Заттың санын цифрмен сәйкестендіру

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Заттың санын цифрмен сәйкестендіру.Математикалық жұмбақ. Алыс жақын.Оң жақ,

сол жақ. Көлемін айыру. Баланың зейінін дамыту.

Мақсаты: Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді уйрету. Математикалық жұмбақтарды

шешуге үйрету. Логикалық тапсырмаларды үйрету.Алыс, жақын, оң және сол жақ

ұғымдарын түсіндіру.

Қане, балалар, оқу іс- әрекетімізді сәлемдесу рәсімімен бастаймыз.

Амансың ба Алтын күн!

Амансың ба Көк аспан!

Амансың ба достарым!

Амансыз ба қонақтар!

Жарайсыңдар ! Балалар, бүгін біз үшін ерекше оқу- іс әрекеті. Өйткені бізге көп қонақтар келіпті.

Жақсы, оқу іс- әрекетімізді бастайық.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

- 3 ай

-Наурыз, Сәуір, Мамыр.

-Балалар бір аптада неше күн бар?

-Жеті күн

-Балалар, біз апта туралы қандай тақпақ білеміз?

Аптпа деген ағайдың,

Жеті бірдей ұлы бар

Біріншісі Дүйсенбі

Екіншісі Сейсенбі

Үшіншісі Сәрсенбі

Төртіншісі Бейсенбі

Жұма деген бесінші ұл

Алтыншы ұл ол сенбі

Жетіншісі Жексенбі.

Өте жақсы! Балалар.

Ғажайып сәт

(Есік қағылып топқа сиқырлы сандықпен кіреді)

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, Дымбілмес! Ал мынау қолыңдағы не? Бізге сыйлық әкелдің бе?

Дымбілмес: Жоқ, бұл ма бұл (мұңаяды) Мен тек кәмпит жегенді, ойнағанды ұнатамын. Сабақ оқығым келмейді. Мына сандықтың аузын ашайын десем ашылмайды.

Тәрбиеші: Дымбілмес бұл жай сандық емес, сиқырлы сандық. Бұл сандықтың аузы кілтпен емес, біліммен ашылады. Бұл - білім сандығы. Ал мына сандықтың үстіндегі хатты көрдің бе?

Дымбілмес: Ия, маған досымнан хат келді,жауабын шеше алмадым.Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: Ия.

Олай болса, дымбілмеске көмектесейік!

  1. Тапсырма

-Ал енді дымбілмес сен аюдың қалай жүретінін білесің бе? -(Ия, қоянша секіреді)

-Балалар аю осылай жүре ме?

-Жоқ. Олай болса аюдың жүрісін салайықшы.

-Балалар осы аюлардың көлемдері қандай?

(үлкен, орташа, кішкентай)

-Балалар осы аюларға бал салып жейтін ыдыстарын табуға көмектесейік.

(балалар тиістісін қояды)

Өте тамаша! Балалар сендер бұл ұғымды біледі екенсіңдер.



  1. Тапсырма Дидактикалық ойын: «Ретін тап»

Адасып қалған вагондарды ретімен орналастыру.

Вагондардың артындағы логикалық сұрақтарға жауап беру.

Сандарды ауада жаздыру.

Карточкамен жұмыс. Заттар мен сандарды сәйкестендіру.



  1. Тапсырма

Пішіндерден аңдарға үйшік құрастыру.Оңжақ, сол жақ,Алыс,Жақын, көлемдерді , түстерді айырту.Адасқан аңдардың өз үйшігін тауып беру.Пішіндердің артындағы логикалық сұрақтарға жауап беру.

Сергіту сәті:

Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ

5-ке 5- ті қосқанда

Болып шықты 10 саусақ

  1. Тапсырма

Математикалық жұмбақтар шешеміз.

  1. Бір алма берді анасы

«Аз» деп тұр оны баласы

Екеуін тағы беріп еді

Нешеу болды ойланшы.



  1. Далада жүр төрт түйе

Қосылды тағы бір түйе

Жалпы саны түйенің

Болды, неше есепте?



  1. Айманда болды 5 алмұрт

Әселге берді 2 алмұрт

Айманның қалды қолында

Неше алмұрт тез ойла



  1. Далада тұр екі ешкі

Қорада тұр екі ешкі

Болды барлығы неше ешкі.

Дымбілмес: Ой, балалар, бұл тапсырманы жақсы орындадыңдар. Ақылды, білімді екенсіңдер.Мен сендердің көмектеріңнің арқасында көп нәрсені үйрендім.

Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы, тапсырманы дұрыс орындағандықтан сиқырлы сандықтың аузы ашылды.

Дымбілмес: Алақай, жарайсыңдар. Сендер менің сиқырлы сандығымның кілтін таптыңдар, сендер көп біледі екенсіңдер. Қанеки, ішінде не бар екен, ашып көрейік.

-Балалар, бүгінгі біздің оқу іс- әрекетімізге кім келді?

-Дымбілмес

-Дымбілмес неге келді?

-Көмек сұрап келді.

-Дымбілмеске қандай тапсырмалар орындап көмектестік.

Аюдың көлемдерін айырып, бал салатын ыдыстарын тауып бердік.

Адасқан вагондарды ретімен орналастырып, логикалық сұрақтарға жауап бердік

Адасқан аңдарға үйшіктерін тауып, құрастырып бердік.

Алыс, жақын, оң жақ, сол жағын айырып бердік

Математикалық жұмбақтарды шешіп үйреттік.

Өте жақсы, балалар , біз көптеген тапсырмаларды орындадық. Барлығыңызда жақсы қатысқандарың үшін жұлдызшамен марапаттаймын.

Сау болыңыздар!

Күтілетін Нәтиже:



Қолынан келуі: Заттарды сандармен сәйкестендіре алды.

Білуі қажет : математикалық Көлемдерді , алыс, жақын, оң жақ, сол жақ ұғымдарын білуі.

Сандарды тура және кері санау, логикалық есептерді жұмбақтарды шеше

білуі.Дымбілмес арқылы балалардың оқу іс- әрекетіне қызығушылығы артты.

Болу керек: Зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамыған.



© 2010-2022