Үй жануарлары ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10.02.2016ж.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Білім беру саласы:Қатынас.

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты:Үй жануарлары және олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру.Есте сақтау қабілеттерін дамыту.Жаңа технология:мнемотаблицаны пайдалана отырып,тілдік,сөздік қорын молайту.Үй жануарларының төлдерін атай білу.Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:Қоршаған орта,әлеуметтңк орта.

Әдіс-тәсілдері:Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.

Көрнекілік:Үй жануарлары суреттері,слаид,бейнетаспа,қозғалмалы мнемотаблица .

Мотивациялық қозғаушылық:

Шаттық шеңбері

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Барлық істі атқарған.

Мынау менің ,оң қолым,

Мынау менің ,сол қолым

Барлық істі тындырған.

Ұйымдастыру -ізденістік:

Тәрбиеші:-Балалар,қазыр жылдың қандай мезгілі?

Балалар:-Қыс мезгілі.

Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар,қыста ауа-райы салқын болады ,адамдар суыққа тоңбау үшін қалай киінеді?

Балалар:-Жылы киініп жүреді?

-Тамаша ,сонымен бірге жан -жануарларда жылы жерді паналайды.

-Ал балалар,мына бейнетаспаға қарайықшы бәріміз.

-Ой мынау қандай көлік ,түсі қандай,дөңгелектерінің ше?

Балалар:-Қызыл түсті,дөңгелектері қара.

-Трактордың тіркемесінде нелерді көріп тұрсыңдар?Трактор жануарларды фермаға алып келе жатыр.Аттарын атайықшы.

Балалар:-Жылқы,доңыз,есек,сиыр,ешкі,қой,түйе,ит,мысық.

-Дұрыс айтасыңдар,енді оларды бір-бірлеп сарайға шақырайық.Аттарын дұрыс айтпасаңдар олар сарайға кіре алмай қалуы мүмкін.

-Жылқы.

-Доңыз.

-Есек.

-Сиыр.

-Мысық.

-Ит.

-Қой.

-Ешкі.

-Мында тағы қандай үй жануары келмей қалды.Ойлап көрейікші.

Балалар:-Түйе.

-Тамаша , дұрыс айтасыңдар.Түйені тақтаға іліп қоямыз,әйтпесе бізге ренжіп қалуы мүмкін.Сонымен сарайда түйе,сиыр,жылқы ,қой ,ешкі,есек,ит, мысық бар.Бұлардың бәрін бір сөзбен үй жануарлары деп айтамыз.

Ұйымдастырушы-ізденістік.

-Балалар,мен сендерге үй жануарлары туралы әңгіме оқып беремін,сендер мұқият тыңдаңдар.

«Үй хайуандары».М.Дулатов.

«Жылқы ,түйе,сиыр,қой ,ит,мысық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді.Сол үшін үй хайуандары деп аталады.Үй хайуандары адамға көп пайда келтіреді.Жылқыға мінеді,оны арба мен шанаға жегеді,сүтінен қымыз ашытады,семіздерін қыста соғымға сояды,терісін сатып ақша қылады.Түйеге жүк артады,жабағысы күпіге жақсы болады,сатса жүні пұл болады.Сиыр мен қой адамдарды етімен ,сүтімен асырайды.Ит қасқыр,ұрыдан сақтап,қора күзетеді.Олардың бәрі тегін қызмет етпейді,олардың қызметі үшін адам асырайды,бағады,қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды,ұры -бөріден сақтау үшін бақташы қояды».

-Балалар бері қараңдаршы,нені көріп тұрсыңдар?

-Мысықты көріп отырмыз.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Мысық та қандай жануар?

-Мысық қайда жүр?

Балалар өз жауаптарын айтады.

Мнемотаблица: «Тірі табиғат» бейнежазбасын тамашалайды.

Тәрбиешінің көмегімен мнемотаблицадағы мысық туралы өлең жолдарын қазақ,орыс тілдерінде айтып береді.

Тыныш,тыныш ,тышқандар,

Мысық шықты шатырға.

Марғаулары қасында

Мысық сүтке барды.

Балалары ойнап жүрді.

Мысық сүтсіз келді,

Марғаулары қатты күлді.

Ха-ха-ха.

Тише ,мыши,

Кот на крыше.

А котята еще выше,

Кот пашол за молаком.

А котята кубырком.

Кот пришел без молока,

А котята ха-ха-ха.

-Жарайсыңдар ,балалар!

Балалармен топтық жұмыс жасау.

1-топ.

«Не артық?» ойыны.

Шарты:балалардың алдыына үй жануарларыны суреттері мен жабайы аңдардың суреттері қойылады.Жабайы аңдарды алып тастау керек.Қалған жануарларды бір-бірден сипаттап айтып береді,адамға пайдасы туралы айтады.

(Тақтаға жануарлардың суреттері мен алынатын өнімдерінің суреттерін іліп қоямын).

2-топ.

«Төлдерін тап» ойыны.

Тәрбиеші балалрға үй жануарларының төлдерінің суреттерін арасын қосып сызып көрсетулерін сұрайды. Топтан бір бала шығып, енелері мен төлдерінің аттарын атай отырып қай төл қандай жануардың төлі екенін әңгімелеп береді.

Тәрбиеші :-Сонымен үй жануарлары адамның жанында өмір сүреді, адам оған қамқорлық көрсетеді,күтеді, тамағын ,суын береді.Ал сол үшін жануарлар өз пайда сын көрсетеді екен.

-Мына суретте қандай мезгілді көріп тұрсыңдар , балалар?Әрине жаз мезгілі жануарлар далады көк шалғында жайлып жүр.

-Ал ,мына сурет қандай мезгіл?

-Дұрыс айтасыыңдар ,адамдар оларға су беріп,шөп беріп күтіп -баптап жатыр.Қыыс мезгілі.

-Балалар ,енді сергіп алайық.

Сергіту сәті.

«Үш қой».Бейнетаспасы арқылы сергіту жаттығуын жасайды.

-Балалар,үй жануарлалры төлдері туралы қандай тақпақ ,мақал-мәтелдер білесіңдер?

Оразай:

Қой баласы қоңырым,

Қойдан жуас момыным.

Шопан ата түлегі

Қошақаным қайдасың.

Мақал:

Сиыр су ішсе,бұзау мұз жалайды.

Айкамал:

Ешкі қойды бастаған,

Қойды артына тастаған

Шопан ата түлегі

Қошақаным қайдасың?

Алмат:

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды,

Жібек жүнің үлбіреп

Қарасам көз тоймайды.

Ұлданай:

Шөре-шөре,лағым,

Тентек болма шырығым.

Секеңдемей деміңді ал

Селтеңдемей құлағың.

Мәтел;Соңғы түйенің жүгі ауыр.

Қортынды: «Не жоқ?» ойыны.

Шарты:Тақтадағы үй жануарларының суреттерін балалар көздерін жұмған кезде біреуін тәрбиеші жасырып қояды.Балалар қандай үй жануары жоқ екендігін атап айтулары керек.

-Балалар,бұл жануарларды неліктен үй жануарлары деп айтамыз?

-Ал үй жануарларын күту қажет пе?

Керемет балалар,не деген ақылдысыыңдар.Бәрің де белсенді қатыстыңдар,жарайсыңдар!



© 2010-2022