Желелі-рөлдік ойын Шаштараз

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Катонқарағай ауылдық «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы КМҚК



Желелі - рөлдік ойын:

Тақырыбы: «Шаштараз»







Өткізген : Узембаева Р.М



Тақырыбы: Желелі- рөлдік ойын: « Шаштараз»

Мақсаты: Балаларды желелі ойындардың жаңа түрлерімен

таныстырып,ойнатып және өзіндік ойын барысында өз

қатарластарының ойымен келісулеріне,ойын кезінде бір рөлден

екінші рөлге ауыса білуді жетілдіру.Ойын арқылы балаларға

қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып диалогтік тілді

дамыту.Балаларды ұйымшылдыққа

тәрбиелеу,қызығушылықтарын арттыру.

Алдын-ала жұмыс: Балалармен «Шаштараз» ойынын өткізбес бұрын алдын-ала жұмыс жүргізілді. Катонқарағай ауылындағы «Сән» атты шаштаразға бардық. Ол жерде балалар шащтараз мамандығымен танысып, шаштараз жұмысын бақылай отырып, қызығушылықтары оянды. Шаштараз балаларға шаш үлгісін жасап, балалардың көңіл-күйлері көтерілді.

Желелі- рөлдік ойын ШаштаразЖелелі- рөлдік ойын Шаштараз

Желелі- рөлдік ойын Шаштараз



Ойын барысы: Жылулық щеңбері:

Мынау менің жүрегім

Барлығы осыдан басталған

Мыау менің басым

Бәрін осы басқарған

Мынау менің оң қолым

Барлық істі тындырған

Бәріміз тату болайық,

«Сәлеметсіздер ме!»

Амандасып алайық

Жұлдыздай жарқырайық

Бүгінгі күнді бастайық

Желелі- рөлдік ойын Шаштараз

ТЖелелі- рөлдік ойын Шаштараз

әрбиеші: Балалар,қазір барлығымыз үлкендер өміріне саяхатқа шығамыз.

(Отбасы мүшелері дөңгелек үстелде отырады)

Анасы: Әділет 4 жасқа толды ғой.Сондықтан мен оны дәрігерлік кеңестен өткізуге емханаға апарамын.Сен қызым бүгін не істейсің?

Қызы: Мен шаштаразға барып шашымды жөндетейін дегенмін.

Анасы: Онда қазір шаштаразға қоңырау соғып кезккке жазылып қой.

Қызы: Жарайды

(Телефон соғады).Сәлеметсіз бе!Шашымды сәндеуге кезекке жазылайын, - деп едім.Рахмет.Анашым кезекке жазылдым.Енді маған біраз ақша керек болып тұр.

Анасы: Міне саған ақша,барып келе ғой.

Қызы:Шаштаразға келді.Дәлізде көп адамдар кезек күтіп отырады.

Администратор: Сәлемесіз бе!

Қызы: Сәлеметсіз бе! Мен сағат бірге шашымды сәндеуге кезекке жазылып едім.

Администратор: Иә,жақсы.Шаштараз қазір босайды,күте тұрыңыз,міне сізге журналдар қарай отырыңыз.

(Шаштараз жұмыс үстінде)

Желелі- рөлдік ойын Шаштараз



Тәрбиеші: Балалар,сендер осы шаштаразға барып көрдіңдер ме?Қалай ойлайсыңдар,шаштаразға қандай заттар қажет?Мен сендерге жұмбақ жасырайын,сендер шешуін айтасыңдар.

Жұмбақтар шешу:

Қос таяқ,бастары дөңгелек

Тұтасты кеседі бөлек бөлек (Қайшы)

Қайшыны кез келген жерге қоюға болмайды,қайшымен ойнауға,ауызға салуға болмайды.Қайшымен жұмыс істеген кезде мұқият болып,көзден алысырақ ұстау қажет.

Шомылған баланы,аймалап алады,

Сүртеді қолыңды, сүртеді жоныңды

Бұл не? (Орамал)

Қолы жоқ,сөзі жоқ,бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар

Бұл не? (Тарақ)

Иілсең иіліп,түйілсең түйіліп,

Қарайды кісіге,ұқыпты ісіне

Бұл не? (Айна)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,шаштаразға қажетті заттар осылар екен.Осы адамдар шаштаразға не үшін барады?

Балалар: Шаш қию үшін,шаштарын сәндеу үшін.

Тәрбиеші: Иә,дұрыс айтасыңдар.

