Планирование урока в 1 младшей группе детского сада Менің елім –Қазақстан!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Менің елім -Қазақстан!

Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы балалардың білімдерін толықтыру.Сурет арқылы әңгіме құрату арқылы сөздік қорларын жетілдіру, Отансүйгіштікке тәрбиелеп, өзінің еліне, жеріне, табиғатына деген ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдықтар: ту мен елтаңбаның, Астана мен Павлодар қаласының суреті.

Сабақтың әрекеті: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Ұйымдастыру:

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

1.Мотивация

Балалар шеңбер жасап тұрып: «Еліміз, жеріміз аман болсын!»-деп бірбіріне тілек айтады.Балаларға әнұранды айтқызу.

Балалар шеңбер жасайды.

2.Ұйымдастырушылық-ізденістік

1.Суретпен жұмыс.

Балалар, бүгін біз сүйікті Отанымыз жайлы әңгімелейміз.Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Әр адамның өз Отаны болдаы.Отан-біздің туған жерімізден, отбасымыздан тұрады.

-Балалар,біз қандай Республикада тұрамыз?

Өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көк түсті.Біз қай қалада тұрамыз?

-Иә, балалар, Павлодар қаласында тұрамыз.Павлодар қаласында көптеген әсем де сұлу зәулім ғимараттар бар.Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

2.Сергіту сәті.

Біз бақытты баламыз Ғ.Қайырбеков

Отан-біздің анамыз,

Әлпештеген, өсірген,

Өмір нәрін аламыз,

Оның жұпар төсінен.

3.Мақал жаттау.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

4.Ойын: «Жылы сөздер».Шарты:балалар шеңбер жасап тұрып, кезекпен бір-біріне жақсы сөздер айтады.

5.Үлестірмелі материалмен жұмыс.Астана туралы әңгімелесу.Суретті аяқтау.

Балалар тыңдайды.

Балалар жауапты қайталап айтады.

-Қазақстан.



-Павлодар.

Астана-бас қала, әдемі үлкен қала.

Балалар әнді билеп орындайды.



«Отаным аман болсын,еліміз бай болсын»деп педагогпен қайталайды.

3.Рефлекциялықзеушілік

Сұрақ-жауап арқылы пысықтау.

Балалар жауап беріге тырысады.

Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының рәміздерін біледі,Отанын, туған жері мен табиғаты туралы мағлұматтарды меңгереді.



© 2010-2022