Тақырыбы: Қыс ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балбөбек» бақшасы КМҚК



Қыс







Тақырыбы: «Қыс».

Мақсаты: балалардың қыс туралы алған білімдерін тиянақтап,

қорытындылау, үйренген сөздерін күнделікті қолдана білуге

жаттықтыру, балалардың сөздік қорын дамыту, сөйлем құрап

айтуға дағдыландыру, балаларға қыс туралы тақпақ, жұмбақ

шешу арқылы балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Көрнекіліктер: үлгі сурет, қыстық киімдер.

ж\ж жақсы қатусуын ұсыну.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытындылау.

Сабақ жүрісі:

Қазір балалар, сабағымыздың басында мен сендерге өлең оқып беремін. Соны сендер мұқят тыңдап отырыңдар.

Аяз қысып,

Терезені торлайды

Қарға омбығып

Бет домбығып

Балалар далада ойнайды.

Кейде ұлып,

Кейде ысқырып

Ұйытқып боран соғады

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады. Қыс.

Иә, балалар, бұл қыс мезгілінде болады.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс.

-Дұрыс айтасыңдар, қазір жылдың қыс мезгілі.

Біз бүгін қыстың соңғы күнімен қоштасамыз.

Қыс айларын атайық.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Қыс бізде 3 ай қонақта болады.

Кәне барлығымыз мына тақтаға суретке қарайық. Бұл суретте не бейнеленген?

Барлығымызда жақсы қатысып отырмыз.

-Мына суретте қыс мезгілі бейнеленген.

-Мынау не?

-Үй, аққала, мына балалар шанамен сырғанап жүр....т.с.с

Сурет бойынша әңгіме.

Қыста күн қандай болады?

-Суық, аяз, боран болады.

Өте жақсы балалар.

Қыста біздер қандай киімдер киеміз?

-Тон, құлақшын, етік, қолымызға қолғап киеміз.

-Өте дұрыс.

Енді балалар мына балалар қандай киімдер киіп жүр, енді оған назар аударайық.

Балалардың жауаптары.

Қыста біз қандай ойындар ойнаймыз?

-Шаңғы тебеміз, шанамен сырғанаймыз, Аққала жасаймыз. (қардан).

-Өте жақсы, балалар.

-Енді мына аққалаға келейік.

-Бұл аққала.

Аққала қардан жасалады екен.

Аққала туралы сұрау.

Пішіні қандай?

-Дөңгелек.

-Өте жақсы, дөңгелек екен.

Енді балалар, осы қардың түсі қандай?

-Аппақ

-Дұрыс айтасыңдар, қардың түсі аппақ екен, қар жұмсақ.

Осы аяз, боран, суық, қар, аққала осылардың барлығы қыста болады екен.

Осы балалар қыс туралы тақпақ білеміз бе?

-Білеміз.

-Олай болса қыс туралы тақпақ айта қойыңдаршы.

Әбдуали: Жасыл емес жайнаған,

Ақмамық қар айналаң

Сырғанақта ойнайсың,

Қызыққа енді томайсың,

Алақай-ау, алақай

Қыс келіп тұр балақай!

Қарақат: Мұз қатып көлдерге

Қар қонып белдерге

Сырғанақ тебейік,

Аппақ қыс келгенде.

-Өте жақсы.

Енді мен сендерге жұмбақ айтамын, соны ойланып жауабын айтыңдар.

Түсі аппақ болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар).

-Өте жақсы, дұрыс

Зулап түсіп төменге

Шықпас менсіз төбеге (Шана).

- Дұрыс.

-Енді балалар, «Қыста киетін киімдерді ата» деген дидактикалық ойын ойнаймыз.

Өте жақсы, балалар.

Бүгінгі сабаққа барлығыңда жақсы қатысып отырдыңдар.

Мадақтау.

Қорытындылау.





© 2010-2022