Планирование урока в 1 младшей группе детского сада Табиғат құбылыстары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Табиғат құбылыстары

Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсінік беру, табиғатты қорғап, аялай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: табиғат құбылытарының суреті: бұлт, күн, қар.

Сабақтың әрекеті: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Ұйымдастыру:

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

1.Мотивация

-Балалар, бүгін ауа райы қандай болып тұрса да, біз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық.

Ауа райынын өзгергенін айтады.

2.Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, бүгін ауа райы жылы, күн шығып тұр. Ауа райы әр түрлі болады. Бірде күн ашық болады, бірде жаңбыр немесе қар жауады.

-Қолымызды дөңгелене ұстайық. Біз қазір неге ұқсадық? Балалар күн бізге не үшін керек?

-Балалар, біз немен тыныс аламыз?

Ауасыз бізге тіршілік жоқ. Таза ауа тыныстау үшін керек.

Сергіту сәті.

Күн төккен нұрынан

Биік болып өсеміз.

Денемізді тік ұстап

Дөңгелене билейміз.

-Балалар қыс мезглінде не жауады?

Қыста қар жауады, жел тұрады, күн суық болады.Осының бәрі табиғат құбылыстарына жатады.

Тәрбиешінің айтқанын қайталайды.

Балалар әр түрлі жауап береді.

-Жылу береді

-Ауамен

Қолдарын жоғары созады, орындарынан тұрып билейді.

Педагогтің көмегімен жауап береді.

3.Рефлекциялық-түзеушілік

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді жақсы тілекпен аяқтайық. Әрқашан күн сөнбесін! Ауамыз әрқашанда таза болсын!

Балалар бірге қайталап тілектерін айтады.

Күтілетін нәтиже: табиғат құбылыстарын біледі, жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарының өзгешіліктері туралы білімді меңгереді.



© 2010-2022