Айналаны қоршаған орта. Нан дастарқанға қалай келеді?

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қордай ауданы Беріктас ауылы

№28 Ш.Уәлиханов атындағы

орта мектебінің

мектепалды тобы тәрбиешісі

Тогайбаева Ширингуль Ильясбаевна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекетінің түрі:Қоршаған ортамен таныстыру . Экология негіздері.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:Нан дастарқанға қалай келеді?

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: 1.Диқаншылардың еңбеі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Жердің үнемі қамқорлықты қажет ететінін әңгімелеу.

2. Өсімдікке өсіп- өну үшін ауа, су, жарық жылу қажеттігін түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.

3. Диқан еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдармен материалдар: тақырыпқа байланысты суреттер.

Сөздік жұмыс: егін, қырман, диірмен, комбайн.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру

Өткен сабақты қайталау.



Жаңа сабақ

Ынталандыру.

Сезімді ояту.



Сөздік жұмыс



Сергіту сәті



Мақал-мәтел

Дәптермен жұмыс:


Тыйым сөздер




Қорытынды.

Балаларды түгендеп, назарын сабаққа аудару. Оқу құралдарын дайындау.

Қызыл кітап дегеніміз не?

Жойылып немесе азайып бара жатқан құстардың, жануарлардың, өсімдіктердің аттарын атаңдар.

Оларды біз қандай жолмен көбейте аламыз?

Әрқашан аман болайық,

Елімізде тыныштық болсын,

Бейбітшілік болсын,

Нанымыз көп болсын.

Ә.Ахметовтың нан туралы олеңін оқып, мазмұнын түсіндіру.

Нанның дастарханға дейін келу жолын әңгімелеу.

Адамдардың еңбегін бағалау.

Диқан, егістік, элеватор сөздеріне сөздік жұмысын жүргізу.

Диқан - сол егінді күтіп баптап қарайтын адамды атайды.

Егістік - алқапты кең жазық егін жерді айтады.

Элеватор - бидай сақтайтын қойма.

Музыка әуенімен «шайқалады егістік, шайқалады нұр дала» деп әндетіп, би қимылдарын жасау.

Нан туралы мақалдардың мағанасын түсіндіру.

Нан- тамақтың атасы.

Ынтымақ- көптің батасы.

Сурет бойынша нанның дастарханға келу жолын әңгімелеу.

Тыйым сөздерді оқып, оларды тәрбиелік мағынасын түсіндіру.

Нанды бір қолмен үзуге болмайды.

Нанды аяққа басуға болмайды.

Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

Жұмбақтың шешуін тапқызу.

Шешуі: бидай

Бидайдың суретін салғызу.

1.Нан дастарқанға қалай келеді? Нан туралы қандай ертегі білесіңдер?

2.Нанды не үшін қастерлеу керек?

3.Нан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?


Өте жақсы бүгін не туралы өткенімізді түсіндік.

Балаларды мадақтау, марапаттау.


Әліппе дәптерлерін дайындау.

Бұл кітапқа азайып бара жатқан құстар, жануарлар, өсімдіктердің түрлері тіркеледі..

Аққу, тырна, барыс, ілбіс, қызғалдақ, сексеуіл.

Оларды зообақта немесе қолдан көбейту жолдарымен сақтаймыз.

Балалар жақсы тілекпен амандасады.


Әңгімені тыңдап сұрақтар қояды.


Балалар тыңдайды, түсінеді.



Би қимылдарын орындайды.


Мақалдың мағанасын қалай түсінгендерін әңгімелейді.

Нанның дастарқанға келу жолын суреттерді цифрмен белгілейді.


Балалар хормен бірге қайталайды.


бидайдың суретін салады.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Нан туралы өлең мақал- мәтел айтады.

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп-терін алайық

Торғайларға тастайық.

Қимыл арқылы орындайды.

Күтілетін нәтиже: диқан еңбегін бағалау

Білуі тиіс: нанның дастарқанға келу жолын білу

Түсінігі: диқандардың еңбегін түсініп, құрметтей білу

Көрсете білу: суретке қарап әңгіме құрастыру


© 2010-2022