Психологиялық тренинг Мен жан жақты және қайталанбас бейнемін

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мен жан-жақты және қайталанбас бейнемін»

Мақсаты: Педагогтар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, әр баланың жеке қырынан, өзіндік имиджін көрсете білуге баулу, тәрбиешілердің өзіндік қабілеттері мен ішкі жан дүниесіне үңілу, оны дамыту.
Жоспары:
1. «Танысу» тренингі
2. «Эмоцияны жаттықтырамыз»
3. «Шәйнек» ойын
4. «Бар ма, әлде жоқ па? » ойыны
5. «Иә және жоқ сөздерін айтпау» ойыны
6. «Сиқырлы көл» (релаксация)

Ереже
Белсенді қатысу
Тыныштық сақтау
Ойын ашық айту
Бір - бірін сынамау
Ынтымақтылық


- Қымбатты тәрбиешілер Осынау шуақты да мейірімді күнде сіздермен кездескеніме қуаныштымын! Бүгін біздерге қонақтар да келіп отыр, оларды күлімдеп қарсы алып, бүгінгі күнімізді бірге өткізейік. Бүгін біздер бір-біріміздің көңілімізді көтеру үшін түрлі ойындар ойнаймыз. Бір-біріңіздің жүректеріңізге мейірім мен жылы от беруге дайынсыздар ма? Ендеше бастайық.
Жеке адам өмірінде эмоциялық күйдің үлкен мәні бар. Көңіл күй адамның барлық толғаныс, тербелістері мен әрекетіне өң беретін біршама ұзақ эмоциялық күй.
Көңіл күйдің өзгеруінің әрқашанда бір себебі болады. Ол себеп-табиғат, түрлі оқиғалар, адамдардың қарым-қатынасы, орындалатын әрекет, денсаулық жағдайы болуы мүмкін.
Адамның көңіл-күйі жақсы, сергек кезінде елеулі қиындықтардың өзі оңай , орындалып жатқан жұмыс қызық, ал адамдар қайырымды және ұнамды болып көрінеді. Көңіл-күйі нашар болса, шамалы ғана кедергі , қиыншылық бітпестей болып, кез-келген жұмыс қызықсыз, зеріктіретін, қиын болып, адамдардың бәрі ұнамсыз, әдепсіз болып көрінеді. Адам өз көңіл күйінің қожасы. Көңіл-күйін басқарудан жеке адамның өсіп жетілуі көрінеді. Ендеше балалар, психологиялық күйдің бірі-күлкі болып табылады. Ақжарқын күлкіден, көтеріңкі көңілден біздің өміріміз қызықты, сәнді болады. Бүгінгі тренинг сабағымыздың тақырыбын «Мен жан-жақты және қайталанбас бейнемін» деп бекер алып отырғанымыз жоқ.

1.«Танысу» тренингі.
Мақсаты: Әрбір оқушыға өзінің өмірлік ұстанымдарын анықтауға көмектесу, өз-өзіне деген сенімділік күштерін ояту.
Мазмұны: Тренингке қатысушы басқа қатысушылармен амандасады және өзінің есімі мен бойындағы үш жағымды қасиетін айтады. Мысалы: Сәлеметсіздер ме! Менің есімім: Жангүлім. Жағымды қасиетім: сабырлы, мейірімді, бауырмал. Уақыты: 3 минут.


2.«Эмоцияны жаттықтырамыз» жаттығу
Мақсаты: Танымдылыққа және сезімдердің ерікті көрінуіне үйрету, қимыл-қозғалысты басқару біліктілігін жаттықтыру және өз мінез-құлқын бақылау.
Нұсқау: Бүгін біздер актер болуға әзірленеміз. Актерлар мектебіне аздаған тексеруден кейін қабылданады. Сонымен сендер қимыл-қозғалыспен берілген тапсырманы орындайсыңдар.
1. Күзгі бұлт сияқты түнеру керек
2. Ренжулі адам
3. Ұясынан құлаған құстың балапаны
4. Мысықтың күнге қарағаны сияқты жымию
5. Күн
6. Айлакер түлкі
7. Жылап тұрған адам
8. Өлең айтып тұрған адам
9. Жаңадан жүріп үйреніп жүрген кішкентай сәби
10. Сабақ оқымай, жауап бере алмаған оқушы
11. Шешім таба алмай жүрген адамның бейнесін сал
12. Баласына ашуланған ана
13. Қара жорға биін билеп жатқан адам
14. Ой үстіндегі ақын
15. Жайқала өскен алма ағашы
16. Сабақ оқымаған оқушыға ренжіген мұғалім
17. Добын тартып алған бала
18. Фотограф бейнесі
19. Тасбақаның жүрісі
20. Роботтың қозғалысы
Бәрің де жақсы орындадыңдар. Барлығың да актерлыққа қабылдандыңдар


