Тіл дамыту сабағы. Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта №

Күні: 07.12.2015ж

Білім беру саласы: Қатынас

Сабақ: Тіл дамыту

Тақырыбы: Аңдардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: білімділік; орманда мекен ететін аңдар туралы әңгімелесу

дамытушылық; сұрақтарға жауап алу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту

тәрбиелік: жабайы аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Пән-аралық байланыс: қмұқ,құрастыру

Жаңа сөздер: апан, ін, қуыс.

Көрнекілігі: жабайы аңдардың, қыс мезгілінің суреті.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, д\о, әңгімелесу

Іс-әрекет кезеңі:

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалардың іс-әрекеті:

Жетістігі:

Кемшілігі:

Мотивациялық қозғаушылық:



Ұйымдастыру кезеңі:







































Қорытынды:

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық

Алақанды ашайық

Күннің нұрын алайық

Жүрекке жылу салайық

Жиналған жылу шуақты

Қонақтарға шашайық

-Балалар, мына тақтаға қарандаршы, не көріп тұрсыңдар?

Жақсылап, қолымызбен дүрбі жасайық та қарайық

-Дұрыс, балалар, қазір, жылдың қай мезгілі?

Қыс екенін қайдан білдік?

-Балалар, мында қарандаршы бізге, мында орманнан қонаққа қоян мен тиын келіпті ғой.

Мен сендерге Қоян мен тиын туралы ертегі айтып берейін.

Орманда қоян мен тиын өмір сүріпті. Олар дос болыпты. Жаздай асыр салып ойнап жүріп, күзде келіп қалады. Күн суытып, қыс жақындаған кезде, тиын ағаш шыбықтарын алып өзіне себет тоқып отырады. Оны көрген қоян, бұл не?-деп сұраса. Себет,-деп жауап береді тиын. Оны қайтесін? -дейді. Бұл жай ғана себет емес, бұл менің нағыз көмекшім, дейді тиын. Бұл оған қалай ғана көмекші болады деп, қоян қолын бір сермеп кетіп қалады.

-Ал, балалар сендер қалай ойлайсыңдар, ол себетпен не істейді?

Балалар, тиын мына ағаш басындағы қуыста қыстап шығады. Ол күзде күн суыта бастағанда,озінің жаңағы себетіне жаңғақ, саңырауқұлақтарды салып тасып алады екен. Өйткені қыста саңырауқұлақтар мен жаңғақтар қардың астында қалады. Оның үлпілдеген жұмсақ жүні қысқы суықтан қорғайды.

-Ал, қояндар, жыртқыш аңдардан, суықтан қорғану үшін өзінің сұр түсті түсін ақ түске ауыстырады. Олар ағаш тамырын, қабыршақтарын кеміріп қорекренеді екен. Балалар, осы қоян туралы кім тақпақ біледі? Олар ағаш түбінде қуыстарда тығылып күндерін көреді.

-Ал, түлкі мен қасқыр олар жыртқыш аңдардың қатарына жатады. Олар ұсақ тышқан, қояндарды аулап, күндерін көреді.

Балалар, біз осы түлкі туралы тақпақ білеміз бе?

Ал, мынау аю, балалар, ол да күзде , қыс түсетін кезде өзінің үлкен апанына кіріп, ұйқыға кетеді, өйткені ол тек, бал мен және жидектермен қоректенеді, ал қыста оның барлаға қардың астында қалады, сондықтан аюлар қыста ұйқыға кетеді екен. Ол апанда ұйықтайды. Ал, аю туралы кім тақпақ біледі?

Енді балалар, мында қарандаршы, мына суретте қоян мен қасқырдың мүшелері бөліктерге бөліп алынған, енді салыстырайықшы, қоянның құлағы ұзын ба, әлде, қасқырдың құлағы ұзын ба,

Ені, құйрықтарын салыстырайық.

Қайсының құйрығы ұзын?

Енді балалар, құақ көп пе, аяқ көппе санайық? Екі құлақ, ал аяқ төртеу.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп,теріп алайық

Қалтамызға салайық

Ғажайып сәт: Біреу есік қағып тұрғандай. Ой, балалар мында біреу қорапша мен үстіне хат тастап етіпті, қане мен сендерге оқып берейін. Мына қорапшаның ішінде аңдардың тамағы салынған, соны балалар аңдарға таратып, тамақтандырсын,-деп жазыпты.

Аңдардың немен қоректенетінін тауып саламыз. Балаларға картотекалар таратылады.

- Енді балалар, мына қорапшадан суреттерді алып, кімге қандай сурет түседі, сол, сондай үстелге барып отырады.

Енді, мынандай қима қағаздар таратылады, сендер мына суретке қарап, сурет құрастырып шығыңдар. Әр топ өзінің суретін атап көрсетеді.

Балалар, құрастырған аңдардың немен қоректенетінін қайталап айтады. Және мекенін айтады

Балалар қимыл қозғалыспен қайталап жасайды

Бұлар жабайы аңдар.

(түлкі, қасқыр, аю,тиын, қоян)

-Қыс.

-далада қар жатыр, күн суық







Балалардың жауабы.





Балалар тақпақ айтады



Түлкішек тақпағы айтыладыАю туралы тақпақ айтылады







Қоянның құлағы.

Қасқырдың аяғы.

Балалар, санайды, аяқ

Қимыл-қозғалыспен жасайды



Балалар әр жануардың қорегін тауып қорапшаларға салады





Әр топ өздерінің не құрастырғандарын ата шығады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: жабайы аңдардың қалай аталатынын

Игереді: жабайы аңдардың қыста немен қоректенетінін

Меңгереді: жабайы аңдардаң қысқы тіршілігін





© 2010-2022