Ертеңгілік Күзгі Ханшайым мен Ханзада

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертеңгілік Күзгі Ханшайым мен ХанзадаЕртеңгілік Күзгі Ханшайым мен Ханзада«Өнер және спорт мектебі»КМҚК жанындағы

«Еркетай» шағын орталығы

















«Құлыншақ» тобының тәрбиешілері:

Кабабаева М.Е.












Приозерск қаласы

2014 жыл

Жүргізуші:

Армысыздар, Құрметті ата - аналар мен бүлдіршіндер!

Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді.

Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен егістіктегі астығымен келеді. Бүгінгі « Күзгі Ханшайым мен Ханзада» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Ән: « Жау-жау - жаңбыр»

Армысыз асыл халқым ақ жүректі,
Баласына арналған ақ тілекті
Сыңға түсер достары арасында,
Ер намысты ер жүрек ұлдар кепті
Жас ұлан ғой ертеңі ел мақтаны
Қырандар ғой тәңірі көк аспаны
Арта берсін абырой мен атақ даңқы
Қарсы алайық құрметпен қыздарымызды
Ұстанған қазағымның ата - салтын
Жансың лайым бәрінің жұлдыздары -, дей келе Ханзада мен Ханшайымдарымызды ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар!

(Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)

1.Әліхан Шерхан- Тасболат Айсұлу
2. Күрішбек Мирас- Әбдімұрат Ақжарқын
3. Мухамбетуали Әділ- Зейнадин Жансая

Жүргізуші:
Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші
«Ханзада мен Ханшайым» деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал балаларға сәттілік тілейікші - дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық
Балабақша меңгерушісі: Медетбекова Шолпан Аманқызы
Балабақша әдіскері: Абатаева Феруза Жайлыбайқызы
Ата - ана: Рамазанова Айнагул Максутқызы
Жүргізуші:
Қайсы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
1 - кезең: «Тегімді менің сұрасаң...» (өзін таныстыру)
2 - кезең: «Өнерлі бала - елдің көркі» (өнер сайысы)
3 - кезең: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
4 - кезең: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)
5 - кезең: «Балдырғанға сыйлаймын» «қолөнер бұйымдары»
Жүргізуші:
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп сайысымыздың бірінші кезеңі

«Тегімді менің сұрасаң...» деп аталады.

Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.

1.Әліхан Шерхан- Тасболат Айсұлу
2. Күрішбек Мирас- Әбдімұрат Ақжарқын
3. Мухамбетуали Әділ- Зейнадин Жансая

Би: «Джентельмен» Бексұлтан, Шоқан, Айдос,Станислав, Мансұр, Шыңғыс.

Жүргізуші:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: Күн суытады. Адамдар жылы киімдерін киеді. Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Күз айларын атап беріңдерші ?
Қыркүйек, Қазан, Қараша
Құралай: (Қыркүйек)
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.

Ақтанбет: (Қазан)
Жаңартқан ғаламды,
Жаңбырлы ғажап ай.
Осынау заманды,
Орнатқан қазан ай.

Шыңғыс:

(Қараша)

Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.

Қарашы, өрледі
Қараша ән салып.

Жүргізуші:




2 - кезең: «Өнерлі бала - елдің көркі»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би - билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.


1.Әліхан Шерхан- Тасболат Айсұлу «Үнді» биі
2. Күрішбек Мирас- Әбдімұрат Ақжарқын «» биі
3. Мухамбетуали Әділ- Зейнадин Жансая «Испан» биі


Жүргізуші: - Ал енді тағы да тақпақтарымызға кезек берейік.
Елизавета: (Қызанақ)
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген?

Станислав: (Сәбіз)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Айнұр:(Асқабақ)

Өсем бақша- бауында

Қатты ұқсаймын қауынға

Жемек болып шикідей

Күлкі болмай қауымға.


Ильяс:(Қызылша)

Мен де бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Винигретте үстелде.


Мерейхан: (Шалқан)

Кім білмейді шалқанды,

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын

Тауып көр менен дарханды.


Би: «Жапырақтар» Елизавета, Алия,Алуа, Іңкәр, Аяулым, Полина

3 - кезең: «Сұлулық сыры»
Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!

1.Әліхан Шерхан- Тасболат Айсұлу
2. Күрішбек Мирас- Әбдімұрат Ақжарқын
3. Мухамбетуали Әділ- Зейнадин Жансая

4 - кезең: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)
Білім жолы сара жол,
Білімді адам бастар қол
Сұрақтарды тыңдап ал,
Жауап беруге дайын бол.
1. Қазір жылдың қай мезгілі ?
2. Сенің балабақшаңның және тобының аты қандай?
3. Біздің елбасшымыз кім?
4. Күз айларын атап беріңдер?
5. Тәрбиеші апайларыңның есімдерін білесіңдер ме ?
6. Қандай ертегі түрлерін білесіндер?

5 - кезең: «Балдырғанға сыйлаймын» «қолөнер бұйымдары»
Шеберлері өнер тамған қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан
Шебер қолдар өз - өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан.
Ата - анасымен біріге отырып, жасаған қолөнер бұйымдарына кезек береміз.

Әліхан Шерхан- Тасболат Айсұлу
Күрішбек Мирас- Әбдімұрат Ақжарқын
Мухамбетуали Әділ- Зейнадин Жансая
Жүргізуші: - Ал енді тағы да тақпақтарымызға кезек берейік.

Бек: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.


Полина:Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.




Алуа:Астық дала сәулеті

Астық Отан дәулеті

Біздің дала бай дала

Алтын астық айнала.


Би: «Қолшатыр» Аяулым, Құралай, Айнұр, Амина


Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші,
Әділқазыларға төрелік берейікші
Жеңіп шыққан ұл-қызға
Құттықтап сәттілікті тілейікші.
Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші:
Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар мықты шың
Құттықтаймыз ал енді
Ханзада мен ханымды
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Шоқтай болып жанады
Қуанышпен жанары,- деп «Күз ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын.


© 2010-2022