Үй жануарлары ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Әдіскер: А.Әбдірахманова


Ұйымдастырылған ашық оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: «Ботақан» тобы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Үй жануарлары »

Мақсаты: а) Білімділік: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, төлдерін тануға үйрету.

ә) Дамытушылық: Үй жануарларына байланысты тақпақ, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту

б) Тәрбиелік: Олардың бізге тигізер пайдасын айту, күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Үй жануарлары - домашные животные, сиыр -корова, жылқы - лощадь, түйе - верблюд, қой - баран, ешкі - коза.

Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, дидактикалық материалдар.

Әдіс-тәсілі: шаттық шеңбері, түсіндіру, үйрету, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сергіту сәті.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

әрекеті

Балалардың

әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Келген қонақтармен сәлемдесу

Шаттық шеңбері

Балаларды шаттық шеңберіне жинап, қолдарындағы жүрек жылуын ұшырып, қонақтарға ұсыну.

- Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Үй жануарлары » деп аталады.

Балалар бір-біріне қарама - қарсы тұрып, «Қуыр-қуыр қуырмаш» саусақ ойынын ойнайды:

Қуыр-қуыр қуырмаш,

Балапанға бидай шаш,

Бас бармақ,

Балалы үйрек,

Шүлдір шүмек,

Кішкене бөбек.

Сен тұр - қозыңа бар!

Сен тұр - лағыңа бар!

Сен тұр - құлыныңа бар!

Сен тұр - бұзауыңа бар!

Сен тұр - ботаңа бар!

Ал, сен, алаңдамай

Қазан түбін жалап, үйде жат.

- Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын айтып өтейін, белсене араласып, сұраққа жауап беріп отырған бала жұлдызшамен бағаланып отырады. Оқу іс-әрекет соңында әрбір баланың жұлдызшаларын санаймыз.

- Сәлеметсіздер ме?

Здраствуйте! Coodmorning!

Шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдастыру-ізденушілік

































Рефлексивтік-

түзетушілік



Үй жануарлары туралы әңгімелесу

- Балалар, сендер үй жануарларына, яғни төрт түлік малға нелер жататынын білесіңдер ме? Ал қандай жануарлар жатады, қанеки атаңдаршы!

- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Сендер қалай ойлайсыңдар, неліктен оларды үй жануарлары деп атайды?

- Иә, өйткені адамдар оларды күтіп баптап, жем-шөптерін дайындап береді. Оларды үйде ме, әлде үйдің жанында тұра ма?

- Қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе үйдің жанында қорада өмір сүреді. Ал мысық? Ит ?

- Үй жағдайында ұстайтын, оларға адамдар қамқорлық жасайтын ол - үй жануарлары.

Ертерек заманда, көшпенділік кезінде қазіргідей көлік болмаған, сол уақытта төрт түлік малды көліктің орнына мініп, жүк артып, арба жеккен. Тағы осы малды ас қылып етін жеген, сүтін ішіп, айран, қатық, майларын алып отырған. Біздің еліміздің жері, мал өсіруге өте қолайлы. Қазақ халқын малсыз елестету мүмкін емес.

«Не қалай дауыстайды?» ойыны

Қой маңырайды

Сиыр мөңірейді

Жылқы кісінейді

Түйе боздайды

Ешкі бақырады

«Төлдерді ата» ойыны

- Сиыр төлі

- Жылқы төлі

- Түйе төлі

- Қой төлі

- Ешкі төлі

«Төлдер жыры»

Ерасыл: «Бөрте лақ»

Шөре-шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым!

Секектеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Жасмин: «Әукешім»

Әукім-әукім, әукешім!

Қасиыншы әукесін.

Енең әне, келеді,

Ақ мамасын береді.

Дәулет: «Ботақаным-бөбегім»

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды.

Балнұр: «Құлыншағым-құндызым»

Құлыншағым-құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

Сергіту сәті

Тіктеп титтей құлағын

Ботам былай жүреді.

Сыртылдатып тұяғын,

Бұзау былай жүреді.

Жұмбақ шешу

Иiр-иiр денесi,

Сахараның кемесi,

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады. (Түйе)

Тастан-тасқа секiредi,

Қалқиып қос құлағы,

Ойын болып көкiрегi,

Аула оның тұрағы. (Лақ)

Ерiксе,

Құйрығымен ойнайды.

