Салмақ туралы түсінік. Технологиялық карта

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: Таным

Бөлімі: ҚМТҚ

Тақырыбы: Салмақ туралы түсінік. Көрсеткіштері қарама-қарсы (алақандағы)

заттардың салмағын салыстыру.

Мақсаты: ауыр-жеңіл ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру, салыстыруда ауыр-жеңіл сөздерін пайдалана білуге үйрету; геометриялық пішіндер туралы түсініктерін қалыптастыру; ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекі құралдар: үйрек және 2 балапанның суреті, шелегі бар тауықтың және көбелектің суреті, 3 тәрелке, тарысы бар ыдыс, 2 қасық, стақан, бокал, 2 үлкен ожау, таразының суреті, шартты өлшеуіштер бейнеленген суреттер. (қасық, стақан, шанышқы, бокал) дүкен, дүкенде сатылатын заттар (күріш, қант, тұз) ,

Тарапта материалдар: дөңгелек, үшбұрыштар (әр балаға 10 данадан)

Екі жолақты карточкалар.

Әрекет

кезең

дері

Тәрбиеші әрекеті

Балалар әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Балаларға Қонжықтың қонаққа келетінін хабарлау. Есік қағып Қонжық келеді. Амандасады.

Қонақ келетініне қуанады. Қонжықтың келгеніне риза болып, төрге шақырады.

Амандасады.

Ұйымдас

тыру

Ізденіс жүргізу






Қонжықтың балаларға қатты, сұйық, сусымалы заттар туралы түсіндіреді. Қатты заттар өзінің көлемін сақтайды., ал сұйық заттар мен сысымалы заттарды арнайы ыдыстарды сақтаймыз. Сұйық заттарды шелекте,кеселерде,құтыда сақтаймыз, сусымалы заттарды дорбаларда қаптарды сақтаймыз. Қатты заттарды ауыр, жеңілін қолмен ұстап білеміз немесе көзбен байқаймыз. Тас ауыр, қауырсын жеңіл, Сұйық және сусымалы заттарды үйіндісіне салынған ыдысына қарай анықтаймыз. Бір қап ұн ауыр, бір дорба ұн жеңіл.

Суретпен жұмыс: Суреттегі заттардың қайсысы ауыр жеңілін топтастыру.

Сергіту сәті: Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тілідей солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ.

Балалар Қонжықтың суретіне қарай отырып, сусымалы, сұйық, қатты заттарды ажыратады. Оларды түрлерін және сақтайтын ыдыстарын суретке қарай отырып айтады.

Сұйық заттарға су,сүт,айран, сусын т.б. жатады. Сусымалы заттарға ұн,күріш, тары т.б. жатады.

Ұн, қант, құм, су, тұз, күріш

Балалар суретке назар аударып, ол туралы түсіңіктерін айтады.

Балалар тақтада тұрған баланың қолындағы заттардың қайсысы ауыр-жеңіл екенін айтады. айтады.

Тас ауыр, кубік жеңіл екенін айтады.

Суреттегі заттарды салмақтарына қарай топтасырады. Тас, бір шелек су ауыр, қауырсын, кеседегі су жеңіл. Т.б.

Екі қолдары белде, аяқтары иық көлемінде, оңға, солға иіледі, Оң, сол аяқтарын кезекпен алдыға созады

Рефлекция - түзету жұмыс

тары

(коррекция)



Сюжеттік ойын: Дүкенші

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту.

Өздерінің күнделікті көріп жүргендерін есеріне түсіртіп, дүкеннен заттарды сатып алу керектігін айтады. Ойын шартын бұзбауды өтінеді. Кезекке тұрып сауда жасау керектігін түсіндіреді.

Сауысқан көмектескендері үшін қуанып, балалардың біліміне риза болады. Сыйлыққа жұлдызшалар сыйлайды.

Балалармен қоштасады.

Біз қандай заттармен таныстық?

Олардың салмақтары қандай ?

Балалар алған білімдері бойынша ойынға белсене қатысады. Бір бала сатушы болып тағайындалады. Қалған балалар сатып алушылар болады.

Дүкенге келіп сатушыдан керек заттарын атап, қандай мөлшерде екенін айтып сатып алады.

Сауысқанға балапандарына тарыны тең бөліп беруге көмектескендері үшін қуанады.

Сыйлық алғандарына риза болады.

Қонақпен қоштасады.

Сұйық және сусымалы заттармен таысқандарын айтады. Қолмен ұстау және көзбен көру арқылы салмағын анықтайтындарын айтады

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Сұйық және сусымалы заттарды ажырата біледі. Заттың ауыр-жеңіл екенін

ажырата білед.

Түсінігі бар: сұйық және сусымалы заттарды өлшегенде салмағының ауыр , жеңіл болатыны туралы түсініктері бар (2 кг қант ауыр, 1 кг қант жеңіл тартады.)

Орындай алады: Сұйық және сусымалы ,заттарды шартты өлшеуішпен өлшей

алады.


© 2010-2022