Технологический карта по физкультуре в средней группе

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы топқа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:24. 11. 2015ж.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: «Оң және сол қолымен лақтыру»

Мақсаты: 1.Көлденең қойылған нысанаға затты лақтыруды үйрету

2.Балаларды зерек болуға және бір-біріне қажетіне қарай көмек беруге үйрету.

3.Бір орында тұрып , ұзындыққа секіруге үйрету; көзбен мөлшерлей білу дағдысын және қимыл -қозғалыс үйлесімділігін дамытуға ықпал ету.

Құрал жабдықтары: Бала санына қарай құм салынған қапшықтар , ұзын жіп, 3-4 үлкен шығыршық.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

1.Бір қатарлы сапта келе жатып,кезектестіре жүру және жүгіру.

2. Бір орында тұрып биікке секіру, аяқтарды бірге қою, бір аяқты алға , екіншісін артқа қою.

Балалар бірін-бірі итермелемей , қолдарын еркін қозғап , аяқтарын сүйретпей жүреді.

Ұйымдастыру-

іздестіру

1.Қаппен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.:тқру, аяқтың арасын аздап ашу, екі қолмен қапты баста ұстап тұру . Қапты жоғары көтеру , созылу , қапты қайтадан басқа қою.

Б.қ.: етпетінен жату,қапты екі қолмен тік ұстап тұру.Қапты жоғары көтеріп,қолды имей, түзу ұстауға тырысу,қапқа тік қарау , оны еденге түсіру.

Б.қ.: тұру, қапты екі қолмен тік ұстап тұру, қолды төмен түсіру.Отыру, қапты еденге қою, тіктелу,қолдарды жоғары көтеру, отыру, қапты алу , тіктелу.

Екі аяқпен бір орында тұрып секіру.Қапты бір қолмен ғана ұстау.

2.Бір қатар тізбекпен жүру.

3.Құм салынған қапты оң және сол қолмен көлденең лақтыру.

Тәрбиешінің нұсқауы бойынша лақтыру алаңына барып тұру.Жаттығуды бір уақытта 3-4 бала орындайды.

Тәрбиеші қапты шығыршыққа оң қолымен де, сол қолымен де лақтыру қажет екендігін ескертеді.


4.Екі аяқпен бір орында тұрып ұзындыққа секіру.Балалардың жіп арқылы ұзақтау секіруін қадағалау.Жерге жеңіл түсуін ескертіп отыру.

5. «Қоңыздар» қозғалысты ойыны.

Шарты: «Қоңыздар ұшты!» деген белгі бойынша немесе музыка ойнағанда балалар зал ішінде шашырай қашады. Ал «Қоңыздар құлап қалды» деген белгіде немесе басқа бір музыка ойнаса не дабылдың ырғағы өзгерсе , балалар шалқалап жатып алады да, аяқтары мен қолдарын көтереді, яғни , бұл «қоңыздар тырбаңдап жатыр» дегенді білдіреді. «Қоңыздар ұшты!» деген белгі берілгенде немесе музыка ойнағанда балалар орындарынан тұрады, ойын бірнеше рет қайталанады.

Құм салынған қапшықты алу.Жаттығуларды тәрбиеші көрсеткеннен кейін орындайды.

Жаттығуларды 4-6 рет қайталау.Қозғалыс барынша тез қарқында орындалады. Бұл оны орындауды жеңілдетеді.





Әрбір бала қапты өзінің шығыршығына лақтырады.Егер алдыңғы сабақтарда балалар топпен бір уақытта лақтырса, бұл сабақта балалар шығыршықтың екі жағындағы сызыққа жетпей тұрып, тәрбиеші белгі берген кезде лақтыруды орындайды.

Балалардың барлығы бір уақытта 4-6 рет секіреді.

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексифті- түзетушілік

Шеңбер бойымен жүру.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: оң және сол қолмен көлденең лақтыруды;

Түсінеді: бір орында тұрып ұзындыққа секіру шарттарын;

Қолданады: көлбеу қойылған нысанаға лақтыру туралы түсінікті.

Тәрбиеші: Ермекова Ж.Т.

Тексерілді:__________________________



© 2010-2022