Ертегі терапиясы арқылы балалардың дарындылығын дамыту

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Театрланған іс-әрекет арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту бойынша педагогикалық қызметтің жүйесін құру

Байдуашева Г.Б., Садуакасова Б.К.

«№5 «Жұлдыз» санаториялық түрдегі туберкулез ясли-балабақшасы» ММ

Ақтөбе қаласы, [email protected]

Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде 3 жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қасиетті нәрсенің бәрінде ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық»,-деп атап көрсеткен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу маңызды болып табылады.Мектепке дейінгі кезеңде бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге бейім болып келеді. Әр түрлі рөлдерде ойнап көруге тырысады. Жоғары белсенділікті байқататыны белгілі.Қазіргі уақытта,мектепкі дейінгі кезеңнен бастап баланың дарындылығын дамыту және әлеуметтік ортада жағымды қарым-қатынас орната білуі өзекті мәселе болып отыр.Осы мақсатта, яғни мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілдік қабілетін жетілдіре отырып, өзара қарым-қатынасын дамытуда театрландырылған ойындардың маңызы ерекше зор.Ал,театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды.

Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес,сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіндігі іс-тәжірибемізден белгілі.

Театрландырылған ойындар-«ойын - қойылымдары» болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Эмоционалдық-психикалық күйінің жағымды болуына жағдай жасау, мимикалық қабілеттің дамуы мен эмоцияны жеткізе білуі, ішкі «Мені» мен сыртқы жеке адамдық қасиетінің үйлесімділігін қалыптастыру және дамыту болып табылады.Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді.Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін мимика,ым-ишара,тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.

Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға,спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.Театрландырылған ойын кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту.Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады. Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген.Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді.

Драматизация түрлері: жануарлар,адамдар,ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;мәтін бойынша негізделген диалог,монолог,рөлдік ойындар; шығармашылық көрсетілім;бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою.Ал,драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады. Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.Қуыршақ бибабомен ойын-драматизациясы.Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді,сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады. Балалар театрының бірнеше түрлері бар: Ең көп тараған түрі:ойыншықтар театры.Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.

Саусақ театрында- саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады.Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады.Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады.Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.

Үстел үстіндегі театры-сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады.Суреттер (картиналар) театры-Декорация мен кейіпкердің - суреттері.Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі.Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады. Стенд-кітапша театры. Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер).

Фланелеграф театры - Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.

Трафарет театры -Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл- қозғалысын өзгерте алады.Үстел үстіндегі қозғалмалы ойындарды ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттінен кейін ойнатуға болады.Онда балалардың өздерінің шығармашылықтары арттады.Театрландырылған ойынды басқару негізіне әдеби шығармашылық мәтінмен жұмыс істеу жатады. Мәтінді оқығанда әдеби тілмен анық, мәнерлеп оқу керек.Балаларға арналған қөркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінге балалардан эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.Тәрбиеші, дайындық топтарының балалары сәбилерге кішігірім спектакелдер көрсетеді, бұған әр түрлі театр түрлері қолданылады: бәрімізге таныс картиналар театры (фланелограф),саусақ театры. Сәбилердің ынталарын, әр түрлі түстерді ажырата алуына көмектеcеді.

Сәбилер тобындағы балалар ертегінің мәтінін өздері қайталамау үшін, олар берілген іс-әректті орындайды. Мәтінді тәрбиеші 2-3 рет оқу қажет. Рөлмен ойнау балалардың елестету белсенділігін арттырады, өз бетімен шығармашылық ойынға дайындалуға көмектеседі.Театрландырылған ойынға қызығушылықтарын қалыптастыруға қуыршақ театрының қойылымын көру көмектеседі.Оны тәрбиешінің өзі немесе дайындық топ балалары көрсетеді.Күнделікті ойнайтын ойындарды кеңейтіп, драматтизация ойынның әр түрлігін меңгеру арқылы, балаларды қатыстыра отырып ойын тапсырмаларын біртіндеп қиындата түсу керек.Адамдар, жануарлар және құстардың әрекеттерін ойын арқылы келтіру.Адамның негізгі эмоциясы (күн көрінді-балалар қуанады, күледі, алақандарын соғады, орындарында секіреді), кезекпен тартымды рөлдер ойнау. Ортаңғы топтағы балалар «өз үшін» ойынан бала біртіндеп көрермендер үшін жасалған қойылымға ауысады. Бұл жастағы балалардың театрландырылған ойынға қызығушылықтары тереңдей түседі.Ортаңғы мен ересектер тобының балалары саханалық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі,өнерге құштарлығы арттады. Қандайда да саханалық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізіледі.

1.Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылады.

2.Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады.

3.Сұрақ - жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отыру.

4.Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау үшін, талмай жаттығулар жасау керек. «Бала ойынының қарапайымдылығы -алдамшы құбылыс бұны бәрі біледі, бірақ оны бәрі түсіне бермейді» -деп,П.Ф Каптерев айтқандай, ойын бала дамуының негізгі құралы ғана емес, сондай-ақ,өзін-өзі тәрбиелеп, әлеуметтендіруіне мүмкіндік жасайтын , отбасынан кейінгі, әлеуметтік ортаны қалыптастыратын негізгі іс-әрекет.

Сондықтанда, мектепке дейінгі кезеңде балалардың ойындағдыларын және шығармашылығын дамыту үшін, театрланғанбалалардың ойын бала өмірі үшін алатын орны ерекше.



Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған театр ойындарАстана-2014 жыл.

2.Республикалық педагогикалық журналБілім. Кz

3.Хейзинга Иохан «Человек играющий» 2003ж
4.Равновесие Нэше, свободная энциклопедия
5.Рудик Г. А. «Игры и их педагогическое значения»
6.А.Ж.Едігенова «Ойыната отырып тәрбиелеу» 2010ж
7.Сыр мектебі 15.10.2008ж










«№5 «Жұлдыз» санаториялық түрдегі туберкулез ясли-балабақшасы» ММ














Театрланған іс-әрекет арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту бойынша педагогикалық қызметтің жүйесін құру


Байдуашева Г.Б., Садуакасова Б.К.


© 2010-2022