Армысың, берекелі әз Наурыз атты мерекелік іс -шара

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Армысың берекелі әз Наурыз!

Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды тәрбиеленушілерге кеңінен насихаттай отырып, ұлтжанды, мейірімді, халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу.

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата - аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз - «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн - біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын!

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық

Әже кіріп шашу шашып, балаларды құттықтайды

Әже: Армысыздар құрметті қонақтар, бүлдіршіндер.Ұлыстың ұлы күні қазақтың жаңа жылы баршаларыңа құтты болсын!Бүл күні күн мен түн теңелген күн.Адамдар әдемі киімдерін киіп, бір -біріне қонаққа барып.реніштерін ұмытады.Ұлыс оң болсын ақ мол болсын. Шашу шашу

Жүргізуші:Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

Енді бүгінгі байқаудың шарттарымен таныс болайық

I. Әр топ өздерін таныстырады;

II. Үй тапсырмасы "Менің сүйікті тағамым" әр топ өз қолымен дайындап әкелген тағамын түсіндіреді;

III. Өз өнерін көрсету

IV. Сұрақ - жауап;

V. Салт - дәстүрді дәріптеу;

Байкау болғандықтан баға қойып отыратын, әділқазыларды сайлайық

Әділқазы сайлау

1.Әдіскер Кирибаева М.С

2.Ата -ана Алтынай Серікқызы

Жүргізуші: Жыр ұшқындап тұр ғой әне, үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді - деп келесі кезекті таныстыруға

берейік.

I Таныстыру

Ән «Наурыз»

II тағам таныстыру

Жүргізуші: Ал енді екінші сайысымызға келсек үй тапсырмасы. Әр топтың баласы (бұл қандай тағам, неден жасалған) тағамын таныстырады.

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы қонақ келе жатқан сияқты

Алдар көсе мен Қожанасыр кіреді

Алдар көсе: Мен алдармын алдармын,бәрінді де алдаймын

Екінші жақтан Қожанасыр кіреді

Қожанасыр: О,Алдыкен сен де мерекеге қош келдің. Көріспегелі көп болды (Екеуі төс қағыстырады).Ал балалар сендер де төс қағыстырып бір бірімен көрісіңдер.Бір -біріңе жақсы ізгі тілектер тілеңдер.

Алдар көсе: Ал қанекей балалар бүгін той, мереке ендеше қай мереке ойын -сауықсыз өтеді?

Қожанасыр: Қане кімнің ойнағысы келіп тұр?

Ойын: Теңге алу

Арқан тарту

Жүргізуші: Құттықтауларын айтуға ортаға балаларды шақырамыз

Жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік.

III (Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)

Жүргізуші: IV Келесі сайыс сұрақ - жауап. Мына жасырын қағаздың ішінде берілген сұрақтарға жауап береміз

1. Құдайы қонақ дегеніміз не?

Құдайы қонақ дегеніміз - бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ.

2. Ең көп сақталатын ұлттық тағам?

Ең көп сақталатын ұлттық тағам - құрт

3. Соғым сойғанда алыстағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде?

Соғым сойғанда алыстағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде - ол сыбаға.

4. Арнайы қонақ дегеніміз не?

Арнайы қонақ дегеніміз - алыстан әдейі іздеп келген тума - туыстар, жолдастар. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар.

5. Үш арсызды ата?

Үш арсыз - тамақ, ұйқы, күлкі.

6. Беташар дегеніміз не?

Беташар дегеніміз - жаңа түскен келіннің бетін ашу.

Жүргізуші : Бізге тағы біреу келе жатқан сияқты Ол Саққұлақ қой

Саққұлақ:Уа халайық сал құлақ

Жақсылыққа тоймаған

Дабырларды естіген

Келді міне Саққұлақ

Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар! Мерекелеріміз құтты болсын.

Алыстан дауыстарыңды,аяқ дабырларыңды естіп,құлағым шалды.

Мереке болғасын ойын-сауықсыз қалай отырсыңдар.Ал қане қазақтың ұлттық ойыны қыз қуу ойын ойнайық

Ойын: Қыз қуу

Жүргізуші Салт - дәстүрім жарасса,

Қайта түлеп жаңаша.

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша - деп келесі кезекті салт - дәстүрді дәріптеу.

V .Салт -дәстүр көрсету

Жүргізуші. Дәстүр демекші айтыс та қазақ халқына сай дәстүрдің бірі. Ендеше біздің топ балаларының ұл қыздары айтысып береді.Қабыл алыңыздар

Ұлдар мен қыздар айтыс

Қыдыр ата кіреді

Жүргізуші. Алтын күні шуақ шашып аспаннан,

Жаңа жылым жыр думаннан басталған.

Ақ дастархан жайып қазақ төріне,

Ақ ниетпен үлкендерден бата алған - деп Қыдыр атадан ақ бата алайық.

Қыдыр ата бата береді:

Ардақтадың атаңды ,

Мен берейін батамды.

Сыйлап ата -ананы,

Азамат бол саналы.

Уа, құдайым оңдасын,

Жаманшылық болмасын.

Наурыз тойы құт болып,

Уайым қайғы жоқ болсын. Әумин!

Келесі кезекті әділ қазы алқасына берейік

Құрметті қонақтар, ата - аналар бүгінгі " Армысың берекелі әз Наурыз!

атты мерекелік мерекеміз аяқталды..





© 2010-2022