СЦЕНАРИЙ НА НОВЫЙ ГОД

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СЦЕНАРИЙ НА НОВЫЙ ГОДСЦЕНАРИЙ НА НОВЫЙ ГОДСЦЕНАРИЙ НА НОВЫЙ ГОДСЦЕНАРИЙ НА НОВЫЙ ГОДСЦЕНАРИЙ НА НОВЫЙ ГОДСЦЕНАРИЙ НА НОВЫЙ ГОДСЦЕНАРИЙ НА НОВЫЙ ГОДСЦЕНАРИЙ НА НОВЫЙ ГОДСЦЕНАРИЙ НА НОВЫЙ ГОДЖана жылдық сценарий

«Буратино және сиқырлы сандық»

(Залдың іші әдемі безендірілген, ортада шырша, жанында «Сиқырлы сандық», залдың бұрышында театралды шымылдық)

Музыкалық әуенемен билеп кіреді

Жүргізуші: Жана жылмен құттықтаймыз бәрін біз!

Қуанышты болсын дейміз таныңыз,

Бақыты мен берекесін сыйласын,

Мерекені тойлайық біз бәріміз!

  • Қымбатты қонақтар, сүйкімді бүлдіршіндер! Жана жыл мерекесі құтты болсын, жана бақыт, құт-береке әкелсін!

1-бала:

Жарқырайды жыл шамы

Жыл келгенін тосамыз

Шыр айналып шыршаны

Биге біздер басамыз

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын келген жыл!

Бақыт, дәулет әкелсін!

2-бала:

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Өлең де әзір, ән әзір

Ойын да әзір, бәрі әзір

Кел, Жаңа жыл, біздерге

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

3-бала:

Жаңа жыл, Жаңа жыл

Тамаша тойымыз

Алақай, алақай

Өседі бойымыз

Сағынып көп күткен

Атамыз келеді

Алақай, алақай

Көп сыйлық береді!

4-бала:

Тізбек шамдай жұлдыздар

Көкке мойын бұрғызар

Әшекейлеп әйнекті

Өрнек салды түнгі ызғар

Бүгін бәрі өзгерек

Жарқын күлкі, сөз бөлек

Тілек айтып, күттік біз

«Кел , Жаңа жыл, төрле!»- деп

5- бала

Не ішсең де, тағам көп

Сағатты аңдыр жанар тек

Әні-міне, жана жыл -

Кіріп келе қалар деп

Уақыт таяп біртіндеп

Шырақ жақтық, шырпы іздеп

«Жайлы,тыныш Жыл болсын!»

Деген тілек көп болсын!

6-бала

Лебі мұздай ызғарлы

Алып келді қыс қарды

Қысқа түндер ұзарды

Ұзақ күндер қысқарды

Аяз сүйіп қарсы алған

Жердің аппақ тұлғасы

Қыстың айы - Қантардан

Басталады жыл басы.

Ән «Жана жыл» (әннен кейін орындарына отырады)

Жүргізуші: - Ал, балалар , менің сендерге дайындаған жұмбағым бар, бұл Жана жыл ғой, жана жылда әртүрлі сиқырлар болып жатады, егер жұмбақты шешсеңдер, онда біз ертегі еліне бара аламыз, қалай дайынсыңдар ма?! Онда тыңдаңдар, қандай ертегі екенін табыңдар:

Бірде ағаш ұстасы Джузеппе,

Бұтақты әкелді үйіне

Жай бұтақ болмады бірақта

Сөйледі бұтақ адамша

  • Бұл қандай ертегі деп ойлайсыңдар?! (Буратино)

Музыка ойнайды, залға Буратино кіреді

Буратино: Бұрын бұтақ болсамда

Ұл балаға айналдым

Керемет қой, балалар!

Өте, өте керемет!

Алтын кілтім қолымда

Жана жылдық шыршада

Аяз Ата бұл кілтпен

Шырша шамын жағады!

  • Жана жылға асықтым, көңілді көтерейік, кел билейік бәріміз!

«Буратино» биі

(Сыртта Карабас-Барабас түшкіріп, жөтеледі (запись) қуыршақтар атып шығады)

Қуыршақтар: - Тыныш, тыныш, шуламаңдар! Карабас-Барабас келсе мерекенің шырқын бұзады!?

