Психологиялық кеңестер Жайдарлылық - адамдардың бір-біріне деген жылулығын ашатын кілт

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Гаухар Баяновна Тайшикова

№ 16 «Балдәурен» бөбектер

бақшасының психологі,

Екібастұз қаласы, Павлодар облысы


Психологиялық кеңестер

Жайдарлылық - адамдардың бір-біріне деген жылулығын ашатын кілт

Тәрбие кодексі

Өз уақытың мен өзге адамның уақытын қадірле және бағала: кешігу -ол әдепсіздік; уақытында бәрін істей біл.
Алғыс алу мықтының мейірімділігі, қарғыс алу -мейірімсіздіктің белгісі.
Есіңде болсын, сенің көнілсіз бейнең, басқа да адамдардың әсіресе, жақындарының қуанышын бұзады.
Тазалық - сыпайылықтың белгісі, бірақ есіңде болсын, үсті -басыңды үйіңде ұқыпта.
Тәрбиелі адам әрқашан мәдениетті, кішіпейіл, ол біреуге міндет етпейді, кетерде: сізбен өмір сүруге болмайды, демейді. Тәрбиелі адамдар «суық пен тынышсыздықты, күйген етті, ащылықты, бөгде адамның үйінде қатысын және т.б. бәрін кешіре береді. Біреудің көзінше ұрыс-керіс шығармайды, көп сөзге әуес емес, байсалды» (А.П.Чехов)
Өзінің ішкі жан дүниеңді, уайым қайғыңды қоғам алдында талқылама.
Әлсіз қарттар мен ауру адамдарға шыдамдылық пен сезім талдық көрсет.
Алдыңда әйел адам немесе өзіңнен үлкендер адам келсе, орныңды бер.
Сәлемдесу - бұл көңіл бөлу, сыйластық, татулықтың белгісі, сондықтан ол жергілікті дәстүрге қарай нақты әрі сабырлы болу керек.
Таныстардың сәлемдесуі ішінен шыққан қуаныштан, сыйластықтан көңіл аударуды білдіреді, жасанды сәлемдесуге болмайды.
Ең бірінші кішілері үлкендермен, қарамағындағылар жетекшісімен, ерлер әйелдермен сәлемдеседі.
Адамдар отырған мекемеге кіріп келген бірінші бәріне бірдей сәлем береді, таңдамалы адамдармен амандасқан тәрбиесіздіктің белгісі.
Біреумен сөйлескенде жалықтырмауға тырыс.
Тегін атап шақыру оны кішірейтіп айтқанмен бірдей.
Өзге біреуге ұқсаудан аулақ бол (К.С.Станиславский)
Түймедейді түйедей қылып басқа біреудің ашуын шақырып дау-жанжал қылма.
Есіңде болсын, басқа адамдар да сен сияқты: олардың қадамдары мен әдеттерінен бір - бірінен айырмашылығы болады, соңдықтан оларды жаман демей, шыдамдылық таныт.
Басқа біреудің киіміне, физикалық кемістігіне, сөйлегеніндегі кемшілігіне көңіл аударма.
«Қарапайым болу нағыз адамгершіліктің белгісі.
Егер де орындай алмайтын болсаң, сөз бермеуге тырыс. Әзілдескенде шамасын біл, басқа біреудің намысына тиме» (Г.Гейне).


© 2010-2022