3.«Шәйнек» Психологиялық ойын
Қымбатты достар, енді бәріміз орнымыздан тұрайық та бір қуанып ойнап алайық. Барлығыңызды ортаға шақырамын. Шәйнектегі су қалай қайнайды екен, соны көрсетіп көрейік. Қол қимылымен мен сіздерге көрсетіп беремін, содан кейін өздерінің ұйымшылдықтарын, зеректіктерін көрсетіп қайталап беруі керек. /қол қимылы/
Шәйнектің / / қақпағы _
Қақпақтың _ шошағы
шошақтың түтігі
түтіктен бу шығады


Керісінше қайталайық!
бу шығады түтіктен
түтік шошақтікі
шошақ қақпақтікі _
қақпақ _ шәйнектікі / /
Рахмет достар.


4.«Бар ма, әлде жоқ па?» ойыны
Мазмұны: Егер қатысушылар тұжырыммен келіссе, қолдарын жоғары көтеріп, «Иә» деп айқайлайды, ал егер келіспесе «Жоқ» деп айқайлап аяқтарын аяқтарын тарсылдатады.
- Далада жарық болама?
- Теңізде балықтар болама?
- Бұзауда қанат болама?
-Шошқаның шұқитын тұмсығы болама?
-Іннің есіктері болама?
-Әтештің құйрығы болама?
-Олеңнің ырғағы болама?
-Жылқыда мүйіз болама?
-Сиырлар ұша ма?
-Кірпінің инелері ұштыма?
-Онда қате бар ма?

5.«Иә және жоқ сөздерін айтпау» ойыны
Мазмұны: Белгілі бір сөздерді айтпауды үйрену керек. Бұл қандай сөздер? «Ия» және «Жоқ» сөздерін айтуға болмайтын ойынды ойнаймыз. Назар аударыныздар, мен қазір әрқайссыңызға сұрақ қоямын, ал сендер жауап бергенде «Ия» және «Жоқ» сөздерін айтпауларың керек.
-Сен қазір ұйықтап жатырсың ба?
-Түнде күн шыға ма?
- Сен балмұздақты ұнатасың ба?
-Сенің атың Айнұр ма?
- Сен дәрігерге барғанды ұнатасың ба?
-Дәрігер балалардың шашын алама?
-Сен бала бақшаға барасың ба?
-Қыста ыссы болама?
-Сен жұмыс істейсің бе?
-Кәмпит тәттіме?
-Күннің түсі көк пе?
-Сенің әкең қуыршақпен ойнайма?
-Сен жүзе білесіңбе?
-Жазда шаңғы тебе ме?
-Сен мультфилм қарағанды ұнатасың ба?
-Мұз жылы болама?
-Сен айтқанды тыңдайсың ба?
-Сен тұс көресің бе?

6.«Сиқырлы көл» (релаксация)
/жай музыка ойнап тұрады, психолог жай даусымен ертегі елесті айтады, ал қатысушылар көздерін жұмып, сол ертегінің кейіпкері етіп өздерін сезінеді/
- Біздің жер шарымызда бір жер бар. Ол жердің ауасы таза, шипа, сол ауамен демалса, ләззат сезіміне бөленеді. Айналасы көз тоймайтын табиғи сұлулық. Жерге қараса, айналасы толған хош иісті гүлдер бір көлді қоршап тұр. Ол гүлдің суы мөлдір, астында бұлақ болғандықтан дәмі өте тәтті, қайта-қайта ішкің келеді, айдында екі аққу жүзіп жүр. Сол жерде бір адам тұрады. Ол өзін-өзі ең бақытты адаммын деп сезінеді?
Мен әрқайсыларыңыздың қасына барып сол адамды көрсетемін, ал
қалғандары өз кезегін күтіп отырады. /Психологиялық талдау жасалады/

Қорытынды: Бүгінгі тренингімізді қорытындылау үшін оқушыларға келесідей сұрақ беріледі:
1. Бүгінгі сабақтан алған әсерім?

Күлкі бақытты, жылылықты, берекені білдіреді. Ақжарқын, көңілді адамның өмірінде жолы болғыш келеді. Достарыңызбен кездескенде ақжарқын күлкіңізді сыйлаңыз. Көңілді көңіл күй адамға қанат бітіреді, әдемі шын ниетті күлкі адамға шипа ем.

Бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға үлкен рахмет!



© 2010-2022