Ашақ сабақ Геометриялық пішіндер

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білімберу саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: в/к «Қызықты математика»

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндердің сиықырлы әлемі»

Мақсаты:Балалардың ойлау ,есте сақтау қабілеттерін дамыту; Геометриялық пішіндер (ромб,пирамида, овал,трапециямен ) таныстыру; көрсетілген заттарды санап, олардың пішінін, түсін ажыратуға үйрету. . Пішіндердің қоршаған ортадағы заттарға ұқсастықтарын түсіндіру.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңғімелесу, дидактикалық ойындар, танграм,сатр ойындары

Көрнекіліктері: таратпа материалдар, танграм, лабиринт, слайд

Билингвалды компонент: геометриялық пішіндер-геометрические фигуры, трапеция,пирамида, ромб-ромб,сопақша-овал

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивайиялық қозғаушы күш

Балалар,бізде бүгін ерекше күн! Өйткені, бізге қонақтар келіпті,бүгінгі оқу іс-ірекетіміз де ерекше болмақ.Сендердің алдарыңда «көңіл күйдің бет-бейнесі» жатыр, қолдарыңа алып бүгінгі іс-әрекетті қандай көңіл-күймен бастайтындарыңды бір-біріңе көрсетіңдер.

Жарайсыңдар балалар! Енді орнымызға жайғасайық.

Келген қонақтармен үш тілдесәлемдеседі

Ізденуші ұйымдастырушы

Сиқырлы қалам арқылы теледидар арқылы геометриялық пішіндермен таныстыру

Ғажайып сәт: Түрлі -түсті шарлар кіреді

Балалар ,бізге қонаққа геометриялық пішіндер елінен сиқырлы әуе шарлары келіпті.Олар сендерге арнап арнап тапсырмалар ала келіпті.

1. 1-ден 10 ға дейін тура және кері санау,орыс және ағылшын тілінде айту

2. Санамақ айту

3.Сатр және Танграм ойындары.

Сергіту сәті.

Бойды сергек тік ұста
Емін еркін тыныста
Деміңді ішке тез алда
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үш бұрыш сыз ауада
Сол қолың да бос тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.

4 .Лабиринт

5. Берілген суреттердің ішінен жүзетінін - шеңбермен; ұшатынын-үшбұрышпен; Жеуге болатын затты -шаршымен қоршау

6 .Ойна да ойлан: Логикалық сұрақтар.

1.Алаңда емен ағашы өсіп тұр.Еменде барлығы неше алма өсіп тұр?

(алма еменде өспейді)

2.Орманда аңдар арасында жүруден жарыс өткізілді.Жүгіруге қоян,балық, түлкі дайындалыпты.Осы жарыста балық нешінші болып келді деп ойлайсыңдар?

(Балық суда жүзеді, жүгіре алмайды)

3.Тауықты үш ақ балапаны және бір сары балапаны бар. Оларды қосқанда барлығы неше балапан болды?

(4 балапан)

Шарларға қызығып қарайды,қуанады

Берілген тапсырмаларды орындайды





Өлең мазмұныныа сәкес қимыл-қозғалыстар жасайды









Ойланып,сұрақтарға жауап береді

Рефлексивті түзетуші

Балаларды ашық алаңда жинап,сұрақтар қойып,ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін қорытындылайды. Жақсы жұмыс жасаған балаларды мадақтайды. Келген қонақтармен қоштасуды ұсынады

Сұрақтарға жауап береді.

Келген қонақтармен қоштасады

Күтілетін нәтиже:

Біледі: геометриялық пішіндерді,олардың қоршаған ортадағы заттарға ұқсастықтарын;

Игереді: ромб,пирамида,овал,трапецияны танып,біледі

© 2010-2022