Сенсорика. Көктем гүлдері. Жапсыру

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КӨКТЕМ ГҮЛДЕРІ

«Айгөлек» тобына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Көктем гүлдері
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға көктем мезгілі және көктем гулдері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ақыл ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Әдептілікке, үлкенді сыйлауға үйрету.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру
Алдын-ала берілген жұмыс: тақпақтар, ертегі.
Блингвистикалық компонеті: Бәйшешек - подснежник, бақ-бақ - одуванчик, қоңыраугүл - колокольчик, қызғалдақ - тюльпан, гүл - цветок - flower, көктем - весна - spring.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Танымды оятушылық кезең

Ұйымдастырушылық - ізденушілік кезең

Рефлексивті түзету Шаттық шеңбері:
Қонақтармен амандасу
-Сәлеметсіздер ме!
-Здраствуйте!
-Good morning!
Сәлем саған Алтын Күн!
Сәлем саған Көк аспан!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем маған!
Сәлем саған!
Good morning, good morning!
Good morning to you.
Good morning, good morning!
We are glad to see you.

-Балалар, қазір бізде тіл дамыту сабағы. Сабақтың тақырыбы: «Көктем гүлдері» деп аталады.
-Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер сол жұмбақтың жауабын тауып көріңдерші. Мұқият тыңдаймыз.
Ақ қар еріп, су көбейіп, Сай салаға толады. Ағаш басы бүршік ашып, Гүл бәйшешекке толады. Бөбектерім айтындаршы Бұл қай мезгіл болады?
-Дұрыс балалар, қазір көктем мезгілі.
-Орыс тілінде көктемді весна деп айтамыз. Ағылшын тілінде spring деп айтады. Қане қайталап айтайықшы.
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Қазір көктемнің қай айы?
-Көктемде табиғат өзгерістері қандай болады?

- Дұрыс, балалар, көктемнің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер.
Жұмбақ
Өзі сондай нәзік, Су құйсаң кетеді.
Алақаның жайып. (гүл)
Орыс тілінде гүлді цветок, ағылшын тілінде flower деп айтамыз. Қане балалар қайталап айтайықшы.
-Балалар, гүлдер не үшін керек?

Тәрбиеші:
Ал енді бейнетаспадан гүлдерді тамашалайық.
-Балалар, бұл бәйшешек гүлі.
Бәйшешек - сәндік өсімдіктер. Балалар бұл бәйшешек гүлі өзі кішкентай болса да суыққа төзімді қар ерісімен шығатын түсі ақ гүл екен.
-Бәйшешектің түсі қандай?
-Жапырағы қандай түсті?
-Бәйшешекті орыс тілінде - подснежник деп айтады. Қане қайталап айтайықшы.

Тәрбиеші:
-Балалар мынау бақ-бақ гүлі.
Бақбақ - көп жылдық, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі.Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады.
-Бақ-бақтың түсі қандай?
-Жапырағы қандай түсті?
-Бақ-бақты орыс тілінде одуванчик деп айтамыз. Қане бәріміз айтайықшы.
Тәрбиеші:
-Балалар, мынау қоңыраугүл.
Қоңыраугүл - жапырағы жеуге жарамды. Қоңыраугүлді әсемдік, тағамдық және дәрілік мақсатта қолдану үшін өсіреді.
-Қоңыраугүлдің түсі қандай?
-Жапырағы қандай түсті?
-Қоңыраугүлді орыс тілінде колокольчик деп айтады. Қане бәріміз айтайық.
Тәрбиеші:
Қызғалдақ - көп жылдық өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі. Қызғалдақ - ғашықтық, махаббат белгісі екен.
-Қызғалдақтың түсі қандай?
-Қызғалдақтың жапырағы қандай түсті?
-Балалар бұл қызғалдақ гүлі. Қане бірге айтайықшы, орыс тілінде - тюльпан деп айтады.
Тәрбиеші:
-Балалар, шаршадыңдар ма? Ендеше бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
-Гүлдер қайда өседі?
-Дұрыс айтасыңдар балалар, гүлдер орманда, далада, бөлмеде өседі екен.
-Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?
-Балалар сендер гүлдер әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме?
-Музыка әуенімен «Гүл» әлеміне пойызбен саяхатқа кеттік.
Қане кімнің бойы ұзын
Паравозы ол пойыздың
Қатар-қатар тұрайық
Бізде пойызды құрайық.
Музыка ойналады, көбелектер ұшып жүреді.
-Балалар гүлдер әлеміне жеттік, енді пойыздан түсейік.
-Балалар гүл әлемінің қақпасы жабық екен ғой. Осы кезде Гүл ханшайымы келіп қалады.
Гүл ханшайымы:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Мен «Гүл ханшайымымын». Мен гүлден жаралғанмын.
-Балалар сендер менің гүлдерімді көруге келдіңдер ме?
-Сендер менің тапсырмамды орындасаңдар ғана мен гүлдерімді көрсетемін.
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын тауып көріңдерші.
1-тапсырма Жұмбақ
Құлпырса, қадірлейді, аялайды.
Құраса сыпырғышқа жарамайды.
- Бұл не? (гүлдер)
-Жарайсыңдар балалар, сендер менің жұмбағымның жауабын шештіңдер.
2-тапсырма
Гүл ханшайымы:
-Гүлдер туралы тақпақ білесіңдер ме?