Желелі- рөлдік ойын Шаштараз

Администратор: Шаштараз босады,кіруіңізге болады.

Қызы: Сәлеметсіз бе!

Шаштараз: Сәлеметсіз бе!Сіз шашыңызды қалай сәндейін деп едіңіз?шашыңызды жуайық па?

Қызы: Жоқ,шашамды үйде жуып келдім.Маған төбе жағын көтеріп,бигуди тағып бұйралап берсеңіз.

Шаштараз: Жақсы.

Шаштараз: сізге шаш қою үлгісі ұнады ма?Егер ұнаса ақшасын төлеуіңізге болады.

Қызы: Рахмет,ұнады.Ақшасын қайда төлейін?

Шаштараз: Кіре берістегі администраторға.

Қызы: Сау болыңыз.

Шаштараз: Сау болыңыз,келіп тұрыңыз.

Администратор: Сізден жиырма бес тенге.

Қызы: Мінекейіңіз,рахмет,сау болыңыз.

Администратор: Сау болыңыз,келіп тұрыңыз.

Тәрбиеші: Балалар,шаштаразға алдын ала жазылуға және жай кезекпен келуге болады екен.

Администратор: Шаштараз босады,келесі кезекте кім екен?

Алихан: Менің кезегім еді.

Администратор: Кіріңіз.

Желелі- рөлдік ойын Шаштараз

Шаштараз: Сәлеметсіз,сіз шашыңызды қиясыз ба?

Алихан:Сәлеметсіз,иә,шашымды қияйын деп едім.

Шаштараз: Отырыңыз.

(Мойындарын орау,алжапқыш кигізу,шашын қырқу,кептіру)

Шаштараз: Мінекейіңіз,сіздің көңіліңізден шықты ма?

Алихан: Иә,рахмет,ұнады.

Шаштараз: Сау болыңыз,келіп тұрыңыз.

Алихан:Сау болыңыз,ақшасын қайда төлейін?

Шаштараз: Кіре берістегі администраторға.

Администратор: Сізден он тенге.

Алихан: Мінекейіңіз,рахмет,сау болыңыз.

Администратор: Сау болыңыз,келіп тұрыңыз.Біздің шаштаразымыз жиырма минуттан соң жабылады,бірақ ертең міндетті түрде жұмыс істейді,қазір ақырғы адамды қабылдаймыз.Үлгермегендер ертең келулеріне болады,міндетті түрде келіңіздер!

Тәрбиеші:Сонымен балалар біз бүгін шаштараз апайдың жұмысымен таныстық.Әркез шаштараздан шыққан кезде,бірден өңіңіздің кіргенін байқайсыз.Шаш өсіп кетсе түр келбетіміз жаман болып кетеді.Қыздар шаштарын өріп,ұлдар қырықтырып жүру керек.

Балалар,сендер шаршап кеттіңдер ғой деймін,қане орнымыздан тұрып сергіп алайық:

Орнымыздан тұрайық

Қоды жоғары созайық

Ұшқыш болып ұшайық

Тігіншіге ұқсайық

Дөңгелене би билеп

Бишіге біз ұқсайық!

Тәрбиеші: Балалар, шаштаразда көп мамандықтрдың бірі.Біз тағы басқа қандай мамандықтарды білеміз?

Балалар: Дәрігер,мұғалім,аспазшы,құрылысшы,ұшқыш.

Тәрбиеші: Жақсы балалар,бұл мамандықтардың барлығы бізге қажет екен.Сендер сол мамандықтар туралы тақпақ білесіңдер ме?

Желелі- рөлдік ойын Шаштараз

Іш ауырса,тіс ауырса

Мамам дәрі береді

Барлық ана,барлық бала

Оны жақсы көреді.

Зәулім мектеп алаңы

Көркем үйлі қаланы

Балалардың бақшасын

Құрылысшылар салады.

Көкке ұшамын

Ұшқыш болар баламын

Сабына ерем

Мен ғарышкер ағаның

Шахтерді ел біледі

Оған сарай жер асты

Көмір қазып жүреді

Сорғалатып тер ащы

Сәуле сеуіп санаға

Білім берер балаға

Мұғалімге бас иген

Хан мен қара дана да

Тәрбиеші:Балалар,бүгін біз сендермен маман иелері жайлы көп біліп,олардың немен айналысатындары жайлы білдік.Мен осы іс әрекетімізді мына өлең шумағымен аяқтағым келеді:

Бүгін сәби боласың

Ертең өсіп толасың

Жігіт болып өскенде

Сен де маман боласың.

© 2010-2022