Ата – аналарға арналған ескерткіш немесе естелік. Көзге арналған жаттығулар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КМҚК «Дәншік» балабақшасы

Ата - аналарға кенес.

Көзге арналған

жаттығулар



Дене шынықтыру инструкторы:

Меткенова Е.Н

Самар ауылы. 2013-2014 оқу жылы

Көзге арналған жаттығулар



  1. «Жоғары-төмен,оңға-солға»

Көзімізді оңға-солға,жоғары - төмен қарап қозғалтамыз.Көзімізді қаттырақ жұмып,көздің шаршағынын басамыз (10 санағанға дейін ашып жұмамыз)

  1. «Шеңбер»

Көз алдымызға үлкен шеңбер елестетеміз,сол шеңбер бойымен көзімізді айналдырамыз,сағат тілімен екінші жағына қайталау.

  1. «Төртбұрыш»

Енді көз алдымызға төртбұрышты елестетеміз.Оң жақтағы жоғары бұрышынан бастап- сол жақтың төменгі бұрышына дейін, сол жақ жоғары жағынан бастап- оң жақ төменгі жағына дейін көзіміздің қарашығымен қарау.Тағыда бір рет,бір уақытта төртбұрыштың бұрыштарына қарап шығу.

4. «Мұрынмен сурет салу»

Балалар көздерін жұмады.Мұрындарын ұзын екен деп ойлап,тәрбиешінің айтқан тапсырмасы бойынша сурет салады,әріптер және т.с.с.



«Ой, біз қалай көп жаздық!»

Ой, біз қалай көп жаздық,

Көзімізді шаршаттық.

(Көздерін ашып-жұмады)

Бәріміз терезеге қарайық,

(Барлығы терезеге қарайды)

Алтын күн тұр биікте,

(Жоғары қарау)

Көзімізді жабайық!

(Алақандарымен көздерін жабады)

Топта кемпірқосақ жасап,

Үстінен біз жүреміз.

(Доғаны оңнан солға,солдан оңға қарай көзімізбен жүгірту)

Оңға,солға бұрылып,содан соң төмен қараймыз.

(Төмен қарау)

Көзімізді қатты жұмамыз,

Мықты болып шығамыз!

(Көздерін қатты жұмып, ашып-жұмып жыпылықтату)

Көзімізді жаттықтырайық...

Көзіміздің шаршағанын басу үшін,орнымызда тұрып-ақ оңға,солға,жоғары-төмен,көзімізбен сурет салып,шеңбер жасаймыз.Жаттығуымыз тақпақ барысымен орындалса өте тамаша болмақ!

Көзім менің айналаны көреді,

Шеңбер бойы жүреді.

Көретіні соншалық,

Жаңылыспай келеді.

Дөңгеленіп айнала,

Бар әлемді көреді.

Тезірек көзді жыпылықтату,көзімізді жұмып отырып,ақырын 5-ке дейін санаймыз.(4-5 рет қайталау)

Көзімізді қатты жұму (3-ке дейін санау),қайтадан ашып,ұзаққа көз тігіп 5 -ке дейін санаймыз (4-5 рет қайталау).Оң қолымызды алдыға созамыз(4-дейін санағанша),басымызды қозғамай көз қиығымызбен қолымызды бойлай,оңнан-солға,жоғары-төмен қараймыз.(4-5 рет) Қолымызды созып,көрсеткен саусағымызға қараймыз (4-ке дейін санау),содан соң көз қиығымызды 1-6 санағанша ұзаққа тігеміз.(4-5 рет), орташа қалыппен көзімізді шеңбер бойымен оңға,солға айналдыру.Көзіміздің бұлшық еттерін демалдырамыз, кейін 1-6 дейін санағанша алысқа көз тігеміз. (1-2 рет қайталау)



  1. «Күн»

Көз қиығымызды айналдыра мұрнымызбен шеңбер жасау.

  1. «Сәбіз»

Басымызды оңға- солға бұрып,мұрнымызбен сәбізді саламыз (көз қиығымызды жүгірту)

  1. «Буратино»

Буратино өзінің ұзын,әрі әдемі тұмсығымен сурет салады (көз қиығымызды жүгірту)

  1. «Ой,біз қалай көп жаздық!»

Ой, біз қалай көп жаздық,

Көзімізді шаршаттық!

(Көзімізді жыпылықтату)

Терезеге қарайық,

(оңға-солға қараймыз)

Алтын күн тұр биікте,

(Жоғары қарау)

Көзімізді жабайық!

(Алақанмен көзімізді жабу)

Топта кемпірқосақ жасап,

Үстінен біз жүреміз

(Доғаны оңнан солға,солдан оңға қарай көзімізбен жүгірту)

Оңға,солға бұрылып,содан соң төмен қараймыз.

(Төмен қарау)

Көзімізді қатты жұмамыз,

Мықты болып шығамыз!

(Көздерін қатты жұмып, ашып-жұмып жыпылықтату)

Көздің сыртқы бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

  1. Отырамыз,ақырындап көзімізді еденнен төбеге дейін қараймыз,содан соң керісінше төбеден еденге қарау (басымызды қозғалтпай,8-12 рет қайталау)

  2. Ақырындап көз қиығымызды оңнан солға және керісінше жүргіземіз (8-10 рет)

  3. Көз қиығымызды шеңбер бойымен айналдыру және керісінше қайталау (4-6 рет)

  4. Көзімізді жиі жыпылықтату (15-30сек)

Көздің ішкі бұлшық еттерін шынықтыру жаттығулары «Әйнектегі белгі» әдістемелік тәсілімен жүзеге асады. (Э.С.Аветисов)

Жаттығу «Әйнектегі белгі»

Жаттығушылар көзілдірікпен терезе әйнегінен 30-35см арақашықтықта тұрады,көз алдарына домалақ белгілер пайда болады (3-5мм)

Алыстан сол белгіге көзімізбен қарай отырып,басқа заттардың пайда болғанын көреміз.Көзімізді алма -кезек алмастыра отырып,бірде әйнектегі белгіге қарасақ,бірде затқа қараймыз.Жаттығу күніне екі рет 25-30 күн аралығында орындалады.Егер де осы уақыт аралығында қалыпты нәтиже болмаса,жүйелі түрде үзіліс жасай отырып 10-15 күн орындау керек.

Алғашқы екі күнде жаттығу уақыты- 3 минут болса,келесі екі күн - 5 минут,қалған күндері - 7 минуттан орындалады.

© 2010-2022