Занятие в детском саду на тему Транспорт на казахском языке

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерінің «Балдәурен» тобындағы технологиялық картасы



Білім беру саласы: «Таным», « шығармашылық», « қатынас»

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу, ағылшын тілі пәні, сурет салу.

Тақырыбы: Көліктер

Қостілділік компоненттері: көлік-транспорт- transport

Мақсаты: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту. Ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

І- кезең

Мотивациялық -қозғаушы





Балалар шаттық шеңберін құрып, қонақтармен амандасады.

Біз кішкентай балаламыз,

Өсіп - өніп толамыз.

Көкке қарай талпынып,

Күнге қолды созамыз.


Good morning, good morning, good morningᶾ
Clap your hands, clap, clap, clap
Stomp your feet, stomp, stomp, stomp
Spin around, spin, spin, spin

Good morning, good morning, good morningᶾ
Wash your hands, wash, wash, wash
Shake your hands, shake, shake, shake
Brush your teeth, brush, brush, brush

ІІ -кезең

Ұйымдастырушылық -ізденушілік








Ой қозғау: Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?
Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.
Балалар қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда көлік түрлері өте көп.
Көліктер әуе, су және жер көліктері болып үшке бөлінеді.
Әуе көліктеріне ұшақ, тікұшақ, зымыран жатады.
Су көліктеріне кеме, қайық, желкенді қайық жатады.
Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т. б жатады.

Сөздікпен жұмыс.

Көлік түрлерін үш тілде айтқызу.

Тосын сәт: Есікті қоян қағады.
Қоян балаларға қиын жағдайға тап болғанын, оған көмек керек екенін айтады.
- Балалар қоянға көмектесеміз бе?
- Ол үшін алдымен барлығымыз сиятын көлікті таңдап алуымыз керек.
Жер көліктерінің ішінен автобусты таңдап алады.
Ән «The wheels on the bus»

- Балалар біз үлкен көлге келдік, көлден қалай өтеміз?

Балалар автобустан түскен кезде жерден конверт тауып алады. Конвертте тапсырмалар берілген.

  1. тапсырма.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын, оның шешуі алдымыздағы үлкен көлден өтуге көмектеседі.

2 - тапсырма.

Балалар бірінші тапсырманы орындадық, көлден өттік. Ал енді келесі таудан өтуіміз керек. Көліктер жайлы тақпақтар айтып беру.

3-тапсырма:

Көліктің жетіспейтін бөлігін бейнелеу.

Сергіту сәті:

- Міне балалар қоянды орманға жеткіздік.

Қоян: Балалар маған көмектесу үшін алыс жол жүріп келдіңдер, сендерге алғысымды білдіремін.

Д\о: «Көлік түрін ажырат».

Шарты: Көлемді бейнелі сурет арқылы көліктердің қай көлік түріне жататынын тауып көрсету және бейнелеу.

Қоян: Балалар өте ақылды және қайырымды балалар екенсіңдер, енді менің кетуім керек, көжектерім күтіп қалған шығар.
Сау болыңдар, сендерге көп рахмет.


Мұқият тыңдайды.


Балалар тәрбиешімен бірге қойылған сұрақтарға жауап береді.



Балалар көлік түрлерінің атауын үш тілде тәрбиешіден кейін қайталап айтады.




Балалар ағылшын тілінде «The wheels on the bus» автобус көлігі жайлы ән айтады.

Балалар тапсырмалар орындайды.


Балалар үш тілде көліктер.туралы тақпақтар айтады. Таудан балалар ұшақ болып ұшып өтеді





Балалар ойынға белсене қатысады. Қызығушылықпен орындайды.



Балалар топқа келіп сабаққа қорытынды жасайды.

ІІІ- кезең

Рефлексивті -

түзетушілік




Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалардың оқу іс - әрекетінде алған білімдерін қорыту.
Балаларды шеңберге тұрғызып, оқу іс - әрекетіне белсене араласқан балаларды мадақтау.


Қол ұстасып тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау - саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастыра білуі.
Түсінеді: Тапсырмаларды орындайды.

Қолданады: Күнделікті өмірде көлік қызметін қолданады.



© 2010-2022