Балабақшаға арналған ертеңгілік Біз-балдырған баламыз

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Приозерск қаласының « Достық» балалар-жасөспірімдер

шығармашылық орталығы КМҚК жанындағы

«Еркетай» шағын орталығы


Ертеңгілік

«Біз-балдырған баламыз»




«Балапан» тобының тәрбиешісі:

Кабабаева Мадина Ерболқызы.


Приозерск қаласы

2016 жыл

«Біз- балдырған баламыз»

Жүргізуші: Балдаурен -балалықтың балғын күні.

Балдаурен- қуаныш пен шаттық үні,

Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның.

Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі.

Құрметті ата -аналар, қонақтар! «Балапан» тобы балаларының

«Біз- балдырған баламыз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: «Бала дегеніміз- болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго

Виктор Мари. Бала періште. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмтылмайтын қызықты да бақытты кезеңі.

Жүргізуші: Шақырайық балаларды ортаға,

Айтылатын жақсы тілек қаншама.

Өлең айтып, тақпақ айтып, би билеп,

Өнерлерін көрсетсінші баршаға!-деп

«Балапан» тобын қарсы алаңыздар.

Музыка:(балалар кіреді)

Ән: «Балалық шақ»

Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,

Көркейтер күнді ертеңгі.

Үйренген өнерін көрсетсін,

Бүлдіршін балалар белсенді.

Ендігі кезекті бүлдіршіндердің тақпақтарына берейік.

Алуа:Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкендерге жол беріп,

Біз ақылды боламыз.

Нұрасыл: Балдай тәтті баламыз,

Ақыдымыз, данамыз.

Ойынменен өседі,

Ойымыз да санамыз.

Інжу: Бала-бала баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні- бойы қызыққа,

Батамыз да, қаламыз.

Жүргізуші: Балаларды өнерлі,

Шақырамыз ортаға.

Тамсандырып көп елді,

Би билесін баршаға.

Би: « Жаяу» « Құлышақ» тобы.

Жүргізуші: Сүйкімді періштелер сендерсің,

Қандай бейне өздеріңе тең келсін.

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Қуаныш: Біз тілейміз бар бөбекке,

Бақытты өмір сүргенін.

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын күлгенін.

Аня: Біз бақытты баламыз,

Сары, ақпыз, қарамыз.

Бәріміз де баламыз,

Тату-тәтті достармыз.

Стас: Ортақ мекен жер шарын,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достарымыз жарасқан.

Мұхамеджан: Мен кішкентай баламын,

Айтқан тілді аламын,

Анам нанға кеткенде.

Үйде жалғыз қаламын,

Шкафтарды ашпаймын.

Кітаптарды шашпаймын,

Текшелерден үй жасап,

Қызық ойын бастаймын.

Қарындашты аламын,

Қағазға сурет саламын.

Нұрдаулет: Біз бақытты баламыз,

Ақылдымыз, данамыз.

Ертеңгі күн еліміздің,

Батырлары боламыз.

Сиқыршы кіреді: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар мен сиқыршымын. Сендерге қонаққа келдім. Сендер сиқырды жақсы көресіңдер ме? Олай болса мен сендерге сиқырлар көрсетемін. Ал ойын жақсы көресіңдер ме? Бүгін біз сендер мен ойын да ойнаймыз.

Би «Каббой»

Жүргізуші: Баршамызды бала тілмен баурайтын.

Бала деген бір бақыт қой самғайтын,

Ата-ананың арманы мен тілегін.

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын,-дей отырып

құрметті қонақтар бүгінгі « Біз- балдырған баламыз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.








© 2010-2022