Буратино: - Қорқа, қорқа шаршадым

Мальвина: - Қой, қой Буратино, мақтанған жаман қылық, ал мен болсам, өте қорқамын?!

(Қарабас-Барабас кіреді)

Қарабас-Барабас: - А ... мұнда екенсіңдер ғой, менің кішкентай, тыңдамайтын қуыршақтарым?! Қалай, жұмыс істедіңдер ме бүгін? Ә...?

Қуыршақтар: - Иә!

Қарабас-Барабас: - Өлең айтып, биледіңдер ме?!

Қуыршақтар: - Иә!

Қарабас-Барабас: Ал, ендеше, тақпақ айтыңдар! Мен тыңдайын!

1-бала:

Қонақтайды бақтарға

Ақ көбелек ақ мамық

Аунап таза ақ қарға

Балалар жүр мақтанып

Тазарып бар кір, шаңнан

Қыс өнерін бастады

Терезеге қыраудан

Сурет салып тастады

2-бала:

Дала аппақ ,жапалақтап

Қар жауып тұр тынбастан

Қалың орман қар жамылған

Маужырайды түнгі аспан

О ,алақай, Аяз Ата,келе жатыр алыстан

3-бала:

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады

Аралайды бақшаны

Үзілмейді жақсы әні

Гүлденеді бақшалар

Жауса, жаусын, Ақшақар!

4-бала:

Аппақ, аппақ қар аппақ

Қар жамылған дала аппақ

Қырау-қырау тал аппақ

Айналаның бәрі аппақ

Аппақ біздің шанамыз

Аппақ қырдан ағамыз

Шырқатып ән саламыз

Біз шадыман баламыз

5-бала:

Ақ көрпесін жапты да

Аяз кенет аптыға

Айналаны үрледі

Ақ бораны гуледі

Ақ боран-ау, ақ боран

Алай-дүлей соқ,боран

Қардан жасап Аққала

Сырғанаймын шаттана

6 -бала:

Қыс келді, иықтап

Қалды аюлар ұйықтап

Қыс келді, мұз қарлы

Қыраулы да, ызғарлы

Қыс келді, боранды

Қырат көрпе оранды

Қарабас-Барабас: - Мен атақты қуыршақтар ғылымының шеберімін! Әр қуыршақтың, жақсы досымын, ал ашулы болған да, жолыма тұрмаңдар онда?!

Әлгі, ұсқынсыз Буратино қайда? А,А,А... мұнда екенсің ғой, қолға түстің бе, ап бәлем ұстап аламын қазір?! Менің қуыршақтарымды алып кеткенің үшін, мына қамшымен соғып жіберейін бе?! (Буратино қуыршақтардың артына тығылып, мұрнын көрсетіп , қашады. Қуыршақтар орнына қашады)

Буратино: - Ұстай алмайсың, ұстай алмайсың (Жүргізушінің артына тығылады)

Жүргізуші: - Қымбатты Қарабас-Барабас! Сонша ашуланғаныңыз қалай, бүгін жана жыл емес пе?! Жана жылда би билеп, өлең айтып көңіл көтереді емес пе?!

Қарабас-Барабас: - Көңіл көтергенді көрсетемін сендерге, сендерді барлықтарынды жазалаймын, ал мына қуыршақтар маған жұмыс істейтін болады?! Әлемдегі ең бай адам мен боламын?! Ха, ха, ха, кәне тез жұмысқа кірісіңдер?! (шымылдықтың ішіне кіріп отырады)

«Қуыршақтар» биі

(бидің соңында Буратино мен Мальвина қуыршақтарды босатып алады)

«Полька» биі

Қарабас-Барабас: - Қайтадан мына ұсқынсыз Буратино, менің қуыршақтарымды алып кетті, жарайды, жарайды, көрсетемін мен оларға, мерекені тойлағанды?!

(Қарабас-Барабас кетеді)

Жүргізуші: - Ешқандай зұлымдық біздің мерекенің шырқын бұза алмайды, мерекені жалғастырамыз, әнді де айтамыз, биді де билейміз, өнерімізді көрсетеміз!