Ұмытпай күнде, су құям гүлге.
Тұрады гүлім, құлпыртып түрін.

Жақсылықты қолдаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Гүл егеміз бақтарға
Айналасын қоршаймыз.

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші ырғалып.

Гүлдер нәзік болады
Қаулап өсіп толады.
Қарамасаң аялап
Солып, қурап қалады.

Гүлсіз бұлбұл сайрамас,
Гүлсіз дала жайнамас
Бізге нұрын шашады
Көздің жауын алады.
Гүл ханшайымы:
Менің жұмбағымның да жауабын шештіңдер.
-Гүл туралы тақпақта біледі екенсіңдер.
Енді менің бақшама кіріңдер.
Гүл ханшайымы:
-Балалар, бұл қандай гүл білесіңдер ме?
-Бәйшешек гүлінің түсі қандай?
-Балалар, кім маған бәйшешек туралы тақпақ айтып береді?
Бәйшешектен білеміз
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз
Көрсек бүршік жарғанын.
Жарайсың Ақнұр
-Гүл ханшайымы:
-Балалар, бұл қандай гүл?
-Бақ-бақ гүлінің түсі қандай?
-Бақ-бақ гүлі туралы тақпақ кім біледі?
Үлбіреген бақ-бақ,
Үлпілдеген аппақ.
«Уф», - десем бақ-бақ,
Ұшасың ғой қаптап.
Гүл ханшайымы:
-Балалар, бұл қандай гүл?
-Қоңыраугүлдің түсі қандай?
-Қоңыраугүл туралы тақпақ білесіңдер ме, балалар?
Қоңыраудай болған соң,
Қоңыраугүлі аталған.
Бір түбінен жамырап.
Бірнеше гүл бас алған.
-Гүл ханшайымы:
-Балалар, бұл қандай гүл деп ойлайсыңдар?
-Қызғалдақ гүлінің түсі қандай?
-Қызғалдақ туралы кім тақпақ біледі?
Жомарт мынау табиғат
Өсіргендей бізге арнап
Қып -қызыл боп жалындап
Қырға өседі қызғалдақ.
Жарайсыңдар балалар, ал енді кім осы қызғалдақ туралы ертегі біледі?
Ертегі «Қызғалдақ гүл» деп аталады.
Баяғыда бір патша өмір сүріпті. Оның жар дегенде жалғыз қызы болған екен. Ол ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу болыпты.Қызы өте сұлу болыпты, сиқыршы қызды әдемі болған соң ұнатпапты. Бір күні мейірімсіз, қатыгез сиқыршы келіп, қызды қызғалдақ гүліне айналдырып жібереді. Патша мен оның әйелі қатты қайғырады. Патша әйелі қызғалдақ гүлін қызындай қамқорлығына алып күтеді. Гүлді бақшаға апарып отырызады. Бірақ патша әйеліне қатты ашуланады. «Сен қызыма дұрыс қарамадың. Енді менде қыз жоқ. Мен сені осыдан былай көргім келмейді» - деп, әйе�
�ін сарайдан қуып жібереді.Бір күні патша бақшаға келіп қараса қызғалдақ гүлі солып қалыпты. «Саған не болды, қызғалдақ гүл?» - деп, сұрайды ол. Сол кезде патша: «Мен анамсыз өмір сүре алмаймын. Өтінемін, анамды қайта сарайға алдырыңызшы», деген дауысты естиді. Патша әйелін алып келуге бұйырады. Райхан гүлі анасын көрген кезде бұрынғысынан да әдемі болып кетеді. Күндердің күнінде сарайға бір жас музыкант келеді. Ол құлаққа жағымды музыка ойнай-ды. «Шіркін, сен осы музыкаңды біздің қызғалдақ гүліне ойнап берсең, ол қуанып қалар еді», деп ө
тініш білдіреді патша мен әйелі. Музыкант қызғалдақ гүліне музыка тартады. Музыка ойналған сайын гүл құлпыра береді. Бір кезде музыкант гүлді сүйіп алады.
Міне, қараңыз! Алдында қызғалдақ гүл емес, әдемі қыз тұр. Патша мен әйелі қатты қуанады. Олар қызын жас музыкантқа қосып, екі жас бақытты өмір кешеді.
Жарайсың Ботагөз.
Гүл ханшайымы:
-Жарайсыңдар, балалар сендер гүл туралы тақпақ та, ертегі де біледі екенсіңдер.
Ал енді балалар, ойын ойнайық.
Ойын: «Өз гүліңді тап»
Барысы: Топқа екі топқа бөлінеді, яғни 5 баланың басына қызыл қызғалдақ гүлі кигізіледі. 5 баланың басына сары бақ-бақ кигізіледі. Балалар музыка арқылы билеп жүреді де, музыка тоқтаған кезде сары бақ-бақ өз гүліне, қызыл қызғалдақ өз гүліне тұра қалады.(Музыкамен билеп жүреді)
Аппақ гүлдер әніне билейді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ойын өте қызықты болды.
-Балалар енді біздің балабақшаға кететін уақытымыз болды. Гүл ханшайымы сізге көп рахмет.Біздің балалар гүл туралы көп мағлұмат алды. Сіздің арқаңызда гүлдердің аттарын білді. Сау болыңыз! До свидания! Good bye!
Гүл ханшайымы: Балалар сендерге де рахмет, сендер өте өнерлі екенсіңдер. Әрқашанда тәртіпті, ақылды болыңдар. Сендерге сыйлығым бар, оны балалабақшаға барған соң аласыңдар. Мен сендердің апайларыңа беремін. Сау болыңдар! Жолдарың болсын!

