Разработка на тему Армысың, мектеп!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Армысың , алтын ұя мектебім!

Мақсаты: Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерінің,

үйренген әдеп-тәрбиелерінің,дағдыларының нәтижесін көрсету,оқушыларды

үлкенді сыйлауға,сөзін тыңдай білуге үйрету, Отанға,еліне,туған жеріне,

мектебіне сүйіспеншілігін қалыптастыру, өлең-тақпақтар арқылы сөйлеу

тілін , ойлау өрісін дамыту,өнерді сүюге,әдемілікке,әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер,гүлдер,шарлар,ленталар,АКТ

Сабақтың барысы:

1.Кіріспе бөлім

2.Негізгі бөлім

А) «Тілашар» бөлімі

Ә) «Біз білімді балдырған» бөлімі

Б) «Біз өнерпаз баламыз» бөлімі.

3.Қорытынды бөлім

Құрметті қонақтар,аяулы ұстаздар,ардақты ата-аналар,кішкентай бүлдіршіндер!

Бүгін біздің бастауыш бірлестігінде үлкен мереке.2014-2015 оқу жылының қыркүйек айында мектебіміздің даярлық «а» сыныбына қабылданған бүлдіршіндер биылғы оқу жылын аяқтап,күзде 1-сыныпқа қабылданғалы тұр.Қазір сіздер сол балалардың өнерін тамашалағалы отырсыздар.Ертеңгілігімізді ашу үшін сөз Нағипа апайға беріледі . Құттықтау сөзден кейін балалардың өнерін ортаға саламыз.Олай болса,ертеңгілігімізді бастаймыз.

1-жүргізуші: Армысыздар осындағы көпшілік,

Сәлем бердік бәріңізге бас иіп.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

2-жүргізуші : Армысыздар ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Екеуі бірге: «Армысың,алтын ұя мектебім!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!

Мұғалім сөзі: Балалар,бүгін біздің мерекеміз.Міне,балалар сендер жаңа ғасырда, жаңа оқу жылында білім ордасы-мектеп табалдырығын аттап,оқушы болғалы отырсыңдар. Осындай шат-шадыман қуанышты тойлауымыз,әрине,еліміздегі тыныштық пен бейбітшіліктің,Мемлекетіміздің,елбасымыздың бізге жасаған қамқорлығының жемісі. Еліміздің ертеңі - сендерсіңдер.Елдің тізгінін мықтап ұстап,сапалы білім алып,өнегелі азамат болып өсе беріңдер,қадамдарың құтты қадам бола берсін!

Айналайын, балғындар,

Алға бағыт алдыңдар.

Ертең өсіп толыңдар

Ел мақтаны болыңдар!

Орындалсын ойларың,

Құтты болсын тойларың!

-Біздің Отанымыз қай ел?

-Қазақстан.

-Қазақстанның астанасы қай қала?

-Астана қаласы.

-Біздің рәміздерімізге не жатады?

-Елтаңба,ту,әнұран.

Ал енді әнұранды айтайық.

Әнұран айтады.

Мұғалім: Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Болу керек бала жастан әр кіші.

Ол көкшіл ту,елтаңба мен әнұран,

Құрметтейді елімдегі бар кісі.

-Біз мектепке не үшін келдік?

-Оқу үшін,білім алу үшін!

-Олай болса , ертеңгілігімізді осы мектептен бастайық. Мектебіміз «Жүсіп Қыдыров» атындағы №54 орта мектеп деп аталады екен.Олай болса мектебіміз туралы қандай ой айтамыз,соны ортаға салайық.

1-оқушы: Армысың, мектеп ар - бесік,

Айқара ашқан есігін

Еркебұлан Тәрбие, білім бар нәсіп,

Өзіңде өрлеп өсемін.

2-оқушы: Мектеп- қамқор анамыз,

Оқып,білім аламыз.

Зарина Өнерпаз боп өсетін,

Біз-оқушы баламыз.

3-оқушы: Мектеп-анаң бүгіннен,

Мектеп-алтын босағаң.

Ардана Мектеп берген біліммен,

Марқаясың жас ұлан!

4-оқушы: Қадірлі мектеп-бұл мектеп,

Оқыған ата-анамыз.

Нұрали Атыңды сенің құрметтеп,

Әрқашан еске аламыз.

5-оқушы: Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Инабат Жақсы оқып сабақты,

Күнде бестік аламыз.

6-оқушы: Алтыға толдым биыл мен,

Оқушы болып киінем.

Ғалым Арқама сөмке асына,

Мектепке барам,мектепке

Мектепке барам асыға.

7-оқушы Армысың, мектеп киелім,

Мен сені солай сүйемін,

Динара Сен берген бағыт бағдармен

Рухы бай елге иемін.

8-оқушы: Мектеп - үлкен бағдаршам.

Ұстаз шырақ ұстаушы.

Мұхаммед Екеуі де аңғарсақ,

Бағыт жолын нұсқаушы.

9-оқушы: Сәлемдесе білетін,

Біз-әдепті баламыз.

Досымжан Алтын ұя мектептен,

Білімге бастау аламыз.

10-оқушы: Біз-әдепті баламыз,

Алтыға биыл толамыз.

Сабилия Қалам алып,сурет салып,

Бірге өспек талабымыз.

11-оқушы: Мектепке енді барамын,

Қалам,дәптер аламын.

Нұрсұлтан Баласы едім атамның,

Енді оқушы атандым.

12-оқушы: Қуанбаймыз неге біз,

Күліп күн де тұр асқақ.

