Сайыс сабақ Кім көп біледі

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сайыс сабақ Кім көп біледі

Байсеитова Сауе Азнабевна

Ақмола облысы, Зеренді ауданы,

Қызылтаң орта мектебінің

Мектеп алды даярлық сыныбының мұғалімі

«Кім көп біледі?» сайыс сабақ.

Мақсаты: Балалардың жыл бойғы алған білімдерін тиянақтау. Дидактикалық ойындар барысында есте сақтау, көру, ой-қиялын, сезіну қабылдау жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу .

Әдісі: Дидактикалық ойындар ,көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Слайд, карточкалар.

Түрі: Сайыс сабақ.

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын

Бүгінгі күн бізге

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз.

Кілең бестік болсын.

1.Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, бүгін сендер сайысқа түсесіңдер. Ол үшін екі топқа бөлініп отырамыз.

І-топ: «Алғырлар»

ІІ-топ: «Тапқырлар»

Ғажайып сәт.

Білім ханшайым кіреді. Қолында көптеген тапырмалары бар.

Ханшайымның бірінші тапсырмасы шарларды жару арқылы ішінен шыққан сұраққа жауап береді.

Олай болса бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін берілген тапсымаларға дұрыс жауап берген топқа ұпайлар беріліп отырады.

Өте жақсы жауап берсе-қызыл дөңгелек.

Жақсы жауап берсе-Көк төртбұрыш .

Орташа жауап берсе-сары үшбұрыш.

І-бөлім. «Кім тапқыр»

Сұрақ-жауап бөлімі.Шарды жару арқылы ишінен сұрақтар шығады.

1)Жыл мезгілдерін білеміз бе? Қандай?

2)Бір жылда неше ай бар?

3)Қазір жылдың қай мезгілі?

4)Көктем мезгілінің айларын білеміз бе?

5)Бір аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның қай күні?

6)Қазақ альфавитінде қанша әріп бар?

7)Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай-қандай?

8)Дыбыстарды не істейміз?

9)Әріптерді ше?

10)Әріптерден не құраймыз?

11)Буындардан не құраймыз?

12)Сөзден не құраймыз?

ІІ-бөлім. «Кім білгіш ойыны?» Екі топтан кезек-кезек балалар шығып Тапсырмаларды орындайды

Сайыс сабақ Кім көп біледі

Сайыс сабақ Кім көп біледі

ІІІ-бөлім Тізбекті жағастыр 1топқа,2 топқа есепте

Сайыс сабақ Кім көп біледі,

Сайыс сабақ Кім көп біледі

4-бөлім. «Кім шапшаң» сәйкестендіреді.

Сайыс сабақ Кім көп біледі

5-бөлім. «Ретімен орналастыр»

Сайыс сабақ Кім көп біледі

6-бөлім. «Өз орныңды табуға көмектес»

Сайыс сабақ Кім көп біледі

Қорытынды.

‒Балалар, бүгінгі сабағымызда математикадан өтілген тапсырмаларымызды қайталадық. Жеңімпаз топқа мақтау қағазы мен сыйлықтарды білім ханшайымы ұсынады.

© 2010-2022