Открытое занятие, Детский сад, Айгөлек ойыны

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыптық ойын сауық

«Көңілді бау - бақша. Не өседі бұл жерде?»

Мақсаты: Күздің белгілерін білуге үйрету, көкеністердің пішінін, түрін, түсін ажырату. Жемістермен көкеністер жайлы білімдерін бекіту. Эксперименттік ізденгіш әрекеті бойынша игіліктерді пішіндері, түстері, дәмі мен иісіне қарай ажыратуға үйрету.

Сөздік жұмыс: бау - бақша.

Билингвальды компонент: көкеністер - овощи, жемістер - фрукты, күз -осень.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қосылып ән айтады:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

Балалар көңіл - күйлерін қандай?

Ендеше, осы көңіл - күймен оқу іс - әрекетімізді бастайық. Бізде бүгін ерекеше күн. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса апайларға өз білімдерімізді көрсетейік.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Өлең жолдарын хормен қайталайды.



Жақсы



Күз


Ұйымдастырушы

лық - ізденістік

Күз мезгіліде неше ай бар?

Күз - жылдың өте қызықты бір мезгілі, ауа - райыда әр түрлі болады: бірде күншуақ, кейде жаңбыр жауады.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы көкеністермен жемістердің пішінін, түсін сұрау.

Көкеністермен жемістер бір сөзбен айтқанда қай жерде өседі.



  • Мынау - қияр. Қияр - көкеніс. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз.

  • Мынау асқабақ: Жарық, ылғалды және жылы жердерде жақсы өседі. Күн көзін жақсы көреді.

  • Мынау - пияз. Пиязды тамаққа қосады. Оның дәмі ащы.

  • Мынау - орамжапырақ. Мынау - қызанақ. Мынау - сәбіз.

Ал балалар бау - бақшаға және күз мезгіліне арналған тақпақтар білесіңдер ме?

Би: Көкеністер.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп - кішкентай ағаштар,

Үп - үлкен болып өседі.

Дидактикалық ойын: «Сипап көр».

  • Балалар, бақ қарауылы бір қап көкеніс алып келіпті. Оның мынадай шарты бар: сипап көру арқылы көкеністердің атын табу.Пішінін және дәмі мен иісіне қарай ажырату.

Қыркүйек, қазан, қараша.

Суреттегі көкеністердің атын, пішінін, түсін атайды.

Бау - бақшада.











  • Ия.





-Мынау - қияр. Ол ұзын сағақты, түкті (тікенекті)

Рефлекциялық - түзетушілік

Қорытындылауға арналған сұрақтар:

1.Сендерге оқу іс - әрекеті ұнады ма?

2.Бақшада нелер өседі?

3.Қандай көкеністер мен жемістерді білесіңдер?

4.Бізге көкеністер не үшін керек?

Балалар сұрақтарға жауап береді.



© 2010-2022