Статья на тему Дидактикалық ойындар арқылы балалар тілін дамыту

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дидактикалық ойындар арқылы балалар тілін дамыту

Ойын үстінде балалар жаңа заттардың қолданылуын, олармен әрекет жасау түрлерін, адамдармен қарым - қатынасқа түсу жолдарын меңгереді. Ойлау дегеніміз, ең алдымен шындық дүниенің адам миында бейнеленуі болып табылады. Cебебі, заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері арқылы танып білуге болмайтын ішкі қасиеттерін, мәнімен сырын тек ақыл-ой арқылы, ой қорытындылар жасау арқылы ғана танып біле аламыз.Сондықтан мектепалды даярлық топтарында баланың көрнекі - әрекеттік және көрнекі - бейнелілік ойлау түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет. Көрнекі-әрекеттік ойлау - нақты заттарды пайдаланып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді.Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс - әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады.Көрнекі - әрекетті ойлауды жетілдірудің негізгі жолдарының бірі,балалардың алдына бір белгілі мақсат қоя отырып, ойыншықтармен, конструктолармен жұмыс жүргізу көзделеді. Мысалы:«Несі ұқсайды, қандай айырмашылығы бар?»ойыны арқылы балалар екі затты салыстырып, айырмашылығын айта алады. Немесе «Бір сөзбен ата» ойыны арқылы балалардың заттарды жинақтай білү қабілеті дамиды.

Көрнекі- бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді.Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, әртүрлі бағыттарын, әртүрлі әдіс- тәсілдерін табу қабілеті дамиды.Жетілдіру жолдары: сызбалармен жұмыс, тізбек құру, үстелге қойып ойналатын арнайы ойындар (дойбы, шахмат,текшені лақтыру арқылы ойналатын ойындар).

Сөздік - логикалық ойлау - сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді.Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік - логикалық ойлауын дамыту құралы ретінде жұмбақтарды, қызықты есептерді, логикалық жаттығұларды,сан - алуан сөзжұмбақ, анаграмма, метаграмма, ребустарды, логикалық ойындарды т. б пайдалануға болады.


© 2010-2022