Дала құстары тақырыбындағы сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас ашық сабақ

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Дала құстары

Мақсаты:

а) Балаларға құстар туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.Құстардың сыртқы бейнесі, тіршілігі, қоректенуі туралы айту.Үй құстарымен дала құстарын ажырату.

ә) Балалардың өз ойын еркін жеткізе алуға, белсенділікке деген қаблетін дамыту.

Б) Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы құсқа деген қызығушылығын арттыру.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:Құстар туралы өлеңдер жаттату.

Әдіс - тәсілдері:Сұрақ- жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, ойын жаттығулары.

Көрнекіліктер: Құстардың ұясы және суреттері.

Билингвалдық компонент:Құстар - птицы- birds ,тауықтар- куры- hens, қарлығаш- ласточка -

Балалар сәлеметсіздерме?

Көңіл-күйлерін жақсыма?

Жылулық шеңбері:

Балалар казір жылдың көктем мезгілі, күн жылынып, жылы жаққа ұшып кеткен құстар келіп жатыр.

Кәне балалар, ортаға шығып жылулық шеңберін орындайық.

Құстар ,құстар келеді,

Жерді шуға бөледі.

Көктем келді бізге деп,

Жақсы хабар береді.

Жарайсыңдар балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.

Оқу іс - әрекетінің барысы:

Балалар мен сендерге сұрақтар қойамын. -Сендер сұрақтарға жауап беруге дайынсыңдар ма?

-Балалар казір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

Үш ай бар.

-Сол үш айды атап беріңдерші?

Наурыз, сәуір, мамыр.

Құстардың сайрағанын тыңдату.

(3 минут)

-Балалар ненің дыбысын естідіңдер?

Құстардың сайрағанын.

- Балалар сендер құстардың сайрағанын естігенде ,қандай күйде болдыңдар?

Әдемі орманда жүргендей болдық.
Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл

Құстар дауысы.

Жалпы құстар туралы мәлімет беру.

Балалар құстар табиғатың көркі.Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Құстардың бейнесі біздің аспан Әлеміндегі қоршауымыз сияқты, себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Олар тек аспанда ұшып орманда мекендейді.

Құстардың түрлерң өте көп.

Суреттегі құстармен таныстыру.

Міне, балалар бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміз «Дала құстары» туралы айтатын болмыз.

Құстар дала құстары және үй құстары болып екіге бөлінетінін айту.(Үй құстарына тоқталып өту)

«Дала құстарына» (Қарлығаш, торғай қарға, сауысқан, дуадақ т.б ) жатады.

Дала құстары ағаш түбіндегі құрт - құмырсқалармен қоректенеді. Ағаштың жайқалып жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына көмектеседі. Құстарға сол себептен қамқорлық көрсетіп, ұя жасап, жем беруіміз керек.

-Балалар, мына құс қалай аталады?

Дұрыс айтасыңдар балалар. Қарлығаш- киелі құс . Оның құйрығы айыр, сол себепті ол басқа құстардан тез, үй маңында ұя салады.

-Балалар ,сендер қарлығаш туралы қандай ертегі білесіңдер?

Жарайсыңдар, келесі суретке назар аударайық.

Балаларға тоқылдақтың суретін көрсету.

Тоқылдақ- орман құсы, ол орманда өмір сүреді. Тоқылдақ ағаштарды құрттардан, шіруден сақтайды. Оны - орман дәрігері деп атайды.

Сауысқан- ала құйрықты , ұзын құйрықты құс. Оның құйрығы 35 см. Ол өте сақ құс. Кез келген тамақтармен қоректенеді.

Қарға- Қазақстанда кең тараған құс.Қарғаның басы, қанаты, құйрығы қара болады, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнағы өткір болады.

Торғай- ағаш қумақтарының індерінде, үйдің маңдарында мекендейді. Торғай бұталардың дәнімен , жемістерімен қоректенеді.Кейде тоқылдақтың қорегінің қар бетіне түскен қалдықтарын теріп жейді.

Мінекей балалар дала құстары орманда мекендеп құрт- құмырсқа арқылы қоректенеді екен.