Тәрбиеші:
-Балалар, енді пойызға отырайық.
Қане кімнің бойы ұзын
Паравозы ол пойыздың
Қатар-қатар тұрайық
Бізде пойызды құрайық.

Музыка ойналады пойыз
Балалар, біз балабақшаға жеткен сияқтымыз, қане пойыздан түсейік.
Балалар пойыздан түсіп, орындықтарға отырады.
Музыка тоқтатылады.

-Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
-Біз бүгін саяхатқа қайда бардық?
-Орманға немен бардық?
-Орманда кім бар екен?
-Орманда қандай гүлдер өседі?
Ал енді өздеріңе ұнаған смайликтерді алып, бүгінгі сабақтан не алғандарыңды көңіл-күй арқылы жеткізіңдер.
Жарайсыңдар, балалар, сендер бүгін барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сендерге Гүл ханшайымы берген сыйлықтарды таратып берейін. Ал енді мына бақ-бақ гүлдерін қонақтарға сыйлайық.
Қонақтармен қоштасу
-Сау болыңыз!
-До свидания!
-Good bye! Шаттық шеңбері:
Қонақтармен амандасу
-Сәлеметсіздер ме!
-Здраствуйте!
-Good morning
Сәлем саған Алтын Күн!
Сәлем саған Көк аспан!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем маған!
Сәлем саған!
Good morning, good morning!
Good morning to you.
Good morning, good morning!
We are glad to see you.
-Көктем мезгілі
-Весна (Қайталап айтады)
-spring
-Үш ай бар. Олар: наурыз, сәуір, мамыр.
-Мамыр айы
-Күн жылынады
-Қар ериді
-Жылғалардан су ағады
-Шөп шығады
-Ағаштар бүршік жарады
-Құстар ұшып келеді
-Гүлдер өседі
-Гүл
-Цветок
-flower
-Гүлдер әдемілік үшін керек
-Иіскеу үшін керек
-Аналарға сыйлау үшін керек
-Гүлдер ауаны тазартады
Балалар тыңдайды.

-Түсі ақ
Жапырағы жасыл
-Бәйшешек
-Подснежник

-Бақ-бақтың түсі сары
-Жапырағы жасыл.
-Бақ-бақ
-Одуванчик
-Түсі көк
-Жапырағы жасыл
-Қоңыраугүл
-Колокольчик

-Қызыл
-Жапырағы жасыл түсті
-Қызғалдақ гүлі
-Тюльпан
-Гүлдер далада, бөлмеде, орманда өседі.
-Топырақ, күннің көзі, су қажет.
-Иә

Бірінің артына бірі тұрып, пойыз жасайды, рөлді бір бала ұстайды.

-Балалар пойыздан түседі.

Сәлеметсіз бе, Гүл ханшайымы!

-Иә

-Тапсырмаңызды орындаймыз.

-Гүлдер
-Иә
Наргиз
Айдос
Жанайым
Айым
Инабат
-Иә, білеміз.Бәйшешек гүлі
-Түсі ақ, жапырағы жасыл

Ақнұр
-Бұл бақ-бақ гүлі
-Түсі сары, жапырағы жасыл
Айназ:

-Бұл қоңыраугүл.
-Түсі көк, жапырағы жасыл
-Иә, білеміз.

Малика-Бұл қызғалдақ гүлі
-Қызыл, жапырағы жасыл

Гүлім

-Ботагөз. «Қызғалдақ гүл» туралы ертегі айтады.
Балалар тыңдайды.
Балалар ойын ойнайды.

Рахмет!
Сау болыңыз!

Балалар пойызға отырады.

Балалардың жауаптары
-Иә
-Орманға
-Пойызбен
-Гүл ханшайымы
-Бақ-бақ,бәйшешек,қоңыраугүл
қызғалдақ



© 2010-2022