Тіл дамыту Қуыршақ Айгерімнің туған күні

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Аққала» (заттық мүсіндеу)

Мақсаты: Заттардың пропорцияларын, құрылымын, бөліктерін қосу тәсілдерін қолдана отырып, берілген затты мүсіндеуді үйрету.аққаланы құрамдастыру тәсілімен мүсіндеуді үйрету. Шиыршықтап илеу, есу және жабыстыру әдістерін жетілдіру. Көз мөлшерін, қолдың ұсақ бұлшықеттерін дамыту.Ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар: Үлгі суреттер, ермексаз, тақтайша, ермексазды кесуге арналған құралдар сүрткіш қағаз.

Әдіс-тәсілдері: Ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Билингвалинг: аққала-снеговик

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші балалармен қыс туралы әңгіме жүргізеді.

Балалар өз тәжірибесіне қыс туралы әңгімелейді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар қыста қандай қызықты жағдайлар болады?

Қыстың ерекшелігі неде?

Қардан не жасауға болады?

Ол ұзақ тұра ма?

Балалар менде мынадай ұсыныс бар. сендер қардан аққала жасап топқа әкеліп қойсаңдар, еріп кетеді. Сол себепті, ермексазбен мүсіндеп жасасақ деймін.

Ендеше мына аққаланың суретіне назар аударыңдарыңдар.

Ол қандай бөліктерден тұрады?

Орындау тәсілін көрсету.

1. Түрлі мөлшердегі үш шарды жұмарлап илейміз.

2. Шарларды кішірею ретіне қарай бірінің үстіне бірін қойып, мұқият сылап, бір-біріне бектеміз.

3. Екі кішкене бірдей шар илеп, қолдарын жасаймыз.

4. Бейнені ұсақ бөлшектермен: мұын, көз, түймелермен, басқа кигізілген щелекпен толықтырамыз.

Балалардың дербес шығармашылық жұмыс жасауын қадағалау.

Орындау тәсілін бекіту.

Аққала қандай бөліктерден тұрады?

Неге ең үлкен дөңгелек астында тұр деп ойлайсыңдар?

Қызықты ойындар ойнауға болады.

Қыста қа жауады.

Аққала

Күн жылыса еріп кетеді.

Балалар ермексадан аққала жасауға қызығушылық танытады.

Орындаудың әдіс-тәсілін мұқият тыңдайды.



Балалар дербес жұмыс жасайдыБірнеше дөңгелектерден

Аққала құлап қалмай, нық тұру үшін.

Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау

Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Тәрбиеші бөлшектерінің біріктірілген жерін жақсы сылаған, бейнені ұсақ бөлшектермен толықтырған, іске шығармашылық тұрғыдан келген балалардың жмыстарын атап айтады.

Балалар аққалаларды дөңелетіп шеңбер құрып тұрғызады. Ең жақсы жасалған жұмыстарды таңдап, шеңбердің ортасына қойып, қызықтайды.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: берілген заттарды мүсіндеуді;

Игереді: көлемдері әр түрлі бірдей заттардың бейнесін мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін;

Қолданылады: ермексазды;



© 2010-2022