Зерiксе,

Ұйқыға бiр тоймайды. (Мысық)

Табанынан тыз етiп,

Жүрсе дағы сыз өтiп.

Күнi-түнi ерiнбей,

Үйдi жүрер күзетiп. (Ит)

«Кім қалай әндетеді?» саусақ ойыны

Кездесіп екі күшік, ән айтты бірігіп:

2-саусақтарын түйістіріп:

Кездесіп екі мысық, ән айтты бірігіп:

3-саусақтарын түйістіріп:

Кездесіп екі құлын, ән айтты бірігіп:

4-саусақтарын түйістіріп:

Кездесіп екі қозы, ән айтты бірігіп:

Кездесіп екі ешкі , бір-бірімен сүзісті.

Қолдың ортасындағы үш саусақты жұмып, кішкене саусақ пен бас бармағы ешкінің мүйізі болады. Балалар бір-бірін қолдарымен сүзеді.

«Төлдерді қалай шақырады?»

-Қой қозысын қалай шақырады?

-Ешкі лағын қалай шақырады?

-Жылқы құлынын қалай шақырады?

-Түйе ботасын қалай шақырады?

-Сиыр бұзауын қалай шақырады?

«Төлдер айтысы» қазақ ертегісін балалар рөлдерге бөліп орындайды.

Асқар - лақ: - Мә-ә-ә! Әрине, иеміз бізді жақсы көреді. Ол біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады.

Айгерім - қошақан: - Ме-е-е! Ал біз ше!? Адамға біздің етіміз өте ұнайды! Ол біздің жүнімізден жылы кеудешелер, бас киім, қолғап тоқып, көрпе жасайды. Иеміз бізді жақсы көреді, бізден пайдалысы жоқ!

Жандәулет - бұзау: - Мө-ө- ө! Сендер босқа мақтанасыңдар, адам тіршілігіне ең қолайлы сиыр малы. Бізден шелек-шелек сүт, қарын-қарын май , ірімшік алады, етімізді жейді. Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ.

Оңалсын - құлын: - Орынсыз мақтанбаңдар! Иеміз біздің етімізден қазы-қарта, шұжық жасайды, қымыз алады. Адамның мінетін көлігі де - біздер!

Ұлжан - бота: - Бәріңнен де адамдар бізді жақсы көреді. Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы! Оған ешнәрсе жетпейді.

Мадияр- адам: - Төлдерім, босқа таласпаңдар! Сендердің әрқайсысыларыңның өз орындарың бар! Адам үшін бәрің де пайдалысыңдар, керексіңдер!

Қорытындылау

Балаларды шеңберге жинау.

Өлеңі: С.Асанов, әні: Ә.Бейсеуов «Қошақаным қайда екен?» әнін орындайды

Жазда апамның аулына

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан

Шыға келді жүгіріп,

Ақ маңдайлы ай ме екен,

Шекер ме екен, бал ме екен.

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен.

Қонақтарға жүрекшелер таратылып, балаларға арнап тілек жазады, оны үлкен жүрекке жапсырып, жазылған тілекті балаларға оқып беру.

Оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау, жұлдызшаларды санау, мақтау

Иә

- Қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы, мысық, ит

Олар адамның жанында өмір сүреді.

Үйдің жанында қорада тұрады.

Үйдің ішінде, ит үйдің сыртында үйшікте тұрады.

-Мә, мә, мә

-Мө, мө, мө

-Ио, ио, ио

-Бө, бө, бө

-Бе, бе, бе

- Бұзау

- Құлын

- Бота

- Қозы

- Лақ

Сергіту сәтін орындайды.

Жұмбақтардың жауабын шешеді.






-аф, аф, аф

-мяу, мяу, мяу

-ио, ио, ио

-мә, мә, мә


Пұшайт - пұшайт

Шөре - шөре

Құрау - құрау

Көс-көс

Аухау - аухау

Күтілетін нәтиже: Балалар оқу іс-әрекетіне белсенді қатысып, қызығушылық танытады

Нені біледі: Әрбір бала үй жануарларын және оның төлдерін, пайдасын, қажеттілігін біледі. Оларды бір - бірінен ажырата алады.

Қандай түсініктерді игерді: Үй жануарлары қолға үйренген жануарлардың түрі екенің игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін қалыптасады. Төлдерді шақыру туралы тақпақтарды мәнерлеп айтады. Үй жануарларын айыру, олардың дауысын, жүрісін бейнелеуге шығармашылықпен қарайды.


© 2010-2022