Дошкольное образование Тіл дамыту отбасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Отбасы

Мақсаты: Отбасы мүшелері жайлы түсініктерін ортаға салу. Ата, әже, әке, ана, аға, іні, апа, сіңілі, қарындас сөздерін ана тілінде түсініп айта білулерін бекіту.

Сөздік қорын байытып, сөйлемді дұрыс құрастыра білулерін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін, әңгімелеп айта білулерін дамыту.

Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқоршы бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: плакаттар, суреттер, үй құрастыру

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық(тапсырма).

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру

Амандасу.

Шаттық шеңбері

-Балалар, келіңдер жартылай шаттық шеңберін құрайықшы.

-Армысың, қайырымды аспан ата!

-Армысың, мейірімді жер ана!

-Армысың, шұғылалы алтын күн!

-Бүгін жақсы, тамаша, қызық күн. Бәріміз күндей жарқырайық, бір-бірімізге күлкі сыйлайық.

Кезекшілік сөзі. Оқу құралдарын түгендеу. Бүгінгі күн.

-Балалар, қазір қай мезгіл ?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Алдымызда қай мереке келеді?

2. Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар, үй жұмысына не беріліп еді?

-Үйге «Менің жанұям» атты газет шығару тапсырмасы берілген.

-Балалар, өздерің үлкендердің көмегімен шығарған газеттеріңді қорғайық.

-Бұл суреттерде кімдер бейнеленген?

Жауаптары тыңдалады.

Бағалау.

3. Білімдерін жан-жақты тексеру

-Қазір біз осындай тапсырманы орындаймыз. Сендер маған жауап беріңдер.

-Балалар, мына плакатқа қараңдаршы, ненің суреті салынған?

-Бағдаршам.

-Бағдаршам бізге не үшін керек екен?

-Бағдаршамда қандай түстер бар?

-Қызыл түс жанса не істеу керек? (тоқта)

-Сары түс жанса не істеу керек? (дайындал)

-Жасыл түс жанса не істеу керек? (жол ашық)

-Балалар, сендер жол ережелерін білесіңдер ме?

-Қандай жақсы балалар, жол жүру ережелерін біледі.

4. Жаңа білімге даярлау (жұмбақ жасыру)

-Ал енді мені тыңдаймыз. Мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын. Сендер шешуін табыңдар.

1) Сөйлемейді күледі,

Төрт аяқтап жүреді. (бөпе)

2) Өзі үлкен кәріміз,

Ардақтаймыз бәріміз. (ата)

-Балалар, атамыз бар ма?

-Бар.

5. Жаңа сабақ

-Балалар, біз бүгін отбасы туралы оқып, танысамыз.

-Адам өмірі отбасынан басталады.

Әке, шеше, ұл, қыз - бәрі қосылып отбасын құрайды. Ұл мен қыз үлкен-кішілігіне қарай «аға, іні, әпке, сіңлі, қарындас» деп айтамыз.

Отбасы: әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы жапырақ. Отбасы әр адамға жылы ұядай қадірлі. Отбасы - сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
« Отан - отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады

- Балалар, отбасы үлкен отбасы және кіші отбасы болады.

Мысалы: Мансұрда кіші отбасы.

-Неге?

-Өйткені ол отбасында әке, шеше, балалар тұрады.

-Миратта үлкен отбасы.

-Неге?

-Өткені ол отбасында ата, апа, әке, шеше, немерелер бар.

Адам бір-бірін сыйлайды. Бір-біріне көмек береді, қамқор болады.

-Балалар, отбасында ата-анаңды сыйла. Үй шаруасына көмектес. Жолдастарыңмен тату болуға тырыс.

Үлкенді сыйла. Өзіңнен кішіге қамқорлық жаса ұмытпа !

Кездескенде сәлемдесу, кетерде қоштасуды ұмытпа!

-Балалар, біз амандасуды білеміз бе?

-Балалар, біз аталармен қалай амандасамыз?

-Ассалаумағалейкум.

-Үлкендермен қалай амандасамыз?

-Сәлеметсізбе.

-Кішкентайлармен қалай амандасамыз?

-Сәлем.

6. Жаңа сабақ түсінігін анықтау.

-Балалар, біз бүгін не жайында білдік?

-Отбасы

«Ана» деген сөзді де, «Күнім, жаным» дегенді,

«Аға» деген сөзді де, «Құлыншағым» дегенді,

«Әке» деген сөзді де, «Ботақаным» дегенді,

«Тәте» деген сөзді де, «Айналайын» дегенді,

«Ата» деген сөзді де, «Толған айым» дегенді,

«Апа» деген сөзді де, Ойлап тапқан-аналар!

Ойлап тапқан-балалар!

7. Бекіту

-Балалар, отбасы туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

Ата менен ананың, Мақтайды әкем:,

Айтқан тілін аламын. -Батырым,

Үлкен кісі жұмсаса, Енді өзіме серік!-деп

Қайда болсын барамын. Өсіп келе жатырмын,

Төсекті өзім жинаймын, Өз әкеме еліктеп.

