Ашық сабақ Жалаушаға тез жет. Көңілді балғындар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖШС «Салтанат-Эль» мектепке дейінгі балалар мекемесі.

Тәрбиешісі: Ақбаева Зита Түгелбайқызы

Мерзімі: тобы: «Балбұлақ»

Білім беру саласы: Денсаулық

ҰОІӘ түрі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Жалаушаға тез жет.(Кедергілер арасымен еңбектеу.)

Көңілді балғындар.(Үлкен доппен секіру)

Мақсаты: Берілген тапсырманы зейін қойып орындауға үйрету. Ойын арқылы балалардың қимыл іс - әрекетін дамыту, тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп,секіру,еңбектеу дағдыларын әрі қарай дамыту. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ұжым болып бірлесіп ойнауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Кедергілер,үлкен дотар.

Әреке кезең

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Жазда ықпай ыстықтан,

Қыста бұқпай суықтан.

Айналысып спортпен

Біз баламыз шыныққан.

Денсаулығы шып-шымыр

Нақ өзіміз мықтымыз.

Балалар шаттық шеңберін жасайды


Іздену-ұйымдастырушы

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Дұрыс қазір жылдың қыс мезгілі.

- Дұрыс айтасыңдар қыс мезгілі екен.

-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы?

-Дені сау, ауырмау, мықты болу үшін біз не істеуіміз керек?

Олай болса денемізді қыздырып алайық.

Жалпы жетілдіру жаттығулары:

1.Жүру,жай жүгіру,тез жүгіру,өкшемен жүру,аяқ ұшымен жүру,тізені көтеріп жүру.

Үш қатарлы сапқа тұру.

2.«Кім биік?».Б.Қ.:қолды жоғарыға созып,аяқ ұшымен тұрып,қолға қарау.Б.Қ-қа келу.

(6-рет қайталау).

3. «Күш жина».Б.Қ.:аяқ иық деңгейімен бірдей,қол түсірілген. 1.Қолды алдыға созу.2.Жоғарыға көтеру. 3.Алдыға созу. 4.Б.Қ.- қа келу. (6 рет қайталау).

4. «Құстар қанат қағады». Б.Қ.:аяқ иық деңгейінде,қол белде.Қолды жауырын тигенше қосу.

Б.Қ.-қа келу. (6 рет қайталау).

5. «Алдыға иілу».Б.Қ.: 1.Алдыға иіліп,аяқтың ұшына жету. 2.Б.Қ.-қа келу. (6 рет қайталау).

6. Дем алу жаттығуы: «Ұшақ»

Күтпеген сәт:

Топ бөлмесіне ауырған аю келеді.

-Сәлеметсіздер ме,балалар.Мен аюмын.Маған салқын тиді,мен аурып қалдым.

Мен ауырмай,денім сау болып жүрудің жолын іздеудемін.

-Аю досымызға салқын тиіп ауырып қалыпты.Аю ауырмай,дені сау болып жүрудің жолын іздеуде екен.

-Ал біз білеміз бе ауырмаудың жолын?

-Дұрыс айтасындар балалар ол үшін үнемі шынығуымыз,таза ауаға шығуымыз,спортпен айналысуымыз керек екен.

-Қане олай болса біз ауырмаудың жолын көрсетейік.

Негізгі жаттығу түрін жасап көрсету.

Жалаушаға тез жет.(Кедергілер арасымен еңбектеу.)

Көңілді балғындар.(Үлкен доппен секіру)

Ашық сабақ Жалаушаға тез жет.Көңілді балғындар.

Жалаушаға тез жет.(Кедергілер арасымен еңбектеу.)

Ашық сабақ Жалаушаға тез жет.Көңілді балғындар.

Көңілді балғындар.(Үлкен доппен секіру)

-Аю балаларға рахметін айтады.Балалар меннің бойым серігіп қалды,сендерге көп-көп рахмет.Енді мен үнемі жаттығу жасап шынығып жүремін.Мен сендерден көп нәрсені үйрендім.

Сергіту сәті: Бір,еі,үш,

Бойға жинап күш.

Бұрылып оңға,бұрылып солға.

Бір отырып,бір тұрып.

Біз жинаймыз күш.

-Қыс мезгілі

Балалар жауабы

-қыс мезгіленде ауа-райы суық,боранды,аязды,қар жауады....

-Үнемі спортпен шұғылдануымыз керек.

Жалпы жетілдіру жаттығуларын жасайды.
Жаттығуларды қызыға орындайды.

Тәрбиеші дауыс ырғағын тыңдау арқылы барлығы бірге жаттығуларын жасайды.


Дем алу жаттығуын орындайды.

Қызығушылық білдіреді.


- шынығуымыз,таза ауаға шығуымыз,спортпен айналысуымыз керек екен.

Балалар аюмен бірге негізгі жаттығу түрін жасайды.


Қызығушылық білдіреді.




Аюдың айтқандарын тыңдайды.

Сергіту сәтін жасайды.

Рефлексивті-коррекциялау

Балаларды мадақтау және бағалау.

Балаларға денсаулыққа пайдалы дәрумендер таратылады.

-Балалар,аю досымызға қандай жаттығу түрін көрсеттік?

Аю досымызбен қоштасу.

Жиналамыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен кіші жасымыз,кәрімізде.

Дендеріміз сау болсын,қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап жүріңдер төрімізде.

Спорт залдан саппен топқа қайту.

Балалар қуанады,.

Балалардың жауаптары.

Аю достарымен қоштасады.

Шаттық шеңберін жасайды,сапқа тұрады және саппен топқа қайтады.

Біледі: Жүріс түрлерін, жалпы жетілдіру жаттығуларын.

Үйренеді: Негізгі қимыл жаттығуларын.

Меңгереді: Адамгершілікті,бірге ұйымшылдықпен ойнауды, жет,кедергілер арасымен еңбектеуді,үлкен доппен секіруді.

.

Ашық сабақ Жалаушаға тез жет.Көңілді балғындар.

Ашық сабақ Жалаушаға тез жет.Көңілді балғындар.

© 2010-2022