Сымбат Оқығалы келеміз,

Біз бірінші сыныпқа.

13-оқушы: Оқимыз,білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Ерасыл П. Ойыншықпен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

14-оқушы: Қуантуға елімді

Қуантуға жерімді,

Іңкәр Білім жиып өсемін.

Төгіп адал терімді

Мен мектепке барамын.

15-оқушы: Елдің атын жазамын,

Жердің атын жазамын,

Думан Туған тілге тазамын.

Батаңды бер, қазағым

Мен мектепке барамын.

16-оқушы: Таудай биік талабым,

Оттай лаулап жанамын.

Салт-санасын сақтаймын,

Асылайым Дала мен қаланың,

Мен мектепке барамын.

17-оқушы: Қолға кітап аламын

Маржан сүзіп табамын.

Ерсұлтан Жарқыратып кеудеме,

Жұлдыз етіп тағамын.

Мен мектепке барамын.

Ән «Біріншіге барамын»

-Ал, балалар бірінші сыныпта, алғаш мектеп табалдырығын аттағанда сендерді қандай оқулық қарсы алады? Ең алғаш қолымызға қандай кітап аламыз?

-Әліппені.

-Олай болса, ортаға Әліппені шақырайық.

Әліппе: -Саламатсыңдар ма, балалар?

Менің атым Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен,

Бауыржан да,Мәлік те.

Оқыған мені ата-анаң,

Көз ашқан одан аға-әпкең.

Қасиетті білім шыңына,

Бастап барар Әліппең.

Жақсы оқы,үздік бол,

Тәртіпті бол,адам бол.

Қастерлеп ұста мені де,

Тілеймін саған сара жол.

18-оқушы: Жақсы кітап-Әліппе,

Үйрететін әріпке.

Айша Қуыршақпен қоштастым,

Әліппемен достастым.

Әліппе : -Олай болса, мен де сендердің өнерлеріңді тамашалайын..

19-оқушы: Нағыз білім - ырыс бақ,

Ерасыл Дүниені тұр ұстап.

Енді біздер сабаққа,

Кірісеміз дұрыстап.

20-оқушы: Қуан,шаттан,алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Бұл қуаныш себебін

Қасиет Бізге қарап ұғарсың.

Ержетті деп бөбегім,

Туған Отан қуансын.

21-оқушы: Енді мен үлкен боламын,

Анамның тілін аламын.

Жанарыс Ұстаздың барлық айтқанын,

Миыма құйып аламын.

22-оқушы: «5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Дильнұр Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

23-оқушы Армандарым көп менің,

Асыл анам мектебім!

Дінислам Оқып ғылым тектерін,

Ой аламын деп келдім,

Оттан ыстық мектебім!

Алтын ұям мектебім!

ІІ-жүргізуші: Біз тілейміз ұстазымызға

Өмір - думан, бақ әкелсін мереке

Азамат боп шығамыз біз,

Сенетіндей ел ертең.

Ән «Мұғалім ол біздің»

І -жүргізуші : Оқушы антын жаттаймыз,

Отанды жаудан қорғаймыз.

Атам,әжем,елімнің,

Үмітін біз ақтаймыз.

Балалар «Оқушы антын» айтады.


Мұғалім: -Балалар, мына мендегі қағазды таңдап алайық. Енді, өз білімімізді

көрсету үшін екі топқа бөлініп отырамыз.

1-топ: « Балбөбек»

2-топ: « Балдырған»

1.Қатынас саласы, «Сауат ашу» бөлімі бойынша :

Кеспе әріптерден сөз құрастыру. Сөздерін оқу, буындату, дыбыстық талдау

жасату,сөйлем құрату.

2.Таным саласы ,«Математика» бөлімі бойынша :

1-ден 20-ға дейін тура және кері санату. Санамақ айту. Есептеулер шығарады.

3.Қатынас саласы ,«Тіл дамыту» бөлімі бойынша :

Ертегілер құрады: «Балбөбек» тобы - «Бауырсақ» ертегісі,

«Балдырған» тобы - «Шалқан» ертегісі.

4.Шығармашылық саласы бойынша жапсыру,бейнелеу бөлімдері бойынша:

Алманы суреттейміз, алманы жапсырамыз.

3-бөлім «Біз өнерпаз баламыз»

Ән. «Жау,жау жаңбыр,жау жаңбыр» Инабат, Қасиет, Ардана, Іңкәр, Зарина,Асылайым.

Ән. «Ел қорғауға әзірміз» Нұрсұлтан, Дарын, Еркебұлан, Ерасыл, Дінислам, Жанарыс.

Ән. «Қуыршақ» Кәусар, Сабилия, Айша, Динара, Сымбат, Дильнұр.

Ән. «Біз өмірдің гүліміз» Нұрали, Мұхаммед, Думан, Досымжан, Ерсұлтан, Ерасыл П.

Ән. «Әрқашан күн сөнбесін» хор.

Қорытынды бөлім

Мойытпасын қиындықтар сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантыңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар енді.

Міне бүгіннен бастап кешегі сәби бүлдіршіндеріңіз оқушы қатарында.Сіздердің сенімдеріңізді орындайтын ұл мен қыз.Тәуелсіз еліміздің саналы да , білімді азаматы болады деп ойлаймын.

«Ақыл тастан,өнер жастан» дегенсөз бекер айтылмаған.Тойларыңыз тойға ұлассын ата-ана. Сөз кезегін ата-аналарға береміз.








© 2010-2022