Урок математики на тему: «Саяхатшы аю. »

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Исимова Гүлгүл Оралқызы

Солтүстік Қазақстан Облысы

Петропавл қаласы

Жұмыс орны: «Ақбота»балабақшасында-тәрбиеші

Тақырыбы: «Аюдың саяхаты»

Мақсаты:Балаларға бес көлеміндегі сандармен таныстырып,геометриялық

Фигуралардың көлемі және түсі туралы түсіндіріп,балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.Мейірімділікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:геометриялық Фигуралар,А4қағаз,кілттер жинағы,сандар,бояулар.

Әдіс-тәсілдері:көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру Амандасу

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау -басым ақылдым,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Ғажайып сәт:

Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы, бізге қонаққа кім келген?(аю топқа кіреді)

Аю:Сәлеметсіңдер ме,балалар.

Балалар:Сәлеметсіз бе.

Мен көңілді,қоңыр түсті аюмын,бірақ бүгін менің көңілім болмай тұр.Бармалей менің қонжықтарымды үйшікке қамап қойыпты.Ал үйшіктің есігіне бес құлып салып қойыпты.

Ал менде сол құлыптың біреуі де жоқ,егер сендер көмектессеңдер біз есікті ашып,менің қонжықтарымды құтқарар едік.

Тәрбиеші:Балалар,көмектесеміз бе аюға?

Балалар:Әрине көмектесеміз.

Тәрбиеші:Ендеше әр сұраққа дұрыс жауап берген сайын бір кілттен алып отырамыз.

Аю:Жақсы,жолға шықпай тұрып,мына жол картасына қарап,қай жаққа баратынымызды біліп аламыз(картаға қарайды).

Тәрбиеші:Балалар,міне балабақша,міне үйшік.Үйшік балабақшаның қай жағында орналасқан?

Балалар:Оң жағында

Тәрбиеші:Ендеше біз оң жаққа қарай жүреміз.

-Ал балабақша мен үйшіктің ортасында не орналасқан?

Балалар:Орман

Тәрбиеші Ал сол жақта не бар?

Балалар:Сол жақта біздің балабақша бар.

Тәрбиеші Өте жақсы,міне сендер дұрыс жауап берген үшін бірінші кілтті алыңдар.

Аю:Біз алыс сапарға жүреміз,жаяу баруға алыс,немен барамыз?

Тәрбиеші:Балалар,автобуспен барайық.Билеттеріңді алып,автобуста өз орындарыңа отырыңдар.

Тәрбиеші :Балалар,автобуста неше орын бар екен,санайықшы.

Балалар:Бір,екі,үш,төрт,бес....

Тәрбиеші :Жарайсыңдар,балалар,дұрыс жауап үшін екінші кілтті беремін.

Аю:Балалар,сапарымызды әрі қарай жалғастырамыз.(әуен ойнайды)

(Орман декорациясы)

Міне,балалар,орманға да келіп жеттік.

Біз,балалар,мынау сіріңке қорапшасын ашып,олардың таяқшаларынан менің қонжықтарыма үй жасап көрейік.

Балалар:қонжықтарға сіріңке таяқшаларынан үй жасайды.

Қандай әдемі үй жасадыңдар,жарайсыңдар.

Үйдің шатыры неге ұқсайды?

Балалар:Үшбұрышқа.

Аю:Ал қабырғасы ше?

Балалар:Төртбұрышқа.

Тәрбиеші:Өте жақсы,міне,сендерге үшінші кілт,алыңдар.Енді осы орманнан шығу үшін бізге жол тауып алу керек.Бізге орманнан шығу үшін, қысқа жол керек пе ,әлде ұзын жол керек пе?(балаларға таяқшалар беріледі)

Балалар:Қысқа жол керек

Тәрбиеші:Балалар,мына таяқшаларды салыстырайықшы,олардың ұзындықтары бірдей ме,әлде әр түрлі ме?

Балалар:Әр түрлі,біреуі ұзын,екіншісі қысқа.

Тәрбиеші :Жақсы,балалар,дұрыс жауаптарын үшін сендерге төртінші кілтті ұсынамын.

-Қазір,балалар бойымызды сергітіп алайық

Сергіту сәтін жасайды

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсаң егер шеңберге,

Алақанды ұрайық,

Аяқты да қояйық.

Аю:Балалар,менің кететін уақытым болып қалды,әрі қарай мен жалғыз барамын,ал сендер балабақшаға қайтуларың керек.

Тәрбиеші:Балалар,аюға біз ұшатын кілем істеп берейікші.Біздің алдымызда кілем(А4қағаз).Осы кілемді аюға ұнайтындай етіп әшекейлейміз.Балалар бармақтарымен түрлі түсті бояумен гоеметриялық Фигуралар салады.(үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек)

-Балалар,сендер ненің суретін салдыңдар?

Балалар:Үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелектің суреттерін салдық.

Бір сөзбен айтқанда қалай болады?

Балалар:Геометриялық Фигуралар.

Тәрбиеші:Жаксы, дұрыс жауапқа бесінші кілтті береміз.

Балалар,біздің біліміміздің арқасында тапқан кілттер мен кілемді аюға сыйға тартайық.

Аю:Рахмет,балалар.Сендер маған көп көмектестіңдер,енді осы кілттермен үйшіктің есігін ашып,қонжықтарымды алып шығамын.Сау болыңдар.

Балалар:Сау болыңыз.

Тәрбиеші:Ал,біз балалар,автобусқа мініп,топқа қайтайық.


© 2010-2022