Планирование урока в 1 младшей группе детского сада на тему Итке арналған тостак (итаяқ)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Итке арналған тостак (итаяқ).

Мақсаты: Балаларды ермексаздан домалақ пішін жасауға үйрету; балалардың шығармашылық, танымдық ой-қабілеттерін, тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бөлшықеттерін қимылын жетілдіру; балаларды жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу (ит - адамның досы екенін айтып кету).

Қажетті құрал-жабдықтар: тостақтың көрсетілген сурет, ермексаз, үлестірмелі материалдар, ойыншық - ит.

Сабақтың әрекеті: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын.

Ұйымдастыру:

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

1.Мотивация

Педагог балаларға ойыншық итті көрсетеді.

- Бұл -Жолдыаяқ, ол бізге қонаққа келді.

- Аф-аф-аф.

Ойыншықты қарастырады, педагогты тыңдайды

2.Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагогт балаларға сұрақ қояды:

-Ит неге үреді?

-Мүмкін оның тамақ ішкісі келген шығар?

- Кәнекей, Жолдыаяқты тамақтандырайық. Итті біз тостақпен тамақтандырамыз.

Сөздік жұмыс: тостақ, итаяқ.

Билингвалды компонент: ит - собака.

- Бізге тезірек итаяқ жасау керек. Педагог үлестірмелі материалға на- зар аударады, мүсіндеудің жолдарын көрсетеді:

- Ең алдымен біз дөңгелек жа-сап аламыз, ал содан кейін саусақтарымызбен шұңқыр жасаймыз, саусақтарымызбен жиегін көмкереміз.

Сергіту сәті:

Күнге қолды созамыз,

Күндей жарық боламыз.

Айға ұшып барамыз,

Айдан сәлем жолдаймыз.

Педагог жұмыс қиындау тиген балаларға шұңқырды айналдырып жасауға көмектеседі. Жеке жұмыс жүргізіледі.



Сөздерді қайталайды.

\

Қарайды,мұқият тыңдайды.

Қозғалыстар жасайды.

Орындаған тапсырманы балалар иттің ұасына орналастырады.









3.Рефлекциялық-түзетушілік

-Жарайсыңдар, балалар, итіміз өздеріңе үлкен рақметін айтады. Оған итаяқ қатты ұнапты.

Педагог балалардың жұмысын ата-аналар үшін ұйымдастырылған көрмеге қояды.

Балалар қуанышты.

Күтілетін нәтиже: Жеті қазынан бірі, үй жануары -ит туралы, итті тамақтандыру туралы түсінеді, ермексазбен істеу дағдыларын қолданады.



© 2010-2022