Төлдер айтысы Ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Бекітемін: Уақыты: 03.11.2015 Тобы: «Балбөбек»

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі:Тіл дамыту

Тақырыбы : «Төлдер айтысы» ертегі

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Тқрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап , көрсету

Көрнекілігі: Үй жануарлары және төлдерінің суреттері

Билингвалдық компанент: үй жануарлары-домашние животные - лақ-козленок,құлын-жеребенокбұзау-теленок,бота-верблюжонок

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушы

лығын ояту кезеңі:

Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.

-Менің атым Нұралы, мені анам «қошақаным » деп еркелетеді.

Менің атым Сұлу, мені анам «ботақаным» дейді.

Балалар өздерін қалай еркелететіні жайында әңгімелейді.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Д/о: «Төлін тап»

Әліппе-дәптермен жұмыс

«Төлдер айтысы» ертегісімен балаларды таныстыру.

-Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?

-Лақ не айтты?

-Құлын ше?

-Бұзау не деді?

-Қошақан , бота не деді?

-Адам не деп жауап берді?

Сергіту сәті

Айналайын торпақ , бола берме қорқақ ,

Айналайын қозым , малда жуас бозым.

Айналайын ботам , қандай күлте жотаң,

Жалт-жұлт етіп лақ , жағалайсың бұлақ.

Жұмбақпен жұмыс.

Жарысуға дайын , менің қасқа ...(тайым)

Тастан тасқа секірген ұзын салпаң құлақты ,

Қойдан маза кетірген , кім біледі ...(лақты)

Моп-момақан өзі , сүп-сүйкімді ... (қозы)

Ойын ойнайды.

Ертегіні түсініп , қысқаша баяндайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Қимылмен көрсетеді.


Жұмбақ шешеді.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?

Ешкі , қой , сиыр , түйе , жылқының төлдерін ата.

Малдарды қалай шақырады?

Үй жануарларының пайдасы туралы әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Білім: Төлдер айтысы тақырыбымен танысты.

Білік: Үй жануарларының пайдасы туралы мағлұматтар білді.

Дағды: Ертегіден түсінгендерін айтуға дағдыланды.






© 2010-2022