Сыныптан тыс ертегі сабақ Үйшік

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі

Мақсаты:

1.Балалардың ертегі арқылы білімдерін бекіту

2.Ертегі кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз қасиеттерін көруге, бағалауға үйрету. Ертегілерден үзінділерден әңгімелей білу, ертегіні сахналай білу.

Көрнекіліктер: кейіпкерлер киімі, шар, ертегідегі суреттер, ертегі кітап, т.б.

Көрініс «Үйшік» ертегісі

Қатысқандар:

Тышқан - Даяна

Бақа - Ернұр

Қоян - Әдемі

Түлкі - Нұрай

Аю - Ислам

Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалады.

Тышқан (Даяна): - Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?

Ешкім жауап қатпады. Тышқан үйшікке кіріп, сонда тұра бастады. Содан кейін секіріп бақылдауық бақа келді.

Бақа (Ә.Ернұр): -Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Тышқан (Даяна): - Мен жертесер тышқанмын. Ал сен кімсің?

Бақа (Ә.Ернұр): - Мен бақылдауық бақамын.

Тышқан (Даяна): - Кел, бірге тұрайық. Екеуі бірге тұра бастады. Секектеп секек қоян келді.

Қоян (Әдемі): - Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Тышқан (Даяна): - Біз жертесер тышқан, бақылдауық бақа, ал сен кімсің?

Қоян (Әдемі): - Мен секек қоянмын.

Тышқан (Даяна): - Кел, бірге тұрайық. Олар үшеу болады жүгіріп жылмаң түлкі келеді.

Түлкі (Нұрай): - Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Тышқан (Даяна): -Біз жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, ал сен кімсің?

Түлкі (Нұрай): - Мен жылмаң түлкімін.

Тышқан (Даяна): - Кел, бірге тұрайық. Олар төртеу болады. Үйшікке аю келіп есік қақты.

Аю (Ислам): - Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Тышқан (Даяна): -Біз жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі , ал сен кімсің?

Аю (Ислам): -Ал мен жантайғыш аюмын. Үйшігіңе жантая кетсем бәрің жаншылып қаласыңдар.

Қорқып кеткен аңдар үйшіктен қашып шықты. Ал жантайғыш аю үйшіктің үстіне жантая кетіп еді, үйшік қирап қалды.

Аю Ә.Ернұр:

Алып батыр балпаңмын,

Ақ ниетті дарқанмын

Барлық аңға тимеймін,

Балпаң, балпаң билеймін

Түлкі Нұрай:

Күлімдеген түлкімін,

Мен бар жерде ойын бар

Мендегі ойын күлкінің,

Қызығына тойыңдар

Қоян Әдемі:

Биші батыр қоянмын,

Ноян десең ноянмын

Ел болған соң кеш жатып,

Елден бұрын ояндым

Бақа Ислам:

Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ

Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ

Даяна:

Тышқан, тышқан тықылдақ

Сұр ішегі сағаншақ

Мысық сені көрмесе,

Күлесің ғой шықылдап

Аю Ә.Ернұр:

Алып батыр балпаңмын,

Ақ ниетті дарқанмын

Барлық аңға тимеймін,

Балпаң, балпаң билеймін

Түлкі Нұрай:

Күлімдеген түлкімін,

Мен бар жерде ойын бар

Мендегі ойын күлкінің,

Қызығына тойыңдар

Қоян Әдемі:

Биші батыр қоянмын,

Ноян десең ноянмын

Ел болған соң кеш жатып,

Елден бұрын ояндым

Бақа Ислам:

Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ

Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ

Даяна:

Тышқан, тышқан тықылдақ

Сұр ішегі сағаншақ

Мысық сені көрмесе,

Күлесің ғой шықылдап

© 2010-2022