Сценарий на тему Е дыбысы және әрпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сценарий на тему Е дыбысы және әрпіМКҚК Таңшолпан балабақшасы
























Тәрбиеші Ы.Ә. Жақыбай













Жаркент қаласы*2015 жыл

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сауат ашу және жазуға үйрету.

Оқу іс- әрекетінің тақырыбы: "Е дыбысы және әрпі"

Мақсаты:

1.Е дыбысы және әрпі жайлы түсініктерін қалыптастыру.

2.Е дыбысы мен әрпін оқуды, жазуды меңгерту, дидактикалық материалдарды пайдалану, құм үстелін пайдалануға үйрету, қолдарын жазуға машықтандыру.

3. Балаларды білім алуға тәрбиелеу. Ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, оқуға, жазуға қызығушылықтарын арттыру, әңгіме құрау арқылы сөздік қорын молайту, жаңылтпаш айту, ел даналығын айту арқылы балаларды талапты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Әріп таңбалары, бейнетаспа, емен ағашы, ешкі, дидактикалық материалдар, құм үстелі, домбыра, айна, жұлдызша.

Сөздік жұмыс: Емен, желудь- жаңғақ.

Шаттық шеңбері:

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнеки, бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздерме апайлар!

Бір- біріне қарап:

Қайырлы күн досым,

Ісің сәтке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

Тосын сәт: "Ешкі мен емен" ертегісін тыңдату.

Ойын: "Жаңғақ жинау"

Әр жаңғақтың астында сұрақ бар екен:

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  2. Дыбыс дегеніміз не?

  3. Әріп дегеніміз не?

  4. Дауысты дыбыс деп неге айтамыз?

  5. Дауыссыз дыбыстарға не кедергі келтіреді?

  6. Ал-ма сөзін оқып бер?

  7. Аң сөзін оқып, сөйлем ойла?

  8. Біз өткен сабақта қандай әріпті өттік?

  9. "Ң" дыбысы қанша элементтен тұрады?

  10. "Ң" дыбысын тақтаға, құм үстеліне жазып көрсет?

  11. Сөздерді оқиық: оң, таң, паң.

  12. Еменге ешкі не деп тіл қатты?

  13. Ал емен ешкіге не деді?

"Е" дыбысы дауысты дыбыс. Яғни, бүгінгі саабақта "Е" дауысты дыбысымен танысамыз.

Бейнетаспа.

Тақтаға назар аударайық: Е- тік, жер, бес, ел, ер, жел, кесе, емен осы сөздерде қандай дыбыстарды көп естідіңдер?

"Е" дыбысы.

  1. Айнаға қарап айтқызу.

  2. Ауаға жазып көрсету.

  3. Дұрыс тыңдап алыңдар:

Е- мен, е- ден, е- лік бұл сөздерде "Е" дыбысы қалай естіледі?

"Е" дыбысы әндетіп, еш кедергісіз ұзақ айтылады, яғни дауысты дыбыс дейміз. Қызыл белгімен белгілейміз.

Дәптермен жұмыс: Жазылуына назар аударайық.

Құм үстеліне жазып ойнау.

Жеке жұмыс: Айзереге жаңылтпаш айтқызу.

Ел даналығы: Малика, Имир, Мағжан.

Әр баланың жұмысын көру, мадақ айту.

Сергіту сәті: Егеменді ел, әліппе жыры.

Балаларға рухани сана қалыпастыру.

Сабақты қорыту: Ойын: "Тез ойла, сөз ойла"

-Е дыбысы қандай дыбыс?

-Е дыбысы бар сөздерді айтайықшы.

Меңгерген білімдерін бағалау:

Жақсы білсе- жасыл жапырақ.

Түсінбесе- сары жапырақ.

Сабақты бекіту: Сабақ ұнады ма?

Қонақтармен қоштасу:

Жүректен жүрекке,

Балдай тәтті баламыз.

Айтқан тілді аламыз,

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз:

Қол ұстассақ бәріміз,

Жарасады сәніміз.

Көріскенше күн жақсы,

Сау болыңыз бәріңіз!






© 2010-2022