План на тему Бақшада на среднюю группу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: "Бақшада"

Мақсаты: Бақшада тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру.Көкөністердің аттарын ажырату,сол арқылы сөздік қорын байыту. Көкөністерді түсіне, түріне қарай салыстыруға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Қызанақ, орамжапырақ.

Көрнекіліктер:суреттер,көкөністер мен жемістердің мульяжі.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық

қозғаушы кезең


Ұйымдастыру-ізденіс әрекете













Рефлексивті-түзету кезеңі

1. Балаларды шеңберге тұрғызу:

Мысалы: Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз.

Қайырлы таң,балалар!

2. -Балалармен әңгімелесу,сұрақтар қою.

-Жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Балаларға бір ыдысқа көкөністердің ,бір ыдысқа жемістердің мульяждарын салып көрсетіп сұрақ қою.

- Ыдыстағы заттарды бір ауызбен қалай атайды?

- Көкөністерге не жатады?

Балалардың жауабы: қияр,қызанақ,қияр,т.б

Көкөністер қайда өседі?

-Жемістерге не жатады?

-Алма, алмұрт, шабдалы,өрік,т.б

-олар қайда өседі?

- Бау-бақшада өседі.

-Дұрыс айтасыңдар. Бақты бау деп те аатады. Бау-бақша - жеміс-жидек, ,көкөніс егілген жер. Бау -бақша әр үйдің айналасында болады.

3.Сөздік жұмыс жүргізу.

Орамжапырақ- бақшада өсетін көкөніс түрі.

Қызанақ- қызыл түсті көкөніс.

4.Суретпен жұмыс.Бақшада тақырыбында сурет бойынша әңгіме құрастыру.

-5.Жұмбақтар шешу. 1. Көк ала лағым

Көгалда жатып семірді.

2. Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкініғ

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

Шешулері: қарбыз, сәбіз.

Жұмбақтың шешуі болған қарбыз, сәбіз жеміске жата ма?әлде көкөніске жата ма?

Балалардың жауабы: көкөніске жатады.

6. Сергіту сәті: Жел соғады гу-гу,

Жаңбыр жауды тырс-тырс,

Жаңбыр басылады,

Күн ашылады.

7. Дидактикалық ойын: "Сиқырлы қоржын"

Шарты: қоржыннан көкөністер мен жемістерді алып, оның қатты, дәмді, тәтті, ащы,қышқыл зат екенін ажыратып атау, пішіндерін айту.

Мысалы: алма-тәтті, домалақ, түсі - қызыл,сары;

Сәбіз- қатты, сопақша, түсі тоқ сары;

Жаңылтпаш жаттау.

Алма теріп балақайлар,

Алақайлар,

Талапайлар.

8.Сабақты қорытындылау.

- Осы көкөністер мен жемістердің адамға пайдасы зор.Оларды күтіп баптасақ, көп өнім аламыз.

Бағалау: досын бағалау.

Балалар өлең жолдарын бірге айтады.


Балалар сұрақтарға жауап береді.


Көкөністерді атайды.

Жемістерді атайды.


Сөздік жұмыс жасайды.

Әңгіме құрастырады.

Жұмбақтарды шешеді.



Сергіту сәтін орындайды.

Дидактикалық ойын ойнайды.

Жаңылтпаш

ты жаттайды.

Сабақты қорытынды

лайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Бала жемістер мен көкөністерді білуі тиіс;

Игеру :Олардың аталуы, , қайда өсетіні, құрамындағы кездесетін дәрумендері жайлы игерілуі тиіс;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алуды меңгерілуі;




© 2010-2022