Балалар сендер құстарға байланысты тақпақтар білесіңдер ме?

Балалар құстар туралы тақпақтарын айтады.

Медина:Торғай , торғай,

торғайсың,

Жақын келіп қонбайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда торғай тонбайсың.

Ерасыл:

Шыр - шыр еткен торғайды,

Қорғамасқа болмайды.

Кіп - кішкентай тоғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

Бейбарыс: Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған онбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

Айару:Үнсіз бір сәт тұрмайды.

Әнші бұлбұл жырлайды.

Көкек: кө- кек, кө- кекІ- деп,

Өз атын көп бұлдайды.

Ақзере: Құстар біздің досымыз,

Бау- бақшаны қорғайды.

Ұя жасап, қарсы алсақ,

Құстар бізді қолдайды.

Жарайсыңдар, балалар, әрдайым құстарды қорғап, аялау біздің міндетіміз.Құстар табиғаттың бір бөлшегі.

Кәне, балалар орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайықшы.

Сергіту сәті.

Қарға біздің қар, қар,

Сауысқаным саңқ,саңқ.

Торғайларым шиқ, шиқ.

Жапалағым ух,ух,

Көкек көкек, көкек деп,

Ұшады екен желпілдеп.

Жақсы балалар сендер дала құстары жайлы білдіңдер.

Осы кезде құстардың әтештің дыбыстары шығады.

Балалар таға ненің дыбыстары

Құстардың.

-Балалар құстар қайда ұшады?

Аспанда ұшады.

Ендеше баріміз жоғары қарайық жоғарыда нелерді көріп тұрсыңдар?

Құстарды көріп тұрмыз.

Құстардың арасынан нені байқап тұрсыңдар балалар?

Балалар қарандаршы құстардың арасынан мен хат байқап тұрмын , мен сендерге сол хатты алып оқып берейін.

Балалар бізге хат әтештен келген екен. Әтештің қорасына дала құстары мен үй құстары араласып кіріп кеткен екен, содан сендерден әтеш көмек сұрап хат жолдапты.

-Балалар әтешке көмектесеміз бе?

Иы, көмектесеміз.

Ендеше Әтештің қорасындағы құстардың суретін бір - бірден алып, екіге бөліп саламыз. Дала құстарын бір бөлек , үй құстарын бір бөлек саламыз мына тақтада ілулі тұрған плакатқа үй құстары мен дала құстарын бөлек жапсырамыз.

Сөздік жұмыс: Құс - птица, тауық- курица, қарлығаш- ласточка.

Сұрақ -жауап:

Балалар мына менің қолыма қарандаршы. Менің қолымдағы не?

Ұя.

-Ненің ұясы

Құстың ұясы.

-Балалар құстардың ұсын бұзуға бола ма?

Болмайды.

Дұрыс айтасыңдар балалар құстың ұясын бұзуға болмайды.

Балалар дала құстарына адамдардың да көмегі тиеді екен. Адамдар оларға қолдарынан, ағаштан ұя жасап, арнайы алдына сауыт қойып, дән, нан қиқымдарын салуға болады. Осылайша біздің дала құсына да пайдамыз тиеді екен.

Ал мына екінші ұямыз құстардың өздерінің жасаған ұясы.

Құстардың ұясын бұзуға болмайды, әр дайым құстарға қамқор болып жүруіміз керек балалар, осыны естеріңе мұқият сақтаңдар.

-Ағаштан жасалған құстың ұясын көрсете отырып құстарға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.

Дидактикалық ойын: «Не қалай дауыстайды?» Баларға құстардың дауыстарын тыңдатып, сұрау.

Балалар мен сендерге казір бір құсты алып көрсетемін, сендер сол құстың ол қай құс екенін айтып, даусын салуларың керек.

Мысалы: Қарлығаш дала құсы, құйрығы айыр, шиқылдайды, ол аспанда ұшады.

Ал мынау қандай құс?

Торғай қандай дыбыс шығарады?

Ал мынау қандай құс?

Жарайсыңдар балалар.

Сендерге ойын ұнады ма?



© 2010-2022