Баланың тілін, коммуникациялық қабілетін тілмен бірге театрлық ойын қызметін дамыту»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Баланың тілін, коммуникациялық қабілетін тілмен бірге театрлық ойын қызметін дамыту»

Тәрбиешілер: Баширова У.Б., Айткалиева К.С.

« № 5 «Жұлдыз» санаториялық түрдегі туберкулез ясли - балабақша » ММ

Ақтөбе қаласы

Мақсаты: Көркем әдебиет арқылы балаларға саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне енгізу.

Міндеттері:

· Балалардыңтіліндамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой - өрісін, дүниетанымынжетілдіру.

· Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу.

· Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту,ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру

· Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ес - кере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес».

В.А. Сухомлинский

Баланың көркем әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең кішкене түрлері -тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады. Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір, мысқыл, тілінің көркемдігі шағын көлемдегі фольклорлық шығарманың ерекшеліктері. Бұдан кейін сәбиге авторы бар ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады.Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. әдебиеттің ең озық үлгілерінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздер мен жәбірлегендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады.Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.

Бүгінгі таңда театр тақырыбы өзекті тақырыптардың бірі. Себебі қазір адамдар театрға барғаннан гөрі ,үйде отырып, уақыттарын теледидар мен интернетке арнайды. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде,саусақ театрының алатын орны ерекше.Ежелгі мәдени-етті сақтап қалудың бір жолы,балабақшадағы саусақ театры.

Мысалы: Балабақшаға театр келеді немесе балалар қазір театрға барамыз дегенді естісе, балалар қуыршақ театрын көргенше тағатсыздана күтеді. Қуыршақтардың қолынан келмейтін нәрсе жоқ.. Олар таңғажайыптардың бәрін жасайды,балалардың көңілдерін көтереді, оқытады, тәрбиелейді.

Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптасты- руда, үлкен роль атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп, біресе жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының құпияларын айтатын болсақ ;

-Тілін дамытады. Себебі балалардың қолдарының, саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамыуына жауапты бөлігіне әсер етеді.

Саусақ қуыршақтары, театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі. Онымен бір жастағы баланы да ойнатуға болады, саусақ қуыршағымен ойнатудың өзі баланы сөйлеуге итермелемейме?!

-Есте сақтау қабілетін дамытады. Бала өз бетімен кейіпкердің рөлінде ойнауға тырысады.

-Эмоционалдық дамуына әсер етеді.

Саусақ қуыршағы бөбекті мәдениетке сүйсінуге үйретеді. Кейіпкерлерге

еліктеп, өзін-өзі дұрыс ұстай білуге, өз ойын ашық айтуға үйренеді.

-Кішкентай балалар (2-4 жастағы) үшін ертегі кейіпкерлері,өмірдегі

достарындай болып кетеді.

Тәрбиешіге ыңғайлысы көп актердің керегі жоқ ,екі қолдағы он саусақ он актердің жұмысын орындайды.

Саусақ қуыршақтары туралы сөз болса еріксіз сезімге бой алдырасың, өмірге жаңа келген сәбидің де алақанын ең алғаш қысатыны,ананың саусағы емеспе?! Бұл тек шартты рефлекс емес, баланың анасына деген сенімі болса керек.

Қуыршақ театры - бір жастан асқан бөбектердің дамуына қажетті ойыншық .

Басқа театрдан ерекшелігі, мұнда шүберекпен жасалған қуыршақты саусағына кигізіп,сөйлету арқылы, баланы спектаклге тартуға болады.

Қуыршақ театры бөбекті тыңдай білуіне, қимыл қозғалысын жетілдіруіне,ашылуына септігін тигізеді.

Саусақ жаттығуымен айналысқан балаға қандай пайдасы бар?

Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады. Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Сонымен, баланың сөйлеу қабілеті қол арқылы яғни саусақ арқылы жүзеге асады. Қол жаттығуымен айналысқан балалардың логикалық ойлау қабілетімен психологиялық қабілеті жақсы дамиды.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Государственная программа развития образования в Республике Казахстан до 2010 года.

2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Қазақстан мұғалімі. 20 қаңтар. 2004. - 3- 4 б.

3. Научно-методические основы совершенствования содержания общего образования в Республике Казахстан.-Алматы. РИК КАО им. Ы.Алтынсарина 2001.

4. Джадрина М.Ж, Г.З.Байжасарова и др. Теоретико-методологические аспекты развития школьного и дошкольного образования в условиях ориентации на результат. Алматы. 2006. -255 б.

5. Жұмабекова Ф.Н Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық -әдіснамалық негіздері.Астана. Сарыарқа. 2010. 284 б.



© 2010-2022