Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Бекітемін: Уақыты: 24.04.2015 Тобы: «Балбөбек»

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Музыка

Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары

Мақсаты:Бір әннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау,тану,салыстыру,ажыратуға үйрету.Ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпындыру.Ұлттық аспаптарға деген қызығушылық,

Көрнекілігі:Домбыра,қобыз,асатаяқ,сырнай,тайтұяқ,ұрмалы аспаптар;жетіген суреті

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы



Жұмбақ жасыру

Ұзын мойын , екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп. Бұл не?

-Домбыра мен қобыздың айырмашылығы

қандай?

-Қандай ұрмалы аспаптар түрін

білесіңдер?

Жұмбақ шешеді

Домбыра

Іздену-ұйымдастырушы

Ата-бабамыз өте ерте кездің өзінде-ақ музыкалық, аспаптардың мынадай топтарын ойлап тапқан.-Шертпе аспаптар -домбыра , шертер , жетіген , адырна

-Қияқты аспаптар -қобыз ,сазген, созаншы , егек

-Үрлеп ойналатын аспаптар-сыбызғы ,

сазсырнай , уілдек

-Ұрмалы аспаптар-дабыл , даңғыра , дауылпаз , керней.Ән тыңдау. «Қобыз» Б.Қыдырбек

Балалар музыка тыңдағанда естеріңе не

түсті?-Қобыз туралы сөз болғанда кім еске түседі?Аспаптар қандай топқа бөлінеді?

Ән айту. «Домбыра сазы» И.НүсіпбаевӘр композитор қазақтың киелі аспабы домбыраны әртүрлі әнге салып жырлаған.

-Ән қандай көңіл күйде жазылған?

Әуенді қимыл-қозғалыс.

Сылдырмақпен би.Қазақ биі - «Қаз қатар»

Д/о: «Қатты және ақырын музыка»

Әліппе дәптермен жұмыс

Музыкалық аспаптармен танысады.


Ән тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Ән айтады.

Ойын ойнайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

Балалардан сұрақ-жауап арқылы аспаптардың атын пысықтау.

Балаларды мадақтау , бағалау.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: домбыра түрлерімен , домбыраның құрылысымен таныстыру. Музыка композиторларымен таныстыру.Аспаптар туралы жұмбақ , тақпақтар жаттату.

Дағды: Жұмбақ шешіп ,ән салуға жаттығады.

Білім: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен танысты.









© 2010-2022