Қоршаған ортамен танысу/экология сабағы Көліктер

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 20-Қаңтар

Білім беру саласы: Таным.

Білім Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, экология.

Тақырыбы: Көліктер.

Мақсаты: 1.Балаларға көліктер туралы білім беру.

2.Көліктерді салыстырып, ортақ белгілері мен айырмашылықтарын тауып, көшеде жол ережесін сақтай білуге үйрету.

3.Көлік жүргізушілерінің еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.

Көрнекіліктер: көліктің әуеде, жерде, суда жүретін түрлерінің суреті. Ойыншық машина, ұшақ, кеме.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері



Педагогтың іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті


Мотивациалық- қозғаушылық

Ұйымдастырушылық-ізденістік






Рефлексиялық-түзетушілік





Балалар шаттық шеңберіне тұрып, күн сәулесіне қарап, бір-біріне деген қуаныш сезімдерін білдіреді.

1. Әңгіме жүргізу.

-Көліктер әуеде, суда, жерде жүретін болып үшке бөлінеді. Әуе көліктеріне ұшақ, зымыран, ал су көліктеріне кеме, қайық, ал жер көліктеріне машина, автобус, трамвай, троллейбус, пойыз жатады.

Қоршаған ортамен танысу/экология сабағы КөліктерҚоршаған ортамен танысу/экология сабағы Көліктер

Қоршаған ортамен танысу/экология сабағы Көліктер

Бұл көліктердің бәрін арнайы мамандар жүргізеді. Көліктің пайдасы адамның уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Балалар, сендер балабақшаға келгенде қандай көлікке отырасыңдар?

Ата-аналарыңның машиналарының маркаларын (аттарын) білесіңдер ме?

Көліктердің адамдарға пайдалы жағы да, зиянды жағы да бар. Адамға пайдасы қалай деп ойлайсыңдар?

Пайдасы: адам баратын жеріне тез жетеді. Зиянды жағы: көліктерден бөлініп шығатын газдар мен түтіндер ауаны ластайды. Ауаны тазарту үшін жыл сайын көктемде ағаштар, гүлдер отырғызылады.

2.Жұмбақ жасыру.

Құстан аумайды,

Көкте зулайды. Ол не?

-Иә, балалар, ол - ұшақ. Ұшақ әуеде ұшатын көлік түріне жатады.

3.Сергіту сәтін өткізу.

4.Ойын: «Көңілді пойыз».

Шарты: балаларды қатарға

тұрғызып, бірінің белінен бірі ұстап, бір қатармен пойыздың дыбысын салып жүргізу.

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап

арқылы пысықтау.



Балалар тербеле жүріп, бір-біріне тілек айтады, жүрек жылуларын сыйлайды.

Суреттерге қарайды. қайталап айтады.


Балалар жауап береді:

- Тайота, джип, мерседес т.б.

Балаларға ой тастау. (Машинамен жүреміз, отырамыз, қыдырамыз т.б.).




Балалар қимыл-

қозғалыспен

жасайды.

Балалар бірге

ойнайды.

«Пуп-пуп, пуп-пуп»

деп жүреді.

Балалар жауап

беруге тырысады


Күтілетін нәтиже:

- көліктерді бір-бірінен ажыратуды біледі;

- жұмбақты шешіп, тапсырманы дұрыс орындау дағдыларын игереді;

- көліктердің адамға пайдасын және көлікте тәртіп, тазалық сақтау ережелерін меңгереді.



© 2010-2022