үстел үстінде Қоян, тиін, ойыншықтары тұр, суреттер.

Қараңдаршы, бізге қандай жануарлар келіп отыр?

Дұрыс айтасыңдар.

Бірақ та олар мұңайып отырған сияқты? Көңілсіз.

Балалар жарты шеңбер бойы

тұрады.

Қоян мен Тиын

Ұйымдастыру іс-әрекеті

Тиін: «Сөрелерде күнде отырып, біз шаршадық. Бізде де балалабақша болсын деп армандаймыз».

Тиін мен қоянның мұңайып отырғаны, оларда балабақша жоқ, сендер сияқты балабақшаға барып бірге болғылары келеді. Олар балабақшаның не екенін білмейді.

Балалар не істеуге болады?

Балалар Тиін мен қоянға қалай көмектесуге болады?

Мұңаймаңдар, біздің балалар сендерге балалабақшаның не екенін айтып береді.

- Ондай болса екі топқа, бөлініп қонақтарымызға біздің балалабақша туралы айтып берейік.

-Тәрбиеші балаларға 2 топқа бөлінуді ұсынады: 1 топ - /Білгіш тобы/, кітап пен дәптер белгілер салынған суреттерді алып білім орталығына барады, ал 2 топ - /Өнерлі қолдар/ бояу, қылқалам суреттелген дөңгелекшелерді алады да үстелдерге жақындайды. Тәрбиеші балаларға: Өнерлі қолдар тобы сендер шығармашылық орталығында біздің кішкентай достарымызға Қоян мен Тиінге "Біздің балабақша" "Біздің топ" суретін жапсырып бересіңдер.

-Ал Білгіш тобының балаларын мен білім орталығына шақырамын.

Сонымен, қонақтарымызға қалай көмектесеміз?

Балалар, балабақша дегеніміз не?

Сендер балабақшада не істейсіңдер?

Сеңдерге балабақшаға келген ұнайма?

Балабақшаның ішінде не бар?

Сендер күнде келетін бөлмені қалай айтады?

Біздің кішкентай достарымызға айтыңдаршы:

Сендерді күнде кім қарсы алады, кім ертегі оқып береді, серуенге шығып ойнайды.

Қоян: Балалар, біз сендерге біздің достарымыздан хат әкелдік. Оның ішінде не бар екенін көрейік.

(хатты ашып, онда екі сурет алып шығады: балабақшаның сыртқы суреті; топ, топтар іші. Алып шығып мольбертке іледі).

Балалабақшаға бармағандықтан біз барлығын біле бермейміз, мына суреттерде не салынғанын бізге түсіндіріп бересіңдер ме?

Балалар суреттерге мұқият қарап не салынып тұрғанын айтыңдаршы.

Балабақша неше қабатты ?

Суреттің оң жағында не бар?

Балалар ойын алаңы нешеу?

Көпше түрде және басқашатүрлендіріп қалай айтуға болады?

Тиін: Балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар?

Бірге ойын ойнап, жақынырақ танысайық.


Сөздік ойыны: «Жаңғырық»

Қоян мен тиін екінші суретті әңгімелеуді жалғастырады.

-Мына суретте не бар?

- Сол жағында кім салынған? Аспазшы.

Қайдан біліп қойдыңдар?

Дұрыс.

Ал суреттің ортасында кімдерді көріп тұрсыңдар?

Дәрігер, медбибі не істейді?

Басымыз ауырса, ішіміз ауырып қалса, біз кімге барамыз?

Медбибі, оның есімі кім?

Тағы да медбибі не істейді ?



Балалабақша туралы айтып берейік.

Балалар тақпақ оқиды:

Мамаңа еріп келдің сен,

Папаңа еріп келдің сен.

Қаладағы ең жақсы үй,

Балабақша мен білсем.

Себебі ме, себебі, себебі,

Барлық мама келеді,

Барлық папа келеді.





Балабақша ол үй, онда балалар барады.

Ойнаймыз, ертегі тындаймыз, тақпақ, өлең айтамыз, серуенге барамыз.

Иә ұнайды.....

Ойыншықтар, кітаптар, асхана, медбибінің бөлмесі, ән-күй бөлмесі,

Топ

Бізді күнде тәрбиеші апай қарсы алады .

Тақпақ оқылады:

"Бастап бізді далаға

Серуенге шығады.

Біз шомылсақ, жағада

Байқап өзі тұрады.

Қызық-қызық ертектер

Біздерге оқып береді.

Жылауық та тентек те

Сол апайға көнеді".


Иә,түсіндіреміз.

Бұлбалабақша

Екіқабатыбар

Суреттің оңжағындаәткеншек, ойыналаңы бар.

Ойын алаңдары көп.

Алаң-алаңдар-алаңда-алаңның

Балалар шеңберге тұрады тәрбиешінің қолында ойыншық тиін. Балалар кезек - кезек оңға қарай қолдарындағы ойыншық тиінді беріп өз есімдерін айтады, ал қоянды солға қарай беріп отырып қайталайды.

Балалар шеңбер бойы тұрып тиін мен қоян да ойын ойнайды.

Орындықтарына отырады.

Бөлмелер, топтар

Бұл аспазшы. Бұл ас бөлмесі.

Ол көкөністерді кесіп тұр, оның киген киімі ақ қалпақ.

Дәрігер, медбибіні.

Біздің балабақшадаауырмай, сау болып жүру үшін олар бізге көмектеседі

Дәрігерге, медбибіге.

Аты жөнін айтады.

«Медбибі біздің жақсы,

Денемізді қарайды.

Күн сайын ол біздерге

дәрумен береді».

Рефлексивті-түзетуші

«Ыстық доп» ойынымен балардан сұрақтар арқылы сабақты талдап қортындылауға беріледі.

«Ыстық доп» ойынымен балардан сұрақтар арқылы сабақты талдап қортындылауға беріледі.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Жаңа сөздердің мағынасын түсіне білуі қажет.

Нені игереді:

Сөздерді септік, көпше және жекеше түрде ойын кезінде дұрыс айтуды игереді.

Нені біледі:

Балабақшада кімдер жұмыс істейтінін ажырата біледі.

Есеп:

Жағымды жауаптар

Жағымсыз жауаптар






© 2010-2022