Дамытушылық ойын тақырыбы: Математикалық көрініс

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепалды даярлық тобына арналған

«Сандар сөйлейді» атты математикалық көрініс.

(Шағын үйшік,сырты сандармен безендірілген)

Жүргізуші: -Ертеде «1»саны адасып жүріп, бір үйшікке кез болады.

(Музыка ойналады, сандар рет-ретімен үйге келіп , бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп, бірге тұруды шешеді.)

«1»саны:Есікті қағып үн қатады:

-Тук,тук,тук!

-Бұл үйшікте кім тұрады?

-Ешкім үндемейді, ендеше мен тұрамын,- деп үйдің ішіне кіреді.

«2»саны: --Тук,тук,тук!

-Бұл үйшікте кім тұрады?

«1»саны: -Мен тұрамын! Өзің кім боласың?

«2»саны: -Мен «2»санымын,

Екі қаз бұл шалқиған

Құйрық мойны қайқиған.

Жібер мен үйге!

«2»саны:-Кел,бірге тұрайық.

«3»саны: Тук,тук,тук!

-Бұл үйшікте кім тұрады?

«1,2»сандары:-Біз тұрамыз. Өзің кім боласың?

«3»саны:-Мен «3»санымын,

Екі ілгешек бірікті ,

Үш боп шықты білікті.

Жіберіңдер мені үйге.

«1,2,»сандары:-Кел ,бірге тұрайық!

«4»саны:- Тук,тук,тук!

-Бұл үйшікте кім тұрады?

«1,2,3»сандары:-Біз тұрамыз. Өзің кім боласың?

«4»саны:-Өзін таныстырады.

Орындықты төңкерсең,

Оны бестен кем көрсең

Төрт шығады емес пе?!

-Жіберіңдер мені үйге.

1,2,3сандары:-Кел бірге тұрайық.

«5»саны: -Тук,тук,тук!

-Бұл үйшікте кім тұрады?

«1,2,3,4,» сандары: -Біз тұрамыз. Өзің кім боласың?

«5»саны:-Бес мойыны иілген,

Орақ дерсің бүгілген.

Бес саны мен боламын,

-Жіберіңдер мені үйге.

«1,2,3,4,» сандары: :-Кел бірге тұрайық.

«6»саны: -Тук,тук,тук!

-Бұл үйшікте кім тұрады?

«1,2,3,4,5» сандары: -Біз тұрамыз. Өзің кім боласың?

«6»саны:-Мен алты санымын,

-Жатып та, тұрып та,

Алты ұқсар құлыпқа.

-Жіберіңдер мені үйге.

«1,2,3,4,5» сандары: :-Кел бірге тұрайық.

«7»саны: -Тук,тук,тук!

-Бұл үйшікте кім тұрады?

«1,2,3,4,5,6» сандары: -Біз тұрамыз. Өзің кім боласың?

«7»саны:-Мен жеті санымын.

Жеті көсеу баяғы,

Жалғыз оның аяғы.

-Жіберіңдер мені үйге.

«1,2,3,4,5,6» сандары: :-Кел бірге тұрайық.

«8»саны: -Тук,тук,тук!

-Бұл үйшікте кім тұрады?

«1,2,3,4,5,6,7» сандары: -Біз тұрамыз. Өзің кім боласың?

«8»саны:- Мен сегіз санымын.

-Қос жүзік,қос жүзік

Базарға кел өткізіп.

-Жіберіңдер мені үйге.

«1,2,3,4,5,6,7» сандары: :-Кел бірге тұрайық.

«9»саны: -Тук,тук,тук!

-Бұл үйшікте кім тұрады?

«1,2,3,4,5,6,7,8» сандары: -Біз тұрамыз. Өзің кім боласың?

«9»саны:- Мен тоғыз санымын.

Тоғыз цифр акробаты,

Бірде тоғыз,бірде алты.

-Жіберіңдер мені үйге.

«1,2,3,4,5,6,7,8» сандары: :-Кел бірге тұрайық.

«10»саны: -Тук,тук,тук!

-Бұл үйшікте кім тұрады?

«1,2,3,4,5,6,7,8,9» сандары: -Біз тұрамыз. Өзің кім боласың?

«10»саны:-Бір мен нөлдің қоспасы,

Кеткен мәңгі достасып.

Он саны біз боламыз!

( 1-10 сандары қолдарынан ұстасып,рет-ретімен тұрып

Е. Өтетілеуұлының «Сандар әнін» орындайды.)

Санау үшін заттарды

Қалам,дәптер,хаттарды

Тану үшін сағатты

Болу керек сауатты

Түрлі-түрлі сиқы бар

Ол таңбалар-цифрлар!

Біз көңілді сандармыз

Ажырамас достармыз

Білмегенге әрдайым

Үйретеміз сандарды!



© 2010-2022