Ешкімді де ұрмаймын. Әкем мені жасымнан

Ешкім маған тимейді, Тастамайды қасынан.

Мен де бәрін сыйлаймын.

Тіс аурса, іш ауырса, Атам айтса көнемін,

Мамам дәрі береді. Апам көңіл бөлетін.

Барлық ана, барлық бала, Мен осы үйдің кенжесімін,

Оны жақсы көреді. Барлық істі атқарған.

Сергіту сәті:

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, ойнайық екеуміз;

Бас бармағым - папам,

Балаң үйрек - апам,

Ортаң терек - ағам,

Шылдыр шүмек - мен,

Титтей бөбек - сен,

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып жұмады)

Жұмбақты шешу

-Балалар, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?

-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы айтылғанын табыңдар.

1) Ол өте мейірімді, ақ шашаты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.

-Бұл кім? (апа)

-Оны қалай білдіңдер?

-Ал сендердің апаларың не істей алады?

(балалардың жауаптары толық тыңдалады)

2) Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол апаға көмектеседі, дүкенге барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.

-Бұл кім? (ата)

-Ал сендердің аталарың қандай?

(балалардың жауаптары тыңдалады)

3) Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам.

-Бұл жұмбақ кім туралы? (мама туралы)

-Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (анашым, анатайым)

-Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

(балалардың жауаптары тыңдалады)

-Және соңғы жұмбақ.

4) Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді: демалыс кезінде табиғатқа алып шығады, бірге теледидардан футбол көресіңдер.

-Бұл кім? (әке)

-Дұрыс. Ал әке не істей алады? (ағаш жарады, мал жайады, шөп шабады)

-Ал сендердің әкелерің қандай? (күшті, батыл, мықты)

Мақал-мәтелдер

-Балалар, біз отбасы туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Ата-бәйтерек, Ананың сүті-бал,

Бала жапырақ. Баланың тілі-бал.

Бала-ананың бауыр еті. Ата-балаға сыншы.

Ата-аналарға мақал-мәтел жалғастыру

Бірлік болмай, Ағасы бардың жағасы бар,

тірлік болмас. інісі бардың тынысы бар.

Әдепті бала-арлы бала Әке көрген оқ жонар,

Әдепсіз бала-сорлы бала шеше көрген тон пішер.

Ойын: «Әкең мен анаңның аты-жөні кім?»

балалар допты бір-бірлеріне беріп, анасының, әкесінің ата-жөнін атап береді.

Үй құрастыру.

-Ал енді балалар, біз бір бақытты жанұя үйін құрастырайықшы.

-Балалар, үй құрастырғанда ең бірінші нені қоямыз?

-Ірге тас.

-Бақытты жанұя болу үшін бізде қандай жақсы қасиеттер болу керек?

-Татулық.

-Екінші нені қалаймыз?

-Қабырғасын.

-Бақытты жанұя болу үшін бізде не болу керек?

-Бірлік.

-Үшінші нені қалаймыз?

-Қабырғасын.

-Бақытты жанұя болу үшін бізде не болу керек?

-Сыйластық.

-Төртінші нені қалаймыз?

-Қабырғасын.

-Бақытты жанұя болу үшін бізде не болу керек?

-Мейірімділік.

-Ал енді, балалар, мына үйімізге несі жетіспейді?

-Шатыры.

-Тағыда несі жоқ?

-есігі.

-Тағы несі жоқ?

-Терезе.

-Жақсы балалар, міне бақытты жанұя болу үшін бізде татулық, бірлік, сыпайылық, мейірімділік қасиеттері болу керек.

-Бізде сондай тату, сыпайы, мейірімді боламыз ба?

-Иә.

-Балалар, отбасы сөзіне дыбыстық талдау жасайықшы. Дыбыстардың дауысты, дауыссыздығын айтып, қандай текшемен белгіленетінін көрсеткізу. Буынға бөлгізу. Буынға бөлу ережесін айтқызу.

Ереже: «Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады».

-Балалар, отбасында кімдер бар? Тақтаға жазайықшы.

ата, апа, мама, папа сөздерін жазу.

8. Қорытынды. Үйге тапсырма

-Балалар, біз бүгін не жайлы білдік?

-Отбасында кімдер бар?

-Отбасы қандай болу керек?

Бағалау.

Үйге тапсырма:

-Әр бала өзі және отбасы жайлылы әңгімелеп келесіңдер. Атаң, апаң, папаң, мамаң, ағаларың, әпекелерің не істейді, немен шұғылданады, бос уақыттарыңды қалай өткізесіңдер. Барлығың бірге отырып ойын ойнайсыңдар ма, әлде ән айтасыңдар ма? Солар туралы әңгімелеп келесіңдер.



© 2010-2022