( Музыка ойнайды Алиса мен мысық Базилио кіреді,

ата-аналардың қасымен өтеді )

  • Бишара, кедейлерге, жетімдерге көмектеріңді беріңдер?! Садақаларыңды беріңдер!

Жүргізуші: - Бұлар кім тағы да?!

Түлкі Алиса: - Қандай көгілдір аспан?!

Мысық Базилио: - Талан-таражға біз қарсымыз!

Тап, тап, табу дубай! Мяу! Тап, тап, табу дубай! Мяу!

Екеуі: Орманда біз бірге жүреміз, Егер де бір жақсы нәрсені,көрсек, қызықпай оған біз қоймаймыз!

Мысық Базилио: Тап, тап, табу дубай! Мяу! Тап, тап, табу дубай! Мяу!

  • Мен, ең байғұс мысықпын осы өмірде, Байғұс, кедей, Базилиоға садақаларыңды беріңдерші...

Түлкі Алиса: - Соқыр Базилиоға садақаларыңды беріңдерші ... (балалардың қасынан өтеді, Буратиноны көріп, екі қолтығынан көтеріп алады)

Тап, тап, табу дубай! Мяу! Тап, тап, табу дубай! Мяу!

Түлкі Алиса: - Қымбатты, Буратино, сенің қалтаңда не бар?!

Буратино: - Ақша, мен әліппемді сатып, Карло әкеме жана жылға сыйлық алайын дегенмін

Түлкі Алиса: - Мен өмірімде ақшаны ұстап көрмеппін, көрсетші маған, өзі қандай болады екен?! (Буратино көрсетеді) Аз сияқты ғой, бұған не сатып алуға болады дейсің, Мен бір сиқырлы ағашты білемін, егер, ақшаңды, сол ағаштың түбіне қазып тастасаң, ал таңертең сол жерде бір қап ақша шығады екен, айтпақшы, сол ағаш міне тұр, (шыршаны көрсетеді) егер қаласаң сол жерге қазуыңа болады, қорықпа, біз қарамаймыз!

Мысық Базилио: - Жоғы, біздің ондайымыз жоқ! (Көзін жұмған секілді болады)

Буратино: - Жақсы болды ғой, ертең бір қап алтынды қазып аламын да, әкеме көп-көп сыйлық аламын! (алтындарын шыршаның түбіне жасырады, шам сөнеді)

Би «Ұлпақарлар вальсі»

(Биден кейін Буратино ұйықтайды, ал түлкі мен мысық алтын кілтті ұрлап қашады)

Буратино: - Енді не істейміз, кілтсіз Аяз Ата шырша шамын жаға алмайды

Жүргізуші: - Ренжімеші Буратино, кәне барлығымыз Аяз Атаны шақырайық, ал ол бәріне көмектеседі.

Балалар: - Аяз Ата келіңіз! (3-4 рет)

Жүргізуші: - Мүмкін тақпақ айтып, ән шырқап көрелік, сонда Аяз Ата естіп, міндетті түрде бізге келеді

1-бала:

Айналамда ұшып жүр

Ақ мамық қар себелеп

Қалт-құлт еткен бейне бір

Ақ қанатты көбелек

2-бала:

Жауды міне қар аппақ

Айналаның бәрі аппақ

Жасырыпты жолдарды

Тегістепті оларды

3-бала:

Қыс келді, қыс келді

Ақтарып ақ қарды

Жон аппақ түске енді

Аралап қайтайық

Ақ күміс бақтарды

4-бала:

Шыңдарды құздарды

Шаңғымен сызалық

Елемей ызғарды

Жаңа жыл бәйгесін

Келейік біз алып

5- бала

Жас ұланмын шыныққан

Жасқанбаймын суықтан

Қардан жасап Аққала

Сырғанаймын шаттана

6-бала

Оралды өлкеме

Жаңа жыл армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау, қарлы шың

Тоғай да, баулар да

Ақ күміс жабылды

Дала да, таулар да

Өзіңді сағынды

(Музыкамен Аяз Ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз Ата: - Құтты қонақ, құрметті Аяз Атамын, асулармен алысып, асау желмен жарысып, Жаңа жылды тойлауға келдім менде ортаға! Құтты болсын келген жыл, көп қуаныш әкелсін, сәлем бердім баршаңа!

Ақшақар:

Бой жетіп бұлттан түскен Ақшақармын,

Қызымын Аяз Ата ақсақалдың,

Кешінде жаңа жылдың сауық бастап,

Алғысқа ие болып жақсы атандым!

Үйренгем балалардың тыңдап бәрін

Бітпейді ертегімде, жұмбақтарым

Айтсаңдар көп тақпақты атама

Сыйлығын береді, бәріңе онда

Жүргізуші: - Армысыз Аяз ата, Ақшақар! Келген қадамдарың оңынан болсын! Хош келіпсіздер тойымызға! Бірақ біздің көңіл күйміз жоқ, себебі шыршамыздың шамы жанбаған, алтын кілтті Түлкі бикеш пен Базилио мысық ұрлап кетті, ал Қарабас-Барабас біздің тойдын шырқын бұзамын деді

Аяз Ата: - Жоқ, жоқ бұл жарамайды, бәрін орнына келтіру керек?!

( Музыка, Карабас , түлкі бикеш, мысық кіреді)

Қарабас-Барабас: - Көрсетемін мен, той тойлағанды, мына кілтті, бермеймін оларға, сонда шыршаларының шамы мәңгі де жанбайды, Ха-ха-ха

Түлкі Алиса: - Қымбатты ,Қарабас-Барабас, менің сізге айтатын ұсынысым бар, біз бұл кілтті сатып жіберейік, сонда көп-көп ақша аламыз!

Мысық Базилио: - Ал ақшаны, ақшаны бөліп алайық

Қарабас-Барабас: - Иә, мен сендерге берем бе екен, барлық ақша менікі болады

/Бір бірімен таласады «Менің кілтім, менің кілтім» деп, шыршаның артынан Аяз Ата шығады /

Аяз Ата: - Қарақтарым, ұрыспаңдар, бүгін жаңа жыл мерекесі, бұл күнде бәрі көңілді болу керек

Қарабас-Барабас: - Мына кілтті сатсам, сосын менде мәз боламын, бай боламын

Аяз Ата: - Балалар, келіңдер бәріміз ойын ойналық, мүмкін сонда кілтті беретін шығар, ақылға келетін шығар

Ойын: «Кім жылдам»

Қарабас-Барабас: - Ойын ойнаған өте қызықты екенін, мен бұрын білмеппін, достарым, қуыршақтарым кешіріңдер, үйге қайтыңдар, менде жаңа жылды тойлайтын боламын!

Түлкі Алиса мен Мысық: - Бізді де , кешіріңдерші, ойын ойнап көңіл көтергенге не жетсін, бізде жаңа жылды тойлағымыз келеді, сыйлық алғымыз келеді

Аяз Ата:

  • Міне жақсы болды, достық бәрін жеңеді, алтын кілтті мен алып, шырша шамын жағайын, ал балалар ,сендер көмектесіңдер

Бәрі: - Қуант бізді, таңырқа, шырша шамы жарқыра! (2-3 рет)

/шам жанады/

Ақшақар: - Ата, алыс жолдан шаршаған шығарсын, кел отырып, дем ал, балалардың дайындаған тақпақтары бар шығар, тыңдап көрелік, тақпақ айтқанды өте жақсы көремін

ТАҚПАҚТАР

Жүргізуші: - Ата, құрметті қонақтар, біздің мерекеге байланысты алыстан сайқымазақтар келіпті, өздері сондай керемет билейді, тамашалап көріңдерші !

Би « Сайқымазақтар »

Қарабас-Барабас: - Қандай көңілді мереке, рахмет сендерге балалар, жаңа жылдарың құтты болсын

Түлкі Алиса мен Мысық: - Иә, мұнда өте қызық екен, біз бұрын білмеппіз, енді ешқашан, ешкімді алдамаймыз, Буратино кешірші бізді

Ақшақар: - Иә біздің балалар өте өнерлі, ата мұндай балаларға сыйлық бермейміз бе?!

Аяз-Ата: - Дұрыс айтасың қызым, Буратино ұлым, қайдасың сиқырлы сандықты алтын кілтіңмен аша ғой, ішіндегі көп сыйлықты балаларға сыйлайық, ал, достарым көмектесіңдер ( кейіпкерлер сыйлық таратады)









© 2010-2022