Тақырыбы Мандариндер мен апельсиндер (Гүлдер тобы)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: «Гүлдер»

Тәрбиешісі: Кожбанова.Л.Ж.

Уақыты: 25.09.2015

Білім беру беру саласы : Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Мандариндер мен апельсиндер»

Мақсаты: Апельсин мен мандариннің айырмашылығын ажырата білуге үйрету, үлкен және кішкентай домалақ заттарды жасауды дамыту; эстетикалық талғамды сақтап, жұмысты ұқыпты жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ермексаздан жасалған апельсин мен мандариннің үлгісі, ермексаз, тақтайша, сулық.

Билингвальды компонент: үлкен-большой, кішкентай-маленький

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

Шуақ шеңбері:

-Армысың, асыл күн,

-Армысың, көк аспан,

-Армысың, достарым

-Армысың, балабақшам!

Балалар шаттық шеңберін тұрады, бір -бірімен амандасады.

Іздену -

Ұйымдастырушы

Балаларға сұрақтар қою:

-Мынау -апельсин, оның көлемі қандай?

-Ал мынау-мандарин

-Оның көлемі қандай?

-Түмтері қандай?

-Иісі қандай, қане балалар қуыршақтарымызға апельсин мен мандарин жасап берейік

-Сары түсті ермексазды біреуін үлкен, біруін кіші етіп бөліп ламыз

-алақанға салып домалақтау

-Апельсин үлкен домалақ, ал мандарин кішкентай дөңгелек

Билингвальды компонент: үлкен-большой, кішкентай-маленький

Сергіту сәті.

Торғай, торғай, торғайды

Қорғамасаң болмайды

Кіп-кішкентай торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді:

-Апельсин

-Мандарин

-Апельсин- үлкен

-мандарин-кішкентай

Балалар тәрбиешінің көрсеткен мүсіндеуін қайталап жасайды



Жаңа сөздерді қайталайды

Сергіту сәтін жасайды

Рефлексиялық - түзетушілік

  • Балалар, бугін не мүсіндедік?

Балаларды мадақтау, мақтау

-Апельсин

-Мандарин

Балалар қуанышты

Күтілетін нәтиже:

жасайды: ермексазды домалқатап апельсин мен мандаринді келтіреді;

түсінеді: апельсин мен мандариннің жемістерге жататынын;

қолданады: үлкен, кішкентай домалақтар жасау үшін;



© 2010-2022