Орман мекендеушілері технологиялық карта

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Орман мекендеушілері

Білім беру саласы: Таным

Кіші сала: Экология

Мақсаты: Орман мекендеушілері - аңдарды ( аю, қасқыр, түлкі, қоян, тиін ) бір - бірінен ажырата білу.

Білімділігі:Жабайы аңдардың атаулары мен тіршілігі туралы негізгі білім қорларын жинау;

Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Дамытушылығы: Жабайы аңдардың төлдерінің атауларын біліп, олар туралы тақпақ жаттау.

Көрнекілігі: Жабайы аңдар, олардың балаларының суреттері, ойыншықтар, мнемо кесте т.б.

Әдіс - тәсілдер: саяхаттау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын т.б.

Жүрісі

Шаттық шеңбері

Жарқырап күн ашылды,

Әлемге нұр шашылды.

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достар! (Бір - біріне күлімсірей қарап амандасады).

Тәрбиеші:- Балалар, бүгін бізде ерекше күн. (Есік қағылып, ішке сиқыршы кіреді. Балалармен амандасады).

Сиқыршы:- Балалар мен сендердің тілектеріңді орындау үшін әдейі келдім. Қандай тілектерің бар? (Балалар ойланады).

Тәрбиеші: - Балалар, саяхатқа шыққыларың келмей ме? (Балалар қуана келіседі). Олай болса сиқыршы біздерді орманға апарсын.

Сиқыршы: - Жарайды балалар, ендеше көздеріңді жұмыңдар.

(Балалар көздерін жұмады. Сиқыршы сиқырлы сөздерін айтады. Балалар көздерін ашқанда, орман бейнесіне тап болады.Сиқыршы балалармен қоштасып кетіп қалады).

Тәрбиеші: - Балалар біздер қайда тұрмыз?

Орманда ағаштардан басқа нелер бар? Ағаштардың түбіне , бұтақтарына мән беріп қараңдаршы?

- Ағаштың түбінде аю ұйықтап жатыр.

- Дұрыс айтасыңдар. Бұл - аю.

Балалардан аю туралы білетіндерін сұрау.Балалардың жауаптарын тыңдап, толықтыру. Аю баласы қонжық екені,өмір сүруі, қоректенуі т.б. мағлұматтар түсіндіріледі. Балалар қасқыр, түлкі және қоянды көргендерін айтады.

Сұрақ - жауап арқылы суреттерді пайдалана отырып аңдардың жыл мезгіліне қарай тіршілік етуі, немен қоректенетіндігі жайлы түсіндіру.

Аю - қонжық, қасқыр - бөлтірік, түлкі - мыршай, қоян - көжек.

Балалар, кім жабайы аңдар туралы тақпақ біледі екен. Кім айтады?

Темірлан: Ақ қоян- ау, ақ қоян,

Үркек қоян , сақ қоян.

Қаша берсең қалыңға

«Қорқағым» деп ат қоям.

Сезім: Ойыншығым қонжығым,

Анасында білмейді.

Қорбаңдаған аюды

Түсінде де көрмейді.

Санжар: Түлкі, түлкі қутыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың,
Қанша қулығыңды асырсаң да,
Қасқырдан сен құтылмайсың.
Айзере: Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады,
Аспанға қарап ұлиды,
Малды ауылды ториды.

Балалардың көіңлін бұтақта отырған ерекше аңға аудару.Бұл - тиін. Ол жаңғақты сүйіп жейді. Балалар, орманда аңдар көп екен. Олардың қоршаған орта - табиғат үшін, адамдар үшін пайдасы зор. Сондықтан оларды сақтап, қорғау керек.

Балалар біздер балабақшаға қайту үшін мен жасырған жұмбақты шешулерің керек.

  1. Айлакер бір қу,

Жүрген жері айқай - шу. (Түлкі).

  1. Ит сияқты пішіні

Төрт түліктің жауы. (Қасқыр).

  1. Қыста ақ, жазда сұры,

Өзі қорқақ, көзі қыли. (Қоян).

(Жұмбақ шешеу үшін суреттерді пайдалануға болады).

Балалар орындарына жайғасады.Тәрбиеші олардан саяхат туралы сұрайды.

Дидактикалық ойын: «Анасын іздеп тап».

Шарты:Әр аңның астына сәйкес балаларының суретін тауып қою.

Мнемо кесте арқылы тақпақ жаттау.

Орман мекендеушілері технологиялық карта

Орман мекендеушілері технологиялық карта


Тиінмін мен, тиінмін,

Орман мекендеушілері технологиялық карта

Орман мекендеушілері технологиялық карта


Қыста жылы киіндім.

Орман мекендеушілері технологиялық карта

Орман мекендеушілері технологиялық карта


Қоймам толы жаңғаққа

Орман мекендеушілері технологиялық карта

Орман мекендеушілері технологиялық карта


Іші жылы үйімнің.

Сергіту жаттығуы.

«Сұр қоян» әнін қимылмен орындайды.

Дидактикалық ойын: «Қалауын тап».

Шарты:Әр аңға өзінің сүйікті азығын тауып беру.

Қорытынды. Іс - ірекеттті сұрақ -жауап арқылы бекітіп, белсенді балаларды марапаттап қорытындылау.



